"Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 365 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 45 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 ақпанда № 22159 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 365 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11219 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 тамызда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай түсініктер пайдаланылады:

      1) аңшылық әуесқой атыcтар – аңшылық қару иелерінің, аңшылық мақсатында қаруды пайдалану шеберлігін жетілдіру мүмкіндігін беретін бастапқы даярлық бағдарламасынан тыс даярлығы;

      2) атыс аймағы – жандары және үсті қоршалған, нысаналар мен оқ ұстағыштар орналастырылған, оқтармен атылатын кеңістік. Онда сондай-ақ блиндаждар немесе көрсетушілерге және нысананы механикалық түрде орналастыруға арналған арнайы өзге де күркелер болуы мүмкін;

      3) атыс галереясы – атыс позициялары (атыс орындары) орналасатын атыс шебінен және төрешілерге арналған (өту) аймақтан, команда өкілдеріне, бапкерлер мен көрермендерге арналған аймақтан тұратын аймақ;

      4) атыс желісі – атушы одан шығып кетпеуі тиіс тирдің тік осьіне перпендикуляр шартты немесе белгіленген желі. Атыс кезінде қарудың ұңғысы атыс желісінің ар жағында болады;

      5) атыс тирі – тирдің ішіндегі, сондай-ақ сыртындағы адамдардың жеке және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтік және азаматтық қарудан нысанаға атуға арналған үй-жай (объект);

      6) ашық тир (атыс орындары) – оқ қабылдағыштары, бүйірінде топырақ үйінділері немесе оқ теспейтін қабырғалары мен қажетті қауіпсіздік аймақтары бар ашық жер учаскелерінде орналасқан атыс тирі;

      7) жабық тир - оқ теспейтін қабырғалары, төбесі және оқтың тирден тыс ұшуын болдырмайтын оқ қабылдағышы бар атуға арналған үй-жай;

      8) жартылай ашық тир – оқ теспейтін қабырғалары, оқ теспейтін атыс шебінің төбесі, оқ қабылдағышы және атыс шебінен ату кезінде оқтың тирдің шегінен тыс ұшуын және рикошеттерін болдырмайтын оқ ұстайтын көлденең құрылғылары бар атыс тирі;

      9) оқ шебі – атыс позициялары үшін орналастырылатын атыс желісінің алдындағы шартты немесе белгіленген көлемдегі алаң;

      10) оқтарды ұстауға арналған құрылғы – дұрыс атылмаған немесе оқтың рикошетн ұстауға арналған қорғаныс құрылғы;

      11) спорттың атыс түрлері бойынша (оқ ату, стендті, практикалық) оқу-жаттығу сабақтары – спортшыларды жарыстарға, секциялар мен оқу топтарындағы практикалық сабақтарға дайындау, разрядтық нормаларға тапсыруға дайындау бойынша жаттығу атыcтары;

      12) оқу-жаттығу атысы – азаматтық және қызметтік қару иелері мен пайдаланушылардың бастапқы даярлық бағдарламалары бойынша атыс даярлығы;

      13) стенд – калибрі 12-ден ірі емес бытыра оқтармен тегіс ұңғылы қарудан және үрлемелі қуаты кемінде 7,5 джоуль (бұдан әрі – Дж) және (немесе) калибрі 4,5 миллиметр (бұдан әрі – мм) аса пневматикалық қарудан атуға арналған ашық тир.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Атыс тирлерін (атыс орындары) және стендтерді заңды тұлғалар спорттық атыс түрлері (оқ ату, стендті, практикалық) бойынша жарыстарды немесе оқу-жаттығуларды өткізу үшін, сондай-ақ ату дайындығы бойынша оқу-жаттығуды өткізу, аңшылық-әуесқой атулар кезінде, азаматтық және қызметтік қару иелері мен пайдаланушылары үшін аумақтық полиция органдары берген рұқсаттар бойынша ашады.

      Үрлемелі қуаты 7,5 Дж аспайтын және калибрі 4,5 мм дейінгі пневматикалық қарудан атуға арналған атыс тирлерін ашу және оның жұмыс істеуі үшін аумақтық полиция органдарының рұқсаты талап етілмейді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу кезінде заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 637 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21281 болып тіркелген) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымы саласында екінші санаттағы рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес болуы қажет.

      Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға және оның жұмыс істеуіне рұқсат алу үшін заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20184 болып тіркелген) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес аумақтық полиция органына жүгінеді.

      Рұқсаттың жарамдылық мерзімі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңының екінші санаттағы рұқсаттар тізбесінің 83-тармағына сәйкес айқындалады.";

      5, 6, 7 және 8-тармақтары алып тасталсын;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Атыс тирі (атыс орындары) мен стендтің мекенжайы ауысқан кезде, жауапты адам ауысқан, жауапты адамдардың құрамы өзгерген кезде, атыс тирін (атыс орнын) және стендті ашуға жаңа рұқсат беріледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Спорттың ату түрлері бойынша жарыстарды немесе оқу-жаттығуларды өткізу (оқ ату, стендті, практикалық атыс), ату дайындығы бойынша оқу-жаттығуды өткізу, аңшылық-әуесқой ату кезінде азаматтық және қызметтік иелері мен пайдаланушылары үшін:

      1) жабылған (жабық) тирлер;

      2) жартылай ашық тирлер;

      3) ашық тирлер (атыс орындары);

      4) стендтер пайдаланылады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Аңшылық-әуесқой атуға арналған атыс тирлерінде (атыс орындарында) және стендтерде атыс қарулары мен оның патрондарын сақтауға жол берілмейді.

      Оқу-жаттығу атуларға арналған атыс тирлерінде (атыс орындарында) және стендтерде спорт (атыс) ұйымдарында (федерацияларда, дирекцияларда, орталықтарда, мектептерде, атыс және атыс-аңшылық клубтарында) қаруларды сақтауға жол беріледі.

      Сақтау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) бекітілген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларының 120, 121 және 122-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін арнайы жабдықталған қоймаларда жүзеге асырылады.";

      Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларының 1 және 2-қосымшалары алып тасталсын;

      Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларының 4-қосымшаcы алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 апреля 2015 года № 365 "Об утверждении Правил открытия и функционирования стрелковых тиров (стрельбищ) и стендов"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 2 февраля 2021 года № 45. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 февраля 2021 года № 22159.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 апреля 2015 года № 365 "Об утверждении Правил открытия и функционирования стрелковых тиров (стрельбищ) и стендов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11219, опубликован в информационно-правовой системе "Әділет" 5 августа 2015 года) следующие изменения:

      В Правилах открытия и функционирования стрелковых тиров (стрельбищ) и стендов, утвержденных указанным приказом:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) охотничье-любительские стрельбы – подготовка владельцев охотничьего оружия вне программ первоначальной подготовки, дающее им возможность совершенствовать мастерство в использовании оружия в целях охоты;

      2) огневая зона – простреливаемое пулями пространство, огражденное с боков и сверху, в котором расположены мишени и пулеулавливатель. В ней также могут быть размещены блиндажи или другие закрытия для показчиков и специальное оборудование для механизированной подачи мишеней;

      3) стрелковая галерея – зона состоящая из огневого рубежа, на котором размещаются огневые позиции (стрелковые места) и зона (проход) для судей линии огня; зоны для представителей команд, тренеров и зрителей;

      4) линия огня – условная или фиксированная линия, перпендикулярная продольной оси тира, которую не должен пересекать стрелок. При ведении огня дульный срез оружия располагается за линией огня;

      5) стрелковый тир – помещение (объект) для стрельбы в цель из служебного и гражданского оружия, обеспечивающее физическую и экологическую безопасность людей, находящихся как внутри, так и снаружи тира;

      6) открытый тир (стрельбище) – стрелковый тир, расположенный на открытых участках местности, имеющий пулеприемники, боковые земляные валы или непробиваемые стены и необходимые зоны безопасности;

      7) крытый (закрытый) тир – помещение для стрельбы, имеющее непробиваемые стены, потолок и пулеприемник, исключающие вылет пуль за пределы тира;

      8) полуоткрытый тир – стрелковый тир, имеющий непробиваемые стены, непробиваемый потолок над огневым рубежом, пулеприемник и поперечные устройства перехвата пуль, исключающие вылет пуль и рикошетов за пределы тира при стрельбе с огневого рубежа;

      9) огневой рубеж – условная или фиксированная площадь определенных размеров перед линией огня, на которой располагаются позиции для стрельбы;

      10) устройства перехвата пуль – защитные устройства, предназначенные для перехватывания неправильно выпущенных или рикошетирующих пуль;

      11) учебно-тренировочные занятия по стрелковым видам спорта (пулевая, стендовая, практическая стрельба) – подготовка спортсменов к соревнованиям, практические занятия в секциях и учебных группах, тренировочные стрельбы по подготовке к сдаче разрядных норм;

      12) учебно-тренировочные стрельбы по прохождению программы подготовки и переподготовки владельцев и пользователей гражданского и служебного оружия;

      13) стенд – открытый тир, предназначенный для стрельбы из гладкоствольного оружия не крупнее 12-го калибра дробовым снарядом и пневматического оружия с дульной энергией более 7,5 джоулей (далее – Дж) и (или) калибром более 4,5 миллиметров (далее – мм).";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Стрелковые тиры (стрельбища) и стенды открываются юридическими лицами для проведения соревнований или тренировочных занятий по стрелковым видам спорта (пулевая, стендовая, практическая стрельба), а также для владельцев и пользователей гражданского и служебного оружия при проведении учебно-тренировочных, охотничье-любительских стрельб и занятий по огневой подготовке, по разрешениям выданным территориальными органами полиции.

      Для открытия и функционирования стрелковых тиров для стрельбы из пневматического оружия с дульной энергией не более 7,5 Дж и калибра до 4,5 мм разрешения территориальных органов полиции не требуется.";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. При открытии стрелкового тира (стрельбища) и стенда, юридическому лицу необходимо соответствовать разрешительным требованиям и перечню документов, подтверждающих соответствие им при выдаче разрешений второй категории в сфере оборота гражданского и служебного оружия и патронов к нему, утвержденных приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 сентября 2020 года № 637 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21281).

      Для получения разрешения на открытия и функционирования стрелкового тира (стрельбища) и стенда, юридические лица обращаются в территориальные органы полиции в соответствии с Правилами оказания государственных услуг в сферах оборота гражданского и служебного оружия и патронов к нему, гражданских пиротехнических веществ и изделий с их применением, утвержденной приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № 254 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20184).

      Срок действия разрешения устанавливается в соответствии с пунктом 83 Перечня разрешений второй категории Закона Республики Казахстан от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях".";

      пункты 5, 6, 7 и 8 исключить;

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. При перемене адреса стрелкового тира (стрельбища) и стенда, смене ответственного лица, изменении состава ответственных лиц выдается новое разрешение на открытие стрелкового тира (стрельбища) и стенда.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Для проведения соревнований или тренировочных занятий по стрелковым видам спорта (пулевая, стендовая, практическая стрельба), а также для владельцев и пользователей гражданского и служебного оружия при проведении учебно-тренировочных, охотничье-любительских стрельб и занятий по огневой подготовке применяются:

      1) крытые (закрытые) тиры;

      2) полуоткрытые тиры;

      3) открытые тиры (стрельбища);

      4) стенды.";

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Хранение огнестрельного оружия и патронов к нему в стрелковых тирах (стрельбищах) и стендах для охотничье-любительских стрельб не допускается.

      В стрелковых тирах (стрельбищах) и стендах созданных для учебно-тренировочных стрельб допускается хранение оружия спортивных (стрелковых) организаций (федераций, дирекций, центров, школ, стрелковых и стрелково-охотничьих клубов).

      Хранение осуществляется в специально оборудованном хранилище, отвечающем требованиям пунктов 120, 121 и 122 Правил оборота гражданского и служебного оружия и патронов к нему, утвержденных Приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 июля 2019 года № 602 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №18961).";

      приложения 1 и 2 к указанным Правилам открытия и функционирования стрелковых тиров (стрельбищ) и стендов исключить;

      приложение 4 к указанным Правилам открытия и функционирования стрелковых тиров (стрельбищ) и стендов исключить.

      2. Комитету административной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
Е. Тургумбаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство культуры и спорта
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан