ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұлан ауданы мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 67 ""Ұлан аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәліктерін беру қағидасы мен оның сипаттамасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4865 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2020 жылғы 5 маусымнан қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Ұлан аудандық мәслихат хатшысы | О. Сыдыков |