Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысы әкімімен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшіге, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне қызметтік куәлік беру қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.
2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №370 "Батыс Қазақстан облысының облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4657 тіркелген, 2017 жылы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Б.Ә.Батаевқа жүктелсін.
4. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (Г.Ж.Рахметова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Г. Искалиев |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 181 қаулысымен бекітілген |
Батыс Қазақстан облысы әкімімен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшіге, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне қызметтік куәлік беру қағидалары және оның сипаттамасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Батыс Қазақстан облысы әкімімен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшіге, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне қызметтік куәлік беру қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі – Қағидалар) Батыс Қазақстан облысы әкімімен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшіге, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне (бұдан әрі – Қызметші) қызметтік куәлігін беру тәртібін белгілейді.
2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – Қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.
3. Қызметтік куәлік осы қаулымен бекітілген сипаттамаға сәйкес келеді.
4. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.
2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі
5. Қызметтік куәлік қолданыстағы заңнамаға сәйкес, осы лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды тұлғаның (басшының) қолы қойылып беріледі.
6. Қызметтік куәлік мемлекеттік қызметшілерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан, бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған, сондай-ақ бүлінген жағдайда 2 жыл мерзімге беріледі.
Мемлекеттік қызметшілер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Батыс Қазақстан облысы әкімімен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшіге, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне қызметтік куәлік беруді есепке алу журналына (бұдан әрі – есепке алу журналы) қол қояды.
7. Қызметтік куәліктер және есепке алу журналы "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметінің сейфінде сақталады.
8. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде оны пайдалану және сақтау тәртібі жөнінде түсіндіру жүргізіледі.
Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлікті персоналды басқару қызметтерінің қызметтік куәлікті беруге жауапты қызметкерлері қайтарып алады.
9. Қызметтік куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшыcы жүзеге асырады.
10. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жазбаша (еркін) нысанда дереу хабарлайды, бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.
11. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша персоналды басқару қызметі қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің тәртіптік комиссиясы кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды.
12. Жоғалған қызметтік куәліктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады, бұл туралы персоналды басқару қызметі хабардар етіледі. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлік қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін, персоналды басқару қызметімен беріледі.
13. Мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылған кезде қызметтік куәлікті персоналды басқару қызметіне тапсырады.
Куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беруге жауапты адамның қолы қойылады.
14. Мемлекеттік қызметшілер жұмыстан босатылған не бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы жою туралы тиісті акті жасала отырып, бір жылда бір рет жоюға жатады.
3. Батыс Қазақстан облысы әкімімен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшінің, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы
15. Қызметтік куәліктің мұқабасы қара көк түсті жасанды былғарыдан немесе бумвинилден, көлемі 19 сантиметр х 6,5 сантиметр (ашып көрсетілген түрінде) болады.
16. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналасқан, одан төмен мемлекеттік тілде типографиялық қаріппен
17. Куәліктің ішкі жағында ақ түс аясында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ", "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ" деген жазулар, одан төмен, мәтіннен қызыл түсті үзік жолақпен бөлектелген "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазулар орналастырылған.
18. Сол жағында: көлемі 2,5 сантиметр х 3,5 сантиметр фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), осы лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды тұлғаның (басшының) қолымен және елтаңбалы мөрмен расталған қазақ тіліндегі мәтін - тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы.
19. Оң жағында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында көгілдір жасыл түсті "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу және орыс тіліндегі мәтін - тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы. Төменгі жағында куәліктің жарамдылық мерзімі көрсетіледі.
Батыс Қазақстан облысы әкімімен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшіге, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне қызметтік куәлік беру қағидаларына қосымша |
|
нысан |
Батыс Қазақстан облысы әкімімен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшіге, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне қызметтік куәлік беруді есепке алу журналы
№ | Қызметтік куәліктің нөмірі | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Атқаратын лауазымы | Берілген күні | Алғаны жөніндегі жеке қолы | Қызметтік куәлікті ауыстырғаны және тапсырғаны (тағайындалуы, лауазымының өзгеруі, мерзімінің өтуі, жұмыстан босатылуы, жоғалуы) туралы белгі | Қызметтік куәлікті жою (актінің нөмірі мен күні) | Ескертпе |
Ескертпе: Есепке алу журналы тігіледі, нөмірленеді және персоналды басқару қызметінің қолымен және мөрімен расталады.