БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12062 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Н. Ермекбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 149 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы "11" маусымдағы № 333 бұйрығымен бекітілген |
Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесі
1. Ақмола облысында – Аршалы, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Қорғалжын, Целиноград аудандарында, Степногорск қаласында, Ерейментау ауданының Сілеті ауылдық округінде, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Атбасар қаласында;
2. Ақтөбе облысында – Байғанин, Мұғалжар аудандарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Әйтеке би, Қарғалы, Мәртөк, Қобда, Хромтау, Шалқар аудандарында;
3. Алматы облысында – Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Іле, Қарасай, Кеген, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Райымбек, Сарқанд, Талғар, Ұйғыр аудандарында, Текелі қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Алматы қаласы Медеу ауданының Алатау кентінде, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Ақсу ауданында, Алматы қаласының Бостандық ауданында;
4. Атырау облысында – облыстың барлық аумағында;
5. Шығыс Қазақстан облысында – Абай, Аягөз, Бесқарағай, Жарма, Зайсан, Қатон-Қарағай, Күршім, Тарбағатай, Үржар аудандарында, Семей, Курчатов қалаларында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Шемонаиха ауданында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Алтай, Бородулиха, Глубоковское, Шемонаиха аудандарында, Риддер қаласында;
6. Жамбыл облысында – Байзақ, Қордай, Мойынқұм, Талас, Шу аудандарында, Сарысу ауданының Жаңатас қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Жамбыл, Жуалы, Мерке, Тұрар Рысқұлов атындағы аудандарында;
7. Батыс Қазақстан облысында – Бөкейорда, Жаңақала аудандарында, Теректі ауданының Тайпақ ауылдық округінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Бәйтерек, Бөрілі, Жәнібек, Казталов, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарында;
8. Қарағанды облысында – Абай, Ақтоғай, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Ұлытау, Шет аудандарында, Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Приозерск қалаларында;
9. Қостанай облысында – Арқалық қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Әулиекөл, Жітіқара аудандарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Меңдіқара, Бейімбет Майлин, Ұзынкөл, Федоров аудандарында;
10. Қызылорда облысында – облыстың барлық аумағында;
11. Маңғыстау облысында – облыстың барлық аумағында;
12. Павлодар облысында – Аққулы, Май аудандарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Железинка, Ертіс, Тереңкөл, Успенка, Шарбақты аудандарында;
13. Солтүстік Қазақстан облысында – Айыртау ауданында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Есіл ауданында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Ақжар, Жамбыл, Қызылжар, Мағжан Жұмабаев атындағы, Мамлют, Уәлиханов аудандарында;
14. Түркістан облысында – Сарыағаш, Созақ аудандарында, Түркістан қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Қазығұрт, Мақтаарал, Отырар, Төле би, Шардара аудандарында.
Ескертпе:
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында және Мемлекеттік күзет қызметінде қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін жыл сайынғы демалыс ұзақтығы "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып есептеледі.