Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.07.2021 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 74-5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару қағидалары бекітілсін.
2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2021 жылғы 24 ақпандағы № 41 Қаулымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 74-5-бабына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару (бұдан әрі – рұқсат) тәртібін айқындайды.
2-тарау. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру тәртібі
2. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Банктер туралы Заңның 74-5-бабының 3-тармағында көрсетілген талаптарды орындаған кезде рұқсат алу үшін уәкілетті органға өтініш береді.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі рұқсат алу үшін мынадай құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхат (бұдан әрі – Өтінішхат) береді:
1) қызметті тоқтату себептерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тиісті басқару органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешімі;
2) жеке тұлғалардың депозиттерін аудару туралы шарттың және жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу және (немесе) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару актісінің көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға дайындық мерзімдері мен кезеңдері көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тиісті басқару органының шешімімен бекітілген іс-шаралардың тізбесі (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату жөніндегі негізгі іс-шаралардың жоспары).
3. Өтінішхат оған қоса берілген құжаттармен бірге қағаз тасымалдағышта беріледі.
Уәкілетті орган Өтінішхатты Банктер туралы заңның 69-бабының 2-тармағына сәйкес тиісті түрде ресімделген құжаттар қабылданған күннен бастап 2 (екі) ай ішінде қарайды.
4. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі ұсынған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда, уәкілетті орган оларды алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.
5. Уәкілетті орган Қағидаларда көзделген, тазартылған, қосып жазған жерлері не сызылған сөздері бар құжаттарды қарауға қабылдамайды.
6. Рұқсат беру туралы хабарламаны не рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкіне шешім қабылданған күннен кейінгі күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде (Банктер туралы заңның 69-бабының 2-тармағында белгіленген мерзім шегінде) жібереді.
7. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті тоқтатуға берілген рұқсат оны өтініш беруші алған күннен бастап күшіне енеді.
8. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті тоқтатуға рұқсат беруден бас тарту Банктер туралы заңның 69-бабының 2-1-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
9. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті тоқтатуға рұқсат алу кезінде банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиялардың бұрын берілген түпнұсқаларын уәкілетті органның осы шешімі күшіне енген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтарады.
10. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті тоқтатуға берілген рұқсаттар тізілімін Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.
3- тарау. Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарудың не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аударудың тәртібі
11. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тиісті басқару органы Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлеу не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезиденті-банкінің филиалына аудару арқылы қайтару жөнінде шаралар қабылдайды.
12. Жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлеу не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезиденті-банкінің филиалына аудару арқылы қайтару жөніндегі дайындық іс-шараларына мыналар кіреді:
1) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банкі филиалының жеке тұлғалардың депозиттері бойынша міндеттемелерінің сомасын айқындау;
2) жеке тұлғалардың депозиттерін алдағы уақытта қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезиденті-банкінің филиалына аудару туралы хабарландыруды кемінде 2 (екі) республикалық мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялау;
3) жеке тұлғалардың депозиттерін алдағы уақытта қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезиденті-банкінің филиалына аудару туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банкі филиалының клиенттері көре алатындай жерде орналастыру.
13. Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезиденті-банкінің филиалына аудару туралы өтініштерді қабылдау банктің немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банкі филиалының таңдауы бойынша хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару депозитті қайтару туралы өтініш берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде депозиторлардың жазбаша қарсылығының болмауы депозитордың депозитті аударуға келісімі ретінде қаралады.
14. Қазақстан Республикасы бейрезиденті-банкінің филиалы Қағидалардың 13-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей депозиторлардың - депозитті аудару туралы өтініш берген, сондай-ақ депозит алуға өтініш бермеген не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезиденті-банкінің филиалына депозит сомасын, депозиторлар есептеген және алған депозит бойынша сыйақы сомаларын көрсете отырып, депозитті аудару туралы өтініш ұсынбаған жеке тұлғалардың тізімін қалыптастырады және банктерге немесе Қазақстан Республикасы бейрезиденті-банкінің филиалдарына жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау туралы ұсыныс жібереді.
Ұсыныста депозиттердің жалпы сомасы, оның ішінде депозит бойынша есептелген және депозиторлар алған сыйақы сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қосымша үй-жайлары бойынша депозитор-жеке тұлғалардың жалпы саны көрсетіледі.
Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға ниет білдірген банктер мен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау туралы ұсыныстар жіберген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бейрезидент-банктің филиалына еркін нысанда жазылған жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау ниеті туралы өтініш береді.
15. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы ұсыныс жіберген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау ниеті туралы өтініш бергендердің арасынан және мынадай талаптарға сәйкес келетін банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын таңдауды жүзеге асырады:
1) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылады;
2) уәкілетті органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге, кассалық операциялар жүргізуге қолданыстағы лицензиясы бар;
3) соңғы күнтізбелік 3 (үш) ай ішінде, сондай-ақ жеке тұлғалардың қабылданатын депозиттерінің сомаларын ескере отырып, пруденциялық нормативтерін сақтайды;
4) өтініш берген күнгі жағдай бойынша және құжаттарды қарау кезеңінде Банктер туралы заңның 46-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында, 47-1-тармағында көзделген қолданыстағы қадағалап ден қою шаралары және (немесе) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы кодексінің 213-бабының алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін уәкілетті орган банкке, ірі қатысушыға (банк холдингіне) және (немесе) банктің басшы қызметкеріне қолданған қолданыстағы қадағалап ден қою шаралары жоқ;
5) қызметін ерікті тоқтатқан Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының депозиторларына қызмет көрсету үшін қосымша үй-жайлары бар.
16. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын таңдау туралы шешім уәкілетті органға келісу үшін жіберіледі.
Уәкілетті орган құжаттар түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының шешімін қарау нәтижелерін Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына жазбаша түрде жібереді.
Уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы жеке тұлғалардың депозиттерін аударуға қатысты ақпарат ұсынады.
17. Жеке тұлғалардың депозиттерін, сондай-ақ тиісті құжаттарды (шарттарды және басқа құжаттарды) аудару қызметін ерікті түрде тоқтататқан бейрезидент-банк филиалы мен депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы арасында жасалатын жеке тұлғалардың депозиттерін аудару туралы шарттың және 2 (екі) данада жасалған жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісінің негізінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының шешімін уәкілетті органмен келіскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
18. Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісін ресімдеу кезінде онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының жеке тұлғалардың депозиттері бойынша аудару күнгі жағдай бойынша міндеттемелерінің мөлшері;
2) қызметін ерікті түрде тоқтатқан Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қосымша үй-жайлары бойынша депозиторлар-жеке тұлғалардың тізімі, онда мынадай ақпарат қамтылады:
депозитордың жеке сәйкестендіру коды (банктік шоттың нөмірі);
депозитордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні;
депозитордың жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні;
жеке сәйкестендіру нөмірі;
депозитордың заңды мекенжайы, тұрғылықты жері;
банктік шот және (немесе) банк салымы шарты жасалған күні және нөмірі, шарттың қолданылу мерзімі;
депозит бойынша сыйақы мөлшерлемелері;
депозит сомасы, сондай-ақ депозит бойынша есептелген және депозитор алған сыйақы сомасы;
3) берілетін істердің (құжаттардың) саны.
18. Өз қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы жеке тұлғалардың депозиттерін аударуға байланысты барлық шығысты көтереді және жеке тұлғалардың депозиттерін аударған күнді қоса алғанда, депозиттер бойынша сыйақыны есептейді.
19. Өз қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалы жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісіне қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті органына жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісінің және жеке тұлғалардың депозиттерін аудару туралы шарттың көшірмелерін жібереді.
20. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын, жеке тұлғалардың депозиттері аударылған банк немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалы бір ай мерзім ішінде депозиттері оған берілген жеке тұлғалардың банктік шот және (немесе) банктік салымы шарттарын жасайды.
21. Жеке тұлғалардың депозиттерін аудару жөніндегі ақпаратты өз қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалы республикалық мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхат ________________________________________________________________________________ (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің атауы)
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тиісті органының Қазақстан Республикасының бейрезидент- банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы ____ жылғы "____" _________ № ____ шешіміне сәйкес________________ (өткізу орны) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беруді сұрайды.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің лауазымды тұлғасы не Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген тұлға өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен мәліметтердің дәйектілігін, сондай-ақ уәкілетті органға осы өтінішхатты қарауға байланысты сұратылған ақпараттың уақтылы ұсынылғанын растайды.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Қосымша (жіберілген құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, олардың әрқайсысы бойынша даналар және парақтар санын көрсету):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің лауазымды тұлғасының не
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі құжаттарға қол қоюға
уәкілеттік берген тұлғаның қолы, күні)
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға берілген рұқсаттардың тізілімі
№ | Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының атауы | Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі шешімінің күні мен нөмірі | Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға берілген рұқсаттың күні мен нөмірі | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуды тіркеу туралы ақпарат |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |