Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 29.12.2020 № 57-776/VI шешімімен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 49 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 48-562/VI "2020-2022 жылдарға арналған Үржар ауданы Коңыршәулі ауылдық округінің бюджеті туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6576 нөмірімен тіркелген, 2020 жылдың 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасы нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінде 2020 жылдың 3 ақпанында жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген 1 қосымшада 08 функционалдық топтың 006 бағдарламасының атауы келесі мазмұнда толықтырылсын:
"Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау".
2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
сессия төрағасы | К. Сатмухамбетов |
Үржар аудандық мәслихатының хатшысы | К. Карашев |