ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, 2020 жылғы 17 маусымдағы Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Үржар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Үржар ауданы Үржар ауылдық округі Үржар ауылындағы көшелерінің атауы:
1) Маяковский көшесі Заманбек Оспанов көшесіне;
2) Гайдар көшесі Божан Ақылжанов көшесіне;
3) Недоступов көшесі Әзен Әлпішев көшесіне;
4) Карл Маркс көшесі Далел Қаратаев көшесіне;
5) Овод көшесі Рахат Мұқышев көшесіне;
6) Щепин көшесі Зайдолла Габитов көшесіне;
7) АК-2558 көшесі Константин Бабичев көшесіне;
8) Степная көшесі Григорий Чурсинов көшесіне қайта аталсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Үржар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | С. Шарыкбаев |