"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 655 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларында:
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Тұрақтандыру портфелінің ең жоғарғы мөлшері 10 (он) миллиард АҚШ долларын құрайды. Егер жылдың қорытындысы бойынша тұрақтандыру портфелінің мөлшері 10 (он) миллиард АҚШ долларынан асып кеткен жағдайда, аударым жасау күніне асып кеткен сомадан кем емес мөлшердегі қаражат тиісті жылдан кейінгі 1 (бір) тоқсан ішінде тұрақтандыру портфелінен жинақ портфеліне аударылады.";
28-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28-1. Тұрақтандыру портфелінің ең төменгі мөлшері 5 (бес) миллиард АҚШ долларын құрайды. Егер әрбір тоқсанның қорытындыcы бойынша тұрақтандыру портфелінің мөлшері 5 (бес) миллиард АҚШ долларынан кем болған жағдайда, аударым жасау күніне толықтыру үшін қажетті сомадан кем емес мөлшердегі қаражат тиісті тоқсаннан кейінгі 1 (бір) ай ішінде жинақ портфелінен тұрақтандыру портфеліне аударылады.";
51-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Эталондық портфельге кірмейтін дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары, агенттік борыштық міндеттемелер, эталондық портфельге кіретін елдердің муниципалдық борыштық міндеттемелері, АА- (Standard&Poor's)/Aa3 (Moody's) және одан төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері портфеліндегі ең жоғары ауытқулар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес айқындалады.";
7-тарау алып тасталсын;
72-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 72-1-тармақпен толықтырылсын:
"72-1. Контрәріптестермен операциялар контрәріптестердің кредитке қабілеттілігін ескере отырып, кредиттік лимиттері шеңберінде жүргізіледі.";
73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"73. Бағалы қағаздардың ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі осы Қағидаларда белгіленген деңгейден төмен түсірілген жағдайда, рейтинг төмендетілген күннен бастап 6 (алты) ай ішінде осы позициялар мен мәмілелерді осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтіру бойынша шаралар қабылданады.";
3-1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
6-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Монетарлық операциялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 22 ақпандағы № 7 Қаулыға 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларына 3-1-қосымша |
Өту жоспары
Портфельдердің әр жылдың соңындағы жинақ портфелінің құрамындағы нысаналы үлестері (пайызбен) | ||||||
Жыл | Облигациялар | Дамыған елдердің акциялары | Балама құралдар | Алтын | ||
Мемлекеттік | Корпоративтік | |||||
дамыған елдердің | дамушы елдердің | |||||
2019 | 63 | 5 | 3 | 22 және жоғары | 5-ке дейін | 3-ке дейін |
2020 | 63 | 5 | 3 | 22 және жоғары | 4-5-ке дейін | |
2021 | 47 | 12 | 6 | 26 және жоғары | 5-ке дейін | |
2022 | 29 | 21 | 10 | 30 және жоғары |
Қаулыға 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларына 6-қосымша |
Эталондық портфельге кірмейтін дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары, агенттік борыштық міндеттемелер, эталондық портфельге кіретін елдердің муниципалдық борыштық міндеттемелері, АА- (Standard&Poor's)/Aa3 (Moody's) және одан төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері портфеліндегі ең жоғары ауытқулар
Активтердің түрі | Нарық құны (пайызбен) | |
ең төменгі | ең жоғары | |
BBB/Ваа2 бастап ВВВ+/Ваа1 дейін қоса алғанда ұзақ мерзімді кредиттік рейтингімен (BBB/Ваа2 ұзақ мерзімді кредиттік рейтингімен үлес 3 (үш) пайыздан аспайды) | 0 | 6 |
A-/А3 бастап A/А2 дейін қоса алғанда ұзақ мерзімді кредиттік рейтингімен | 0 | 9 |
А+/А1 бастап AA-/Аа3 дейін қоса алғанда ұзақ мерзімді кредиттік рейтингімен | 0 | 18 |