Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бәйтерек аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 14 қазандағы № 1-28-508 ұсынысы негізінде, Макаров ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округінің Макаров ауылының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Бәйтерек ауданы, Макаров ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 29 маусымдағы №15 "Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округі Макаров ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6288 тіркелген, 2020 жылы 2 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Макаров ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Е.Абилкакимов) осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
әкім м.а. | Е. Абилкакимов |