Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 08.08.2022 № 150 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №98 "Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3914 тіркелген, "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 мамырда жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларында:
реттік нөмірі 6–жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6 | Емханалар | 1 келіп кету |
";
реттік нөмірі 7- жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу–сауықтыру мекемелері | 1 төсек - орын |
";
реттік нөмірі 9–жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын |
";
реттік нөмірі 10- жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын |
";
реттік нөмірі 14 және 15 жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 |
";
2-тармақтың 3) тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Р.С.Шауенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А.А. Алпысбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аббревиатураның толық жазылуы:
м2 - шаршы метр.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Г. Искалиев |