Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" Заңына сәйкес Казталов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 266,9031 гектар, ұзындығы 9560 метр Казталов ауданы Бостандық ауылдық округі Бостандық ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.
2. Аудан әкімі аппаратының басшысы (Е.Ескендиров) осы бірлескен қаулы мен шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына (Р.Зулкашев) және Казталов аудандық мәслихатының хатшысына (С.Мулдашев) жүктелсін.
4. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Есалиев |
Сессия төрағасы | К. Алтаев |
Мәслихат хатшысы | С. Мулдашев |
Казталов аудан әкімдігінің 2020 жылғы 3 шілдедегі №149 бірлескен қаулысына және Казталов аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 3 шілдедегі № 50-2 шешіміне қосымша |
Казталов ауданының Бостандық ауылдық округінің Бостандық ауылының шекарасы (шегі)