Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Егіндібұлақ және Чесноков ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бәйтерек ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі Егіндібұлақ ауылындағы "Чапаев" көшесі – "Бейбітшілік" көшесі деп қайта аталсын.
2. Бәйтерек ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі Чесноков ауылының кейбір көше атаулары:
"Байкал" көшесі – "Достық" көшесі;
"Хутор" көшесі – "Жағалау" көшесі;
"Бекет" көшесі – "Бірлік" көшесі деп қайта аталсын.
3. Егіндібұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Н.Калманова) осы шешімнің әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Т. Кужагалиев |