Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Бумакөл ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Бумакөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бөрлі ауданы Бумакөл ауылдық округі Бумакөл ауылының кейбір көшелері:
"Степная" көшесі – "Садақ" көшесі;
"Линейная" көшесі – "Ақжол" көшесі;
"Школьная" көшесі – "Мектеп" көшесі;
"А.Гусманов" көшесі – "Аманжол Ғұсманов" көшесі;
"Набережная" көшесі – "Жағажай" көшесі деп қайта аталсын.
2. Бумакөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Н.Туканов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Ж. Жумашева |