Ақжайық ауданы бойынша 2020 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 72 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 сәуірде № 6134 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 16 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 20.01.2021 № 16 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық - атқару Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 тіркелген) сәйкес, Ақжайық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақжайық ауданы бойынша 2020 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін келесі мөлшерлерде:

      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      2. Ақжайық ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 71 "Ақжайық ауданы бойынша 2019 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5621 тіркелген, 2019 жылы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Ақжайық ауданы әкімі аппаратының басшысына (Р.Рахметуллин) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Умитовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақжайық ауданының әкімі К. Айтмухамбетов

  Ақжайық ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 7 сәуірдегі № 72
қаулысына 1-қосымша

Ақжайық ауданы бойынша 2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Жұмыс орындарының саны

Квотаның мөлшері

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1.

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Бітік мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

104

1 %

1

2.

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Мерген орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

84

1 %

1

  Ақжайық ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 7 сәуірдегі № 72
қаулысына 2-қосымша

Ақжайық ауданы бойынша 2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Жұмыс орындарының саны

Квотаның мөлшері

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1.

Ақжайық ауданы әкімдігінің "Жайықтехсервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығына негізделген)

89

2 %

2

2.

"Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжайық аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

325

2 %

6

3.

"Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жігер спорт клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны"

20

2 %

1

  Ақжайық ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 7 сәуірдегі № 72
қаулысына 3-қосымша

Ақжайық ауданы бойынша 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Жұмыс орындарының саны

Квотаның мөлшері

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1.

"Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі

166

2 %

3

2.

Батыс Қазақстан облысы "Ақжайық ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекеме

36

2 %

1

3.

"Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

23

2 %

1


Об установлении квоты рабочих мест по Акжаикскому району на 2020 год

Постановление акимата Акжаикского района Западно-Казахстанской области от 7 апреля 2020 года № 72. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 8 апреля 2020 года № 6134. Утратило силу постановлением акимата Акжаикского района Западно-Казахстанской области от 20 января 2021 года № 16

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Акжаикского района Западно-Казахстанской области от 20.01.2021 № 16 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Уголовно-исполнительным кодексом Республики Казахстан от 5 июля 2014 года, Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" и приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №13898), акимат Акжаикского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для организаций, независимо от организационно - правовой формы и формы собственности от списочной численности работников организаций по Акжаикскому району на 2020 год в следующих размерах:

      для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования в размере одного процента, согласно приложению 1 к настоящему постановлению;

      для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы в размере двух процентов, согласно приложению 2 к настоящему постановлению;

      для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации в размере двух процентов, согласно приложению 3 к настоящему постановлению.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата Акжаикского района от 10 апреля 2019 года №71 "Об установлении квоты рабочих мест по Акжаикскому району на 2019 год" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №5621, опубликованное 18 апреля 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Руководителю аппарата акима Акжаикского района (Р.Рахметуллин) обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Е.Умитова.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким Акжаикского района К. Айтмухамбетов

  Приложение 1
к постановлению акимата
Акжаикского района
от 7 апреля 2020 года № 72

Квота рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования по Акжаикскому району на 2020 год

Наименование организаций

Количество рабочих мест

Размер квоты

Количество рабочих мест согласно установленной квоты

1

Коммунальное государственное учреждение "Комплекс "Битикская школа-ясли-сад" отдела образования Акжаикского района Западно-Казахстанской области

104

1 %

1

2

Коммунальное государственное учреждение "Мергеневская средняя общеобразовательная школа" Акжаикского районного отдела образования Западно-Казахстанской области

84

1 %

1

  Приложение 2
к постановлению акимата
Акжаикского района
от 7 апреля 2020 года № 72

Квота рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Акжаикскому району на 2020 год

Наименование организаций

Количество рабочих мест

Размер квоты

Количество рабочих мест согласно установленной квоты

1.

Государственное коммунальное предприятие "Жаиктехсервис" Акимата Акжаикского района (на праве хозяйственного ведения)

89

2 %

2

2.

Государственное коммунальное казенное предприятие "Акжаикский районный центр досуга" государственного учреждения "Отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Акжаикского района"

325

2 %

6

3.

Государственное коммунальное казенное предприятие "Спортивный клуб Жігер" государственного учреждения "Отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта Акжаикского района"

20

2 %

1

  Приложение 3
к постановлению акимата
Акжаикского района
от 7 апреля 2020 года № 72

Квота рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Акжаикскому району на 2020 год

Наименование организаций

Количество рабочих мест

Размер квоты

Количество рабочих мест согласно установленной квоты

1

Государственное учреждение "Централизованная библиотечная система п.Чапаево"

166

2 %

3

2

Государственное учреждение "Аппарат Акима Акжаикского района" Западно-Казахстанской области

36

2 %

1

3

Государственное учреждение "Аппарат акима Чапаевского сельского округа Акжаикского района Западно-Казахстанской области"

23

2 %

1