ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы "Педагог мәртебесі туралы" Заңын басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Орал қаласының білім беру ұйымдарының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру қағидалары, олардың сипаттамасы мен біржолғы сыйақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. "Орал қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.Темирханова) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. "Орал қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.Темирханова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімі орынбасары Б.Нарымбетовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Орал қаласының әкімі | А. Шыныбеков |
Орал қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 1765 қаулысына қосымша |
Орал қаласының білім беру ұйымдарының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру қағидалары, олардың сипаттамасы мен біржолғы сыйақы төлеу мөлшері
1–тарау. Жалпы ережелер
1. Орал қаласының білім беру ұйымдарының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру қағидалары, олардың сипаттамасы мен біржолғы сыйақы төлеу мөлшері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағының 22-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы "Педагог мәртебесі туралы" Заңының 9-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атақ Орал қаласының білім беру ұйымдарының педагогтеріне (бұдан әрі – педагог) меншік нысанына және ведомствоға бағыныстылығына қарамастан, кемінде 15 (он бес) жыл педагогикалық өтілі, педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері бар, адал еңбегі және өзінің кәсіби міндеттерін үлгілі орындағаны үшін беріледі.
3. Педагогтердің кәсіби қызметтегі жетістіктері мынадай көрсеткіштер бойынша бағаланады:
1) авторлық (серіктес) жұмыстың болуы, облыстық немесе республикалық сараптамалық кеңестерде мақұлдау алған оқу-әдістемелік кешендерді, оқулықтар мен әдістемелік-дидактикалық материалдарды әзірлеу;
2) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес, жалпы білім беретін пәндер бойынша күндізгі облыстық, республикалық немесе халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар байқауларының, кәсіби шеберлік байқауларының, "WorldSkills" кәсіби шеберлік біріншілігінің және спорттық жарыстардың жеңімпаздарын, жүлдегерлерін әзірлеу;
3) күндізгі кәсіптік байқаулардың, облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі педагогикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері немесе халықаралық деңгейдегі кәсіби іс-шаралардың қатысушылары;
4) педагогикалық тәжірибесін облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі педагогикалық тәжірибесінің болуы.
4. Орал қаласының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін педагогқа осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген сипаттамаға сәйкес жергілікті ерекшелік белгісі – "Орал қаласының Құрметті педагогі" төсбелгісі (бұдан әрі – төсбелгісі) беріледі. Төсбелгісімен бірге осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес Орал қаласының әкімі немесе Орал қаласының әкімінің міндетін атқарушы тұлға қол қойған тиісті куәлік беріледі.
2–тарау. Төсбелгі мен құрметті атақты беру тәртібі
5. Төсбелгі мен құрметті атақты беру туралы ұсынысты "Орал қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Бөлім) ведомствоға бағынышты білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) басшыларымен "Мұғалімдер күні" кәсіби мерекені тойлағанға дейін, 2 айдан кешіктірмей жібереді. Педагогтерге төсбелгі мен құрметті атақ беру туралы ұсыныстар осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша ресімделеді. Білім беру бөлімі педагогтерге төсбелгі және құрметті атақты беру туралы келіп түскен ұсыныстарды комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына енгізеді.
6. Ұсынымға педагогтің соңғы 3 (үш) жылдағы жеке кәсіби жетістіктері мен білім алушылардың (тәрбиеленушілердің, студенттердің) жетістіктерін растайтын құжаттар мен материалдар кіреді (портфолио түрінде).
7. Орал қаласы әкімінің өкімімен төсбелгі мен құрметті атақ беру туралы ұсыныстарды қарастыру үшін Комиссия құрылады.
8. Комиссия құрамына жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті және атқарушы органдардың өкілдері, облыстық қоғамдық кеңестің, сондай-ақ педагогика, психология және әдістеме саласының ғылым қайраткерлері, "Үздік педагог" республикалық конкурстарының жеңімпаздары, ардагер ұстаздар, жаңашыл педагогтер, әдіскерлер және қоғамдық ұйымдарының өкілдері кіреді.
9. Төсбелгі мен құрметті атақты беру туралы шешімді Комиссия ашық дауыс беру қорытындысы бойынша қабылдайды және хаттама толтырады, жылына бір рет "Мұғалімдер күні" кәсіби мерекеге орай жүзеге асырылады.
Педагогқа төсбелгі мен құрметті атақ беру туралы шешім ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Педагогтерге төсбелгі мен құрметті атақ, сондай-ақ куәліктерді табыстау салтанатты түрде Орал қаласы әкімімен немесе оның орынбасарларымен жүргізіледі.
10. Төсбелгі және құрметті атақ 1 (бір) үміткерге беріледі.
3–тарау. Біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшері
11. Төсбелгісіне және құрметті атағына ие болған педагог республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын кемінде айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінде біржолғы сыйақы алады.
4–тарау. Қорытынды ережелер
12. Төсбелгісін қайтадан беруге жол берілмейді.
13. Жоғалған, бүлінген жағдайда, төсбелгісінің телнұсқалары және оның құжаттары адамның өтініші және жеке куәлігінің көшірмелері бойынша берілуі мүмкін.
14. Төсбелгісін беруге 5 (бес) жыл ішінде материалдық көтермелеу алған "Үздік педагог" республикалық конкурсының жеңімпаз–педагогтерінің кандидатуралары қарауға жіберілмейді.
Орал қаласының білім беру ұйымдарының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру қағидалары, олардың сипаттамасы мен біржолғы сыйақы төлеу мөлшеріне 1-қосымша |
"Орал қаласының құрметті педагогі" төсбелгісінің сипаттамасы
"Орал қаласының Құрметті педагогі" төсбелгісі алқа мен планкадан тұрады.
Алқа сары түсті металынан жасалған. Төсбелгі диаметрі 32 миллиметр және қалыңдығы 2 миллиметр шеңберді құрайды.
Төсбелгінің сырт жағында Орал қаласының елтаңбасы және төсбелгінің реттік нөмірі бейнеленген.
Төсбелгінің бет жағында ортада "Орал қаласының Құрметті педагогі" деген жазу орналасқан, төменгі бөлігінде ұлттық нақышта ою-өрнек бар.
Төсбелгінің барлық бейнелері мен жазулары шығыңқы болып тұрады.
Алқа қазақтың ою-өрнегі салынған үшбұрыш пішінді планкаға сақинамен бекітілген. Планка сары түсті металлдан жасалған. Төсбелгінің сырт жағы бет жағына сәйкес, бірақ шығыңқы жері жоқ.
Планканың сырт жағында төсбелгіні киімге бекітетін визорлы бекіткіші бар түйреуіш орнатылған.
Орал қаласының білім беру ұйымдарының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру қағидалары, олардың сипаттамасы мен біржолғы сыйақы төлеу мөлшеріне 2-қосымша |
"Орал қаласының құрметті педагогі" төсбелгісіне қоса берілетін куәлік
Орал қаласының білім беру ұйымдарының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру қағидалары, олардың сипаттамасы мен біржолғы сыйақы төлеу мөлшеріне 3-қосымша |
Нысан
Төсбелгі және құрметті атақ беруге ұсыныс
1. | Тегі, аты-жөні (болған жағдайда) | |
2. | Туған күні, айы, жылы | |
3. | Ұлты | |
4. | Мекенжайы | |
5. | Жұмыс орны | |
6. | Лауазым | |
7. | Педагогикалық өтілі | |
8. | Осы мекемедегі жұмыс өтілі | |
9. | Білімі (бітірген оқу орны, факультеті, бітірген жылы) | |
10. | Біліктілік санаты | |
11. | Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы | |
12. | Жеке куәлігінің деректері (нөмірі, қашан және кім берді, жеке сәйкестендіру нөмірі) | |
13. | Байланыс телефоны (үй, ұялы) | |
14. | Марапаттар, көтермелеу | |
15. | Марапаттауға ұсынылатын үміткердің жеке кәсіби жетістіктері және білім алушыларының (тәрбиеленушілерінің, студенттерінің) жетістіктері соңғы 3 жылдағы құжаттар мен материалдар | |
16. | Өзге де мәліметтер | |
17. | Кандидатура жұмыс орны бойынша ұсынылды (№ _ хаттама "__" _________20__ жыл) | |
18. | Марапатқа ұсынылады |
Қосымша: құжаттар _____ парақ.
Білім беру ұйымының басшысы________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (болған жағдайда)
Білім беру ұйымы басшысының қолы _______________
Күні "____" ____________ 20___ жыл
М.О.