БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 25 шілдедегі № 570 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19160 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдалану қағидаларында:
204-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"204. Әуеайлақтық-пайдалану техникасы конструкцияларының сипаттамасын, оған техникалық қызмет көрсету тәртібі мен кезеңділік ерекшеліктерін, сондай-ақ пайдалану қағидаларын әрбір машинаға немесе механизмге қоса берілетін тиісті нұсқаулықтарға және нұсқауларға сәйкес жүргізу қажет.
Әуеайлақтарды күтіп-ұстау және жөндеу үшін аз механикаландыру құралдарының және әуеайлақтық-пайдалану техникасының қажетті саны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 518 қбпү бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің әскери техникасы мен жабдығының заттай нормаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12291 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің авиациялық қызметі үшін (бұдан әрі – ҚР ҰҚК АҚ) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы бекітетін ҚР ҰҚК АҚ авиациялық бөлімшелерін әскери техникамен, керек-жарақпен және жабдықпен жабдықтаудың заттай нормаларымен айқындалады.";
224-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"224. Жоспарлы жылы инженерлік-әуеайлақтық қамтамасыз ету жөніндегі жоспар-ведомостар, міндеттер негізінде материалдық-техникалық ресурстармен және ақша қаражатымен қамтамасыз етілуін ескере отырып, осы Қағидаларға 39-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Әуеайлақты күтіп-ұстауға, пайдалануға және ағымдағы жөндеуге жұмыстар мен шығындардың жылдық жоспары (бұдан әрі – Жылдық жоспар) әзірленеді. Жылдық жоспардың екінші данасы белгіленген мерзімдерде жабдықталым инженерлік-әуеайлақтық бөліміне, ҚР ҰҚК АҚ үшін ҚР ҰҚК АҚ әскери және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасына бекітуге ұсынылады.
Жылдық жоспарға орталықтандырылған жеткізілетін материалдар тізбесі қоса беріледі.
Жабдықталым инженерлік-әуеайлақтық бөлім болып авиациялық бөлімдер мен бөлімшелерді қолданыстағы нормалар, штаттар мен табельдер бойынша материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету жүктелген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің (бұдан әрі – ҚР ҚК ӘҚК) инженерлік-әуеайлақтық бөлімі табылады.";
227-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"227. Әуеайлақты күтіп ұстау, пайдалану мен ағымдағы жөндеу жұмыстарының және оларға жұмсалатын қаражаттың жиынтық жоспарын (бұдан әрі – Жиынтық жоспар) осы Қағидаларға 40-қосымшаға сәйкес жабдықталым инженерлік-әуеайлақтық бөлімі әзірлейді, қаржы органы басшысы келіседі және ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысы, ҚР ҰҚК АҚ үшін ведомствоның басшысы бекітеді.";
228-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"228. Жоспарланатын жыл алдындағы 25 желтоқсанға дейін бекітілген Жиынтық жоспарға сәйкес әрбір әуеайлаққа Жылдық жоспарлар бекітіледі.
Жылдық жоспарлардың бірінші даналары әуеайлақты пайдаланатын авиациялық бөлімдерге жіберіледі.
Жылдық жоспарлардың екінші даналары жабдықталым инженерлік-әуеайлақтық бөлімде (ҚР ҰҚК АҚ үшін ҚР ҰҚК АҚ әскери және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасында) қалады және қаржыландыру, МТҚ және олардың орындалуын бақылау үшін негіз болып табылады.";
248-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"248. Казармалық-тұрғын үй қоры, әуеайлақтың қызметтік-техникалық құрылыс, асхана, казармалар, оның ішінде штабтар, оған қатысты коммуналды құрылыс ғимараттары ҚР ҚК ӘПОББ-да, ҚР ҰҚК АҚ үшін ҚР ҰҚК АҚ әскери және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасындаесепте тұрады.";
2-қосымшаның ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе:
Әуеайлақтың формулярын толтыру мен жүргізу бойынша нұсқау:
1. Жаңа салынған әуеайлақты қабылдау кезінде лауазымдық міндеттеріне сәйкес уәкілетті лауазымды адамның бұйрығымен тағайындалған комиссия формулярды 2 данада толтырады. Әуеайлақты қайта жаңартқаннан кейін тиісті өзгерістер енгізеді. Бір данасы – авиациялық бөлімде мерзімсіз, екіншісі – ҚР ҚК ӘҚК-да сақталады. Формулярды ҚР ҰҚК АҚ-да сақтау жүзеге асырылады: бір данасын авиациялық бөлімшеде, екінші данасын ҚР ҰҚК АҚ әскери және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасында мерзімсіз сақталады;
2. Әуеайлақтың алғашқы формулярын немесе есепке алу карточкасын, оны жаңасымен ауыстырғанда (олар ескіріп кеткенде орнына көшірмесі жасалынады) жоюға тыйым салынады. Қажетті жағдайда формулярдың тармақтарына қосымша енгізу үшін жеке параққа қосымша бет қосылады.
3. Авиациялық бөлімнің әуеайлағынан кету кезінде формулярды келген бөлімнің командиріне өткізеді, онда "Формулярды қабылдау және тапсыру туралы белгі", осы бөлімнің командирлерінің қолдары қойылған тиісті жазуды толтырады және елтаңбалы мөрімен куәландырылады.
Жаңа келетін бөлім болмаған жағдайда формуляр жоғарғы тұрған штабқа жіберіледі.
4. "Әуеайлақтың жалпы сипаты" деген тарауда әуеайлақтың жол-климаттық аймағының нөмірі құрылыс нормалары және қағидаларына (ҚН және ҚҚ) сәйкес қабылданады. Әрбір ұшу-қону жолағының табалдырығына біршама кедергілердің биіктіктері көрсетіледі.
5. Әуеайлақтың жеке элементтері мен ғимараттарының жай-күйлері жақсы, қанағаттанарлық және қанағаттанғысыз болып бағаланады. Жөндеуді талап етпейтін әуеайлақтар мен ғимараттар – жақсы, күрделі жөндеуді талап ететіндері – қанағаттанғысыз болып саналады.
6. "Әуеайлақтың ғимаратын пайдалануға қабылдаған комиссияның қорытындысы" деген бағанда қабылдау актісінде көрсетілген ақаулар мен аяқталмаған жұмыстар міндетті түрде енгізіледі. Ақаулар мен аяқталмаған жұмыстарды жою кезінде "Жүргізілген жөндеу немесе қайта жаңартылғаны туралы мәлімет" деген кестеге жазу енгізіледі.
7. Ғимараттың алғашқы құны туралы мәлімет болмаған жағдайда, формулярды толтырудағы жылдары бойынша бағалау құны көрсетіледі.
8. "Жүргізілген жөндеу немесе қайтадан жаңартылғаны туралы мәлімет" кестесіне тек ғана берілген әуеайлақтағы жүргізілген күрделі жөндеулер, қайтадан жаңартылғандар, кеңейтулер енгізіледі. Бұл кестеге ағымдағы жөндеулер кірмейді.
Көрсетілген жұмыстарды қабылдайтындар мен өткізетіндер негізгі жұмыстардың түрлеріне қол қою мен елтаңбалы мөрмен куәландырады.
9. Жаңа ғимаратты салған кезде ол туралы формулярдың бөліміне тиісті жазуды енгізеді.
10. Одан әрі пайдалануға жарамсыз ғимараттарды есептен шығарғанда, онда есептен шығаруға әкелген негізгі себептері айқындалады, осы ғимараттарды есептен шығару мен талдау актісінің нөмірі мен күні көрсетілген, есептен шығару актісі мен ғимараттың құнын бекіткен адамның лауазымы, әскери атағы, аты, жөні, әкесінің аты көрсетіліп, "Ғимараттарды есептен шығару" бөліміне жазылады.
11. "Әуеайлақтың жеке элементтерінің ақаулықтары мен ерекшелік сипаттары" бөліміне, онда жылдың жекелеген кезеңдерінде пайдалануға жарамдылығына әсер ететін, әуеайлақтың ерекшеліктері жөніндегі мәліметтер енгізіледі. Мысалы; көктемгі лайсаң кезеңінде ұшу-қону жолағын су басады, ұшу қону жолағы батпақтану қаупінде, әуеайлаққа жақын жерде жоғарғы кернеулі желі өтеді, ұшулар бағытында биіктік кедергілері орналасқан, тоңданған линзалар және т.б. бар.
12. "Жасанды төсемдерымен ұшу-қону жолақтары" бөліміне металды плиталардың жасанды төсемдері енгізіледі.
13. Ұшу-қону жолағының орташа еңісін, солай ұшу-қону жолағының осі бойынша төсемнің өте көп және өте аз белгілерінің айырмасын ұшу-қону жолағының ұзындығына қатынасымен есептеп шығарылады (бірақ бұл нүктелердің арақашықтықтарына емес).
14. Қызметті-техникалық материалдары жайларының құрылыстары бойынша қабырғаның материалдарын шартты әріптермен; тасты қабырғалар – Т, қашалған – Қ, ағашты – А, каркасты-көмілген – КК көрсетіледі.
15. Әуеайлақтың бас жоспары 1:5000 ауқымында орындалады. Онда: ұшу жолақтары, бұрылу соқпақтары, тұрақ орындары, арнайы алаңдар, кіреберіс және әуеайлақтың ішкі жолдары, барлық әуеайлақтың ғимараттары, рельефі, ұшу алаңы мен жасанды ұшу-қону жолағын кеңейтуге мүмкін болатын шекаралары, авиациялық қалашықтың шекаралары енгізіледі. Аймақтар мен ғимараттар нөмірленеді. Қазіргі бар және жобаланған ғимараттар көрсетіледі. Авиациялық қалашықтан әуеайлаққа дейінгі арақашықтық көп болған жағдайда, авиациялық қалашықтың бас жоспары жеке ұсынылады.
Бас жоспарда (немесе жеке қағазда), олардың негізгі сипаттары көрсетілуімен ғимараттың экспликациясы беріледі.
16. Жерді пайдаланушыларды көрсету арқылы жер бөлігінің жоспары жеке ұсынылады.
17. Әуеайлақ төсемдерінің жоспары 1:2000 ауқымында жасалады. Жоспарға, электркабелдер мен байланыс кабелдеріне, жеке кабелдер мен құбырөткізетіндерге арналған төсемдердың суағар коллекторларымен қиылысқан орындары енгізіледі. Әуеайлақтың әртүрлі құрылғылардағы киімдері мен төсемнің әртүрлі қалыңдығындағы бөліктері белгіленеді. Төсемнің экспликациясында, көлденең сұлбасының түрімен байланысқан әуеайлақ киімдерінің барлық құрылғыларының қабаттары келтірілген. Жалпы алаңы және бөліктері көрсетіледі.
18. Көлденең сұлбасының құрылғылары, әуеайлақтың барлық түрінің сипатындағы ұшу-қону жолағының, басқару жолағының, тұрақ орнының және арнайы алаңдарының киімдеріне 1:50 ауқымымен жасалынады.
19. Субұрғыш пен кәрізді жүйелерінің жоспары, инженерлі жүйелерінің жоспары 1:2000 ауқымында жасалады, оған ғимараттардың жүйелері мен көлемдерінің экспликациясы қосылады.".
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органдарының басшыларына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Н. Ермекбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі