Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 мамырдағы №154 "Бөрлі ауданы бойынша 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6225 тіркелген, 2020 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қосымшада:
12-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
Бөрлі ауылы | "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Бөрлі ауылының "Арман" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 50 | 70332 | 5000 | 5000 |
".
2. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік - құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (Д. Муканова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Кушкинбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М. Сатканов |