Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Казталов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №57-2 "2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6574 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
12-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"12. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.".
2. Казталов аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Н.Кажгалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | К. Алтаев |
Мәслихат хатшысы | С. Мулдашев |