Учаскелiк комиссиялар туралы ережені бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 134 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 маусымда № 6281 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 331 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2023 № 331 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын және 2001 жылғы 17 шілдедегі "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған учаскелiк комиссиялар туралы ереже бекітілсін.

      2. "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А.Е.Құлқаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Т. Қонысбаеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары М. Манкеев

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2020 жылғы
5 маусымдағы № 134
қаулысымен бекітілген

Учаскелiк комиссиялар туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Учаскелiк комиссиялар туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңының 5-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө "Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5562 тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді және учаскелік комиссиялардың мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.

      2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      уәкілетті орган – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;

      учаскелік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия.

      Сонымен қатар, Қағидаға сәйкес уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асырады, ал Комиссия әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізеді.

      3. Комиссиялар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссиялар өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарымен ұйымдастырады.

      4. Комиссиялар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, осы Ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын басшылыққа алады.

2. Комиссиялардың міндеттері мен функциялары

      5. Халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) немесе жергілікті өкілетті органдар бекітетін Қағидаларға сәйкес әлеуметтік көмек көрсету, олардың атаулылығын арттыру жөніндегі қызметте уәкілетті органға, ал ауылдық жерлерде – кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне жәрдемдесу Комиссиялардың негізгі міндеті болып табылады.

      6. Комиссияның негізгі функцияларына:

      1) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға немесе Қағидаларға сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмекті алуға өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу (бұдан әрі – тексеру);

      2) қажетіне қарай атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайына зерттеу жүргізу үшін қажетті жетіспейтін мәліметтерді алу үшін тиісті органдарға сұрату жіберу;

      3) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға немесе Қағидаларға сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамның (бұдан әрі – өтініш беруші) материалдық жағдайын тексеру актісін жасау;

      4) ұсынылған құжаттардың және (немесе) тексеру нәтижелерінің негізінде өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарына сәйкес өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын ескере отырып Қағидаларға сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмек немесе атаулы әлеуметтік көмек берудің қажеттілігі немесе қажеттіліктің жоқтығы туралы қорытындыны дайындау жатады.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      7. Уәкілетті орган, ал ауылды жерлерде – кент, ауыл, ауылдық округтың әкімі Комиссияның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар (отырыс өткізуге арналған жеке бөлме беру, нормативтік құқықтық актілермен, техникалық құралдармен қамтамасыз ету) жасайды.

      8. Комиссияның құрамына жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативтерінің, тұрғындардың, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдары мен уәкілетті органдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері кіруі мүмкін.

      Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы бес адамнан кем болмауы тиіс.

      9. Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы ережеде жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

      10. Комиссия отырысының өткізілетін күні туралы өтініш берушіні хабардар етуді, отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстар даярлауды, Комиссия отырысына қажетті құжаттар, материалдар мен оны өткізгеннен кейін хаттаманы рәсімдеуді комиссияның хатшысы жүзеге асырады.

      11. Өтініш беруші Комиссияның отырысына қатыса алады.

      12. Комиссия:

      жұмыспен қамту орталығынан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер өтініш берушінің материалдық жағдайын тексерудің нәтижелері негізінде қорытынды дайындап, оны жұмыспен қамту орталығына немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне береді;

      құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, Қағидаларға сәйкес адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы немесе мұқтаждығының жоқтығы туралы қорытынды әзірлейді және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне жібереді.

      13. Комиссияның шешімдері оның құрамы жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады.

      14. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.

      15. Комиссияның қабылдаған шешімі қорытынды түрінде ресімделеді, өтініш беруші онымен танысып, қол қояды.

      16. Өтініш беруші Комиссияның қорытындысына уәкілетті органға, сондай-ақ сот тәртібімен шағымдануына болады.

Об утверждении положения об участковых комиссиях

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 5 июня 2020 года № 134. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 12 июня 2020 года № 6281. Утратило силу постановлением акимата Западно-Казахстанской области от 22 декабря 2023 года № 331

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Западно-Казахстанской области от 22.12.2023 № 331 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Руководствуясь Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Законом Республики Казахстан от 17 июля 2001 года "О государственной адресной социальной помощи" акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое положение об участковых комиссиях.

      2. Государственному учреждению "Управление координации занятости и социальных программ Западно-Казахстанской области" (Кулкаев А.Е.) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Западно-Казахстанской области Конысбаеву Б.Т.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      первый заместитель акима Западно-Казахстанской области М. Манкеев

  Утвержден
постановлением акимата
Западно-Казахстанской области
от 5 июня 2020 года № 134

Положение об участковых комиссиях

1. Общие положения

      1. Настоящее положение об участковых комиссиях (далее – Положение) разработано в соответствии с пунктом 3 статьи 5 Закона Республики Казахстан от 17 июля 2001 года "О государственной адресной социальной помощи" (далее – Закон), постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 28 января 2009 года № 29-п "Об утверждении Типового положения об участковых комиссиях, а также критериев определения нуждаемости в государственной адресной социальной помощи по результатам обследования материального положения заявителя" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5562) и определяет статус и полномочия участковых комиссий.

      2. Основные понятия, используемые в настоящем Положении:

      уполномоченный орган - местный исполнительный орган района, города областного значения, района в городе, города районного значения, осуществляющий назначение адресной социальной помощи;

      участковая комиссия (далее – Комиссия) - специальная комиссия, создаваемая решением акимов соответствующих административно-территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за адресной социальной помощью.

      Также, в соответствии с Правилами уполномоченный орган осуществляет оказание социальной помощи, а Комиссии проводят обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью.

      3. Комиссии являются постоянно действующим коллегиальным органом на территории соответствующих административно-территориальных единиц. Комиссии организовывают свою работу на принципах открытости, гласности, коллегиальности и беспристрастности.

      4. Комиссии в своей деятельности руководствуются Конституцией, Законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативными правовыми актами Республики Казахстан, настоящим Положением, а также критериями определения нуждаемости в государственной адресной социальной помощи по результатам обследования материального положения заявителя.

2. Задачи и функции Комиссии

      5. Основной задачей Комиссии является содействие уполномоченному органу, а в сельской местности - акиму поселка, села, сельского округа в деятельности по оказанию государственной адресной социальной помощи населению (далее - адресная социальная помощь) или социальной помощи, предоставляемой в соответствии с Правилами оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан (далее – Правила), утверждаемыми местными представительными органами, повышению их адресности.

      6. К основным функциям Комиссии относятся:

      1) проведение обследования материального положения лица (семьи), обратившегося за назначением адресной социальной помощи или оказанием социальной помощи, предоставляемой в соответствии с Правилами (далее – обследование);

      2) при необходимости направление запроса в соответствующие органы для получения недостающих сведений, необходимых для проведения обследования материального положения лица (семьи), обратившегося за назначением адресной социальной помощи;

      3) составление акта обследования материального положения лица (далее - заявитель), обратившегося за назначением адресной социальной помощи или оказанием социальной помощи, предоставляемой в соответствии с Правилами;

      4) на основании представленных документов и (или) результатов обследования подготовка заключения о необходимости предоставления или об отсутствии необходимости предоставления адресной социальной помощи или социальной помощи, предоставляемой в соответствии с Правилами, с учетом критериев определения нуждаемости в государственной адресной социальной помощи по результатам обследования материального положения заявителя согласно критериям определения нуждаемости в государственной адресной социальной помощи по результатам обследования материального положения заявителя.

3. Организация деятельности комиссии

      7. Уполномоченный орган, а в сельской местности - аким поселка, села, сельского округа создает необходимые условия для нормальной деятельности Комиссии (предоставляет отдельную комнату на время заседания, обеспечивает нормативными правовыми актами, техническими средствами).

      8. В состав Комиссии могут входить представители органов местного государственного управления, общественных объединений, кооперативов собственников помещений (квартир), населения, организаций и уполномоченных органов образования, здравоохранения, социальной защиты, работников правоохранительных органов.

      Комиссия состоит из председателя, секретаря и членов комиссии. Общий состав Комиссии не менее пяти человек.

      9. Председатель организует работу Комиссии и обеспечивает своевременное и качественное выполнение задач и функций, возложенных на Комиссию настоящим Положением.

      10. Оповещение заявителя о дате проведения заседания, подготовку предложений по повестке дня заседания Комиссии, необходимых документов, материалов и оформление протокола заседания Комиссии после его проведения осуществляет секретарь комиссии.

      11. Заявитель может присутствовать на заседании Комиссии.

      12. Комиссия:

      в течение семи рабочих дней со дня получения документов от Центра занятости населения или акима поселка, села, сельского округа готовит заключение на основании представленных документов и (или) результатов обследования материального положения заявителя, обратившегося за назначением адресной социальной помощи и передает его в Центр занятости населения или акиму поселка, села, сельского округа;

      в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), обратившегося за оказанием социальной помощи, подготавливает заключение о нуждаемости или об отсутствии нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи в соответствии с Правилами, и направляет их в уполномоченный орган или акиму поселка, села, сельского округа.

      13. Решения Комиссии правомочны при наличии двух третей от общего числа ее состава.

      14. Решения Комиссии принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего количества членов комиссии. В случае равенства голосов голос председателя Комиссии считается решающим.

      15. Принятое решение Комиссии оформляется в форме заключения, с которым заявитель ознакамливается под роспись.

      16. Заключение Комиссии может быть обжаловано заявителем в уполномоченном органе, а также в судебном порядке.