Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 23.12.2020 № 66-2 шешімімен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы "Бюджет кодексінің" 106, 109 - баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1."2020-2022 жылдарға арналған Тарбағатай ауданының бюджеті туралы" Тарбағатай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 50-2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6476 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 15 қаңтарда жарияланған) мынандай өзгеріс енгізілсін:
5 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы азаматтық қызметшілерге қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленсін.
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды."
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Жакаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | С. Жакаев |