Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Орал қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Орал қаласы әкімінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № 12 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5556 тіркелген, 2019 жылы 11 наурызында Қазақстан Республикасының эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы (И.Джазыкбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары М.Мүлкәйға жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Орал қаласының әкімі | А. Шыныбеков |