ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабының 2 - тармағына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2020 жылғы 17 маусымдағы қорытындысы негізінде, Алмасай ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Алмасай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұлан ауданының Алмасай ауылының келесі көшелері:
"Наурыз" көшесі "Хамза Байтиков" көшесі;
"Жаңа – Алмасай" көшесі "Сәбира Оспанова" көшесі;
атауы жоқ көшесі "Қабдығали Қабдыраш" көшесі болып қайта аталсын.
2. "Алмасай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Ұлан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін Ұлан ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алмасай ауылдық округінің әкімі | Т. Оспанов |