Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 22.12.2020 № 57-742/VI шешімімен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқытық актілер туралы" Заңының 46 бабы 2 тармағы 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Үржар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 47-525/VI "2020-2022 жылдарға арналған Үржар ауданының бюджеті туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6485 нөмірімен тіркелген, 2020 жылдың 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінде 2020 жылдың 16 қаңтарында жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
4 тармақ алып тасталсын;
2. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Жакиянова |
Үржар аудандық мәслихатының хатшысы | К. Карашев |