Бөрлі ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 ақпандағы № 47-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 ақпанда № 6042 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 57-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 22.12.2020 № 57-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес Бөрлі ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Б.Мукашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы А. Имашева
      Мәслихат хатшысы А. Куликешев

  Бөрлі аудандық мәслихаттың
2020 жылғы 13 ақпандағы
№ 47-4 шешіміне 1 - қосымша

Бөрлі ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидалары

      Бөрлі ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы осы қағидалары (одан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 30 желтоқсандағы №2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;

      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

      3) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      4) уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы;

      5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын, жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар түріндегі үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге жинақталатын ақша;

      6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;

      7) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.

      2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Бөрлі ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға арналған шығыстарға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органмен белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысынан бес пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      3. Тұрғын үй көмегі Бөрлі ауданында тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткiзушiлер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      4. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      5. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

2 - тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      6. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

      2) отбасының табысын растайтын құжаттар;

      3) жылжымайтын мүлiктiң болуы (болмауы) туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      4) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      5) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

      6) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

      7) банктік шоты;

      8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналар туралы шоттар;

      9) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      10) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек - шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      11) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Қағидаларының 11 - тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарын ғана ұсынады.

      7. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде отбасыға (азаматқа) тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      8. Осы Қағидаларының 6 - тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      9. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда отбасының (азаматтың) "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      10. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      11. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      12. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      13. Тұрғын үй көмегi тағайындау оны алуға өтiнiш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады. Өтiнiш берген ай деп құжаттарын қосып өтiнiш берген ай есептеледi.

      14. Отбасының (азаматтың) табыстары, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтердің тұтыну төлемдерінің тарифтері өзгерген жағдайда уәкілетті орган бұрын тағайындалған көмекті қайта есептейді.

      15. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегін алуға әсер ететін мән-жайлар туралы он күн мерзiм ішінде уәкілетті органға хабардар етуге қажет, ал өтініш берушінің тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер бергені анықталған жағдайда өтініш берушіге тағайындалған тұрғын үй көмегінің төлеуі тоқтатылады.

      Артық төленген сомалар өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

3- тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу

      16. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.

  Бөрлі аудандық мәслихаттың
2020 жылғы 13 ақпандағы
№ 47-4 шешіміне 2 - қосымша

      1. Бөрлі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы №18-5 "Бөрлі ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3475 тіркелген, 2014 жылғы 10 сәуірде "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінде жарияланған).

      2. Бөрлі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 наурыздағы №13-3 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы №18-5 "Бөрлі ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4760 тіркелген, 2017 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. Бөрлі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 тамыздағы №29-2 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы №18-5 "Бөрлі ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5333 тіркелген, 2018 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. Бөрлі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 қарашадағы №44-5 "Бөрлі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы №18-5 "Бөрлі ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5876 тіркелген, 2019 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Бурлинском районе

Решение Бурлинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 13 февраля 2020 года № 47-4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 19 февраля 2020 года № 6042. Утратило силу решением Бурлинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 22 декабря 2020 года № 57-3

      Сноска. Утратило силу решением Бурлинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 22.12.2020 № 57-3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" Бурлинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Бурлинском районе согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Бурлинского районного маслихата согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Руководителю аппарата районного маслихата (Б.Мукашева) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии А. Имашева
      Секретарь маслихата А. Куликешев

  Приложение 1
к решению Бурлинского
районного маслихата
от 13 февраля 2020 года №47-4

Правила определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Бурлинском районе

      Настоящие Правила определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Бурлинском районе (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" и определяют размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам).

Глава 1.Общие положения

      1. В Правилах используются следующие основные понятия:

      1) доля предельно-допустимых расходов – отношение предельно-допустимого уровня расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание общего имущества объекта кондоминиума, потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу семьи (гражданина) в процентах;

      2) совокупный доход семьи (гражданина) – общая сумма доходов семьи (гражданина) за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи;

      3) орган управления объектом кондоминиума – физическое или юридическое лицо, осуществляющее функции по управлению объектом кондоминиума;

      4) уполномоченный орган - исполнительный орган города республиканского значения, столицы, района (города областного значения), финансируемый за счет средств местного бюджета, осуществляющий назначение жилищной помощи;

      5) расходы на содержание общего имущества объекта кондоминиума – обязательная сумма расходов собственников помещений (квартир) посредством ежемесячных взносов, установленных решением общего собрания, на эксплуатацию и ремонт общего имущества объекта кондоминиума, содержание земельного участка, приобретение, установку, эксплуатацию и поверку общедомовых приборов учета потребления коммунальных услуг, оплату коммунальных услуг, потребленных на содержание общего имущества объекта кондоминиума, а также накопление денег на предстоящий в будущем капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума или отдельных его видов;

      6) малообеспеченные семьи (граждане) – лица, которые в соответствии с жилищным законодательством Республики Казахстан имеют право на получение жилищной помощи;

      7) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме, осуществляющее государственную регистрацию прав на недвижимое имущество по месту его нахождения.

      2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в Бурлинском районе, на оплату:

      1) расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилищах или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;

      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;

      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели, установленных местным представительным органом.

      Доля предельно-допустимых расходов семьи на содержание общего имущества объекта кондоминиума, потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде устанавливается к совокупному доходу семьи (гражданина) в размере пяти процентов.

      3. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг и счетам о ежемесячных взносах на содержание общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в Бурлинском районе.

      4. Семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) вправе обратиться в Государственную корпорацию или на веб-портал "электронного правительства" за назначением жилищной помощи один раз в квартал.

      5. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации составляет восемь рабочих дней.

Глава 2. Порядок назначения жилищной помощи

      6. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) обращается в Государственную корпорацию и (или) посредством веб-портала "электронного правительства" с предоставлением следующих документов:

      1) документа, удостоверяющего личность заявителя (оригинал представляется для идентификации личности);

      2) документа, подтверждающего доходы семьи;

      3) справки об отсутствии (наличии) недвижимого имущества (за исключением сведений, получаемых из соответствующих государственных информационных систем);

      4) справки о пенсионных отчислениях (за исключением сведений, получаемых из соответствующих государственных информационных систем);

      5) справки с места работы либо справки о регистрации в качестве безработного лица;

      6) сведений об алиментах на детей и других иждивенцев;

      7) банковского счета;

      8) счета о ежемесячных взносах на содержание общего имущества объекта кондоминиума;

      9) счета на потребление коммунальных услуг;

      10) квитанции - счета за услуги телекоммуникаций или копии договора на оказание услуг связи;

      11) счета о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленного местным исполнительным органом.

      Истребование документов, не предусмотренных настоящим пунктом, не допускается.

      При повторном обращении семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) представляет только подтверждающие документы о доходах семьи и счета на коммунальные расходы, за исключением случая, предусмотренного пунктом 11 настоящих Правил.

      7. При приеме документов через Государственную корпорацию семье (гражданину) выдается расписка о приеме соответствующих документов.

      8. В случае представления неполного пакета документов, предусмотренного пунктом 6 настоящих Правил, работник Государственной корпорации выдает расписку об отказе в приеме документов.

      9. В случае обращения через веб-портал "электронного правительства", семье (гражданину) в "личный кабинет" направляются статус о принятии запроса на оказание государственной услуги, а также уведомление с указанием даты и времени получения результата государственной услуги.

      10. Государственная корпорация принимает заявление посредством информационной системы и направляет его в уполномоченный орган, осуществляющий назначение жилищной помощи.

      11. Уполномоченный орган отказывает в предоставлении жилищной помощи на основании установления недостоверности документов, представленных семьей (гражданином) (либо его представителем по нотариально заверенной доверенности), и (или) данных (сведений), содержащихся в них и в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня подачи заявления направляет заявителю мотивированный отказ посредством веб-портала "электронного правительства" либо Государственной корпорации.

      12. Решение о назначении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении услуги принимается уполномоченным органом, осуществляющим назначение жилищной помощи. Уведомление о назначении либо мотивированный ответ об отказе в назначении жилищной помощи направляется в Государственную корпорацию или "личный кабинет" в виде электронного документа.

      13. Назначение жилищной помощи осуществляется с месяца обращения за ее получением на срок до конца текущего квартала. Месяцем обращения считается месяц подачи заявления с прилагаемыми документами.

      14. При изменении дохода семьи (гражданина), тарифа расходов на содержание жилого дома (жилого здания) и потребления коммунальных услуг, уполномоченный орган производит перерасчет ранее назначенной жилищной помощи.

      15. Получатель жилищной помощи в течение десяти дней должен информировать уполномоченный орган об обстоятельствах, влияющих на получение жилищной помощи, а в случае выявления представления заявителем недостоверных сведений, повлекших за собой незаконное назначение жилищной помощи, выплата жилищной помощи заявителю прекращается.

      Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном порядке, а в случае отказа в судебном порядке.

Глава 3. Выплата жилищной помощи

      16. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня.

  Приложение 2
к решению Бурлинского
районного маслихата
от 13 февраля 2020 года №47- 4

      1. Решение Бурлинского районного маслихата от 27 февраля 2014 года №18-5 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Бурлинском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №3475, опубликованное 10 апреля 2014 года в газете "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести").

      2. Решение Бурлинского районного маслихата от 13 марта 2017 года №13-3 "О внесении изменений в решение Бурлинского районного маслихата 27 февраля 2014 года №18-5 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Бурлинском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №4760, опубликованное 20 апреля 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Решение Бурлинского районного маслихата от 28 августа 2018 года №29-2 "О внесении изменения и дополнений в решение Бурлинского районного маслихата 27 февраля 2014 года №18-5 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Бурлинском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №5333, опубликованное 13 сентября 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      4. Решение Бурлинского районного маслихата от 27 ноября 2019 года №44-5 "О внесении изменений в решение Бурлинского районного маслихата 27 февраля 2014 года №18-5 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Бурлинском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №5876, опубликованное 11 декабря 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).