Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 мамырдағы №115 және Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2019 жылғы 7 маусымдағы №34-2 "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы" бірлескен қаулысы және шешімі негізінде, тиісті аумақтар тұрғындарының пікірін ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кейбір елді мекендерінің әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
таратылсын:
Алғабас ауылдық округінің Бесоба елді мекені;
Базаршолан ауылдық округінің Жаманқұдық елді мекені;
Қарауылтөбе ауылдық округінің Қырыққұдық елді мекені;
бағыныстылығы өзгертілсін:
таратылған Алғабас ауылдық округінің Бесоба елді мекенінің бағыныстылығы Алғабас ауылдық округінің әкімшілік бағыныстылығына берілсін;
таратылған Базаршолан ауылдық округінің Жаманқұдық елді мекенінің бағыныстылығы Базаршолан ауылдық округінің әкімшілік бағыныстылығына берілсін;
таратылған Қарауылтөбе ауылдық округінің Қырыққұдық елді мекенінінің бағыныстылығы Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімшілік бағыныстылығына берілсін.
2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы бірлескен қаулы және шешімнің Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Г. Искалиев |
Сессия төрағасы | С. Потиченко |
Мәслихат хатшысы | М. Құлшар |