"Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы 2019 жылғы 16 тамыздағы № 199/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 34/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 ақпанда № 22160 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы 2019 жылғы 16 тамыздағы № 199/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19286 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 28 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына мониторинг жүргізу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) ақпараттандыру объектілері – электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық қамтылым, интернет-ресурс және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;

      2) ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (бұдан әрі – ақпараттық қауіпсіздік) – электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалуының жай-күйі;

      3) ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын мониторингтеу – ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын анықтау және сәйкестендіру мақсатында ақпараттандыру объектісін тұрақты байқау;

      4) ақпараттық қауіпсіздік оқиғасы (бұдан әрі – АҚ оқиғасы) – ақпараттандыру объектілерінің қазіргі бар қауіпсіздік саясатын ықтимал бұзу туралы не ақпараттандыру объектілерінің қауіпсіздігіне қатысы болуы мүмкін, бұрын белгісіз болған жағдай туралы куәландыратын жай-күйі;

      5) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы (бұдан әрі – АҚ оқыс оқиғасы) – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның немесе оның жекелеген объектілерінің жұмысында жекелей немесе сериялы түрде туындайтын, олардың тиiсiнше жұмыс iстеуiне қатер төндiретiн және (немесе) электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз алу, көшiрмесін түсіріп алу, тарату, түрлендiру, жою немесе бұғаттау үшiн жағдай жасайтын іркілістер;

      6) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;

      7) оқиғаларды журналдау – ақпараттандыру объектісімен болып жатқан бағдарламалық немесе аппараттық оқиғалар туралы ақпаратты оқиғаларды тіркеу журналына жазу процесі;

      8) оқиғаларды тіркеу журналдарын жинау жүйесі – ақпараттандыру объектілерінің оқиғаларын тіркеу журналдарын орталықтандырылған жинауды, оларды сақтауды және АҚ оқиғаларын басқару жүйесіне одан әрі беруді қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен;

      9) ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті үйлестіру орталығы (бұдан әрі – ҰАҚҮО) – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Мемлекеттік техникалық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі;

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Заңға сәйкес қолданылады.";

      9 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. АҚОМ Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) мен АҚҰҮО міндеттерін және функцияларын іске асыратын "Мемлекеттік техникалық қызмет" акционерлік қоғамы арасындағы шарттық қатынастар негізінде жүргізіледі.";

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 16 августа 2019 года № 199/НҚ "Об утверждении Правил проведения мониторинга событий информационной безопасности объектов информатизации государственных органов"

Приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 2 февраля 2021 года № 34/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 февраля 2021 года № 22160

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 16 августа 2019 года № 199/НҚ "Об утверждении Правил проведения мониторинга событий информационной безопасности объектов информатизации государственных органов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 19286, опубликован 28 августа 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения:

      в Правилах проведения мониторинга событий информационной безопасности объектов информатизации государственных органов, утвержденных указанным приказом:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. В настоящих Правилах используются следующие понятия и определения:

      1) объекты информатизации – электронные информационные ресурсы, программное обеспечение, интернет-ресурс и информационно-коммуникационная инфраструктура;

      2) информационная безопасность в сфере информатизации (далее – информационная безопасность) – состояние защищенности электронных информационных ресурсов, информационных систем и информационно-коммуникационной инфраструктуры от внешних и внутренних угроз;

      3) мониторинг событий информационной безопасности – постоянное наблюдение за объектом информатизации с целью выявления и идентификации событий информационной безопасности;

      4) событие информационной безопасности (далее – событие ИБ) – состояние объектов информатизации, свидетельствующее о возможном нарушении существующей политики безопасности либо о прежде неизвестной ситуации, которая может иметь отношение к безопасности объекта информатизации;

      5) инцидент информационной безопасности (далее – инцидент ИБ) – отдельно или серийно возникающие сбои в работе информационно-коммуникационной инфраструктуры или отдельных ее объектов, создающие угрозу их надлежащему функционированию и (или) условия для незаконного получения, копирования, распространения, модификации, уничтожения или блокирования электронных информационных ресурсов;

      6) государственная техническая служба – акционерное общество, созданное по решению Правительства Республики Казахстан;

      7) журналирование событий – процесс записи информации о происходящих с объектом информатизации программных или аппаратных событиях в журнал регистрации событий;

      8) система сбора журналов регистрации событий – аппаратно-программный комплекс, обеспечивающий централизованный сбор журналов регистрации событий объектов информатизации, их хранение и дальнейшую передачу в систему управления событиями ИБ;

      9) национальный координационный центр информационной безопасности (далее – НКЦИБ) – структурное подразделение акционерного общества "Государственная техническая служба".

      Иные понятия, используемые в настоящих Правилах, применяются в соответствии с Законом.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. МСИБ проводится на основании договорных отношений между Комитетом национальной безопасности Республики Казахстан (далее – КНБ РК) и акционерным обществом "Государственная техническая служба", реализующим задачи и функции НКЦИБ.";

      2. Комитету по информационной безопасности Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
Б. Мусин

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан