"Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 217 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 наурызда № 22356 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13301 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесінде:

      1 "Ағымдағы шығындар" деген санатында:

      01 "Тауарлар мен қызметтерге шығатын шығыстар" деген сыныбында:

      120 "Жұмыс берушілердің жарналары" деген кіші сыныбында:

      123 "Міндетті сақтандыру жарналары" деген ерекшелігі бойынша:

      6 "Азаматтық-құқықтық мәмілені міндетті тіркеуді талап ететін шығыстардың түрлері" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде белгіленген көлік құралдары иелерінің міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің мемлекеттік міндетті жеке сақтандыру шығындары көрсетіледі";

      150 "Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу" деген кіші сыныбында:

      154 "Үй-жайды жалға алу төлемдері" деген ерекшелігі бойынша:

      5 "Атауы" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Зерттеулер бойынша қызметтерге ақы төлеу";

      6 "Азаматтық-құқықтық мәмілені міндетті тіркеуді талап ететін шығыстардың түрлері" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Зерттеулерді (оның ішінде социологиялық, талдамалық және ғылыми зерттеулер) төлеуге шығындар";

      7 "Ескерту" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық-құқықтық мәміле тіркемей 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады";

      156 "Консалтингтік қызметтер мен зерттеулерге ақы төлеу" деген ерекшелігі бойынша:

      5 "Атауы" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Консалтингтік қызметтерге ақы төлеу";

      6 "Азаматтық-құқықтық мәмілені міндетті тіркеуді талап ететін шығыстардың түрлері" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік орган қызметі процесінде туындайтын проблемаларды, мүмкіндіктерді айқындау және бағалау жөніндегі не ахуалды егжей-тегжейлі талдау; жұмыстың қаржылық және басқарушылық тиімділігін (мынадай негізгі қызмет түрлері шеңберінде: басқару консалтингі, әкімшілік-кадрлық консалтинг, қаржылық консалтинг, ІТ-консалтинг, заң консалтингі, мамандандырылған консалтинг, қорғаныс саласындағы консалтинг, техникалық консалтингтік қызметтер) арттыру үшін одан әрі іс-қимылды түзеу бойынша тиімді ұсынымдар әзірлеу бойынша консалтингтік қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар";

      "156" деген жолдан кейін:

      4 "Ерекшелігі" деген баған "157" деген цирфлармен толықтырсын;

      5 "Атауы" деген баған мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Форумдар, семинарлар және конференциялар өткізуге арналған қызметтерге ақы төлеу";

      6 "Азаматтық-құқықтық мәмілені міндетті тіркеуді талап ететін шығыстардың түрлері" деген баған мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Форумдар, семинарлар және конференциялар өткізуге арналған қызметтерге ақы төлеу";

      7 "Ескерту" мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: айырбастау және кейіннен әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын "Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер", "Өкілдік шығындар", "Ақпараттық-имидждік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі шоттарға соманы аудару кезінде. Азаматтық-құқықтық мәміле тіркемей 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады";

      4 "Ерекшелігі" деген баған "158" деген цирфлармен толықтырсын;

      5 "Атауы" деген баған мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Имидждік іс-шараларға арналған қызметтерге ақы төлеу.";

      "Азаматтық-құқықтық мәмілені міндетті тіркеуді талап ететін шығыстардың түрлері" деген 6-баған мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік органның имиджін арттыруға байланысты имидждік іс-шараларға арналған қызметтерге ақы төлеу, мысалы: брошюралар және (немесе) бейнероликтер дайындау";

      7 "Ескерту" мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: айырбастау және кейіннен әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын "Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер", "Өкілдік шығындар", "Ақпараттық-имидждік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі шоттарға соманы аудару кезінде. Азаматтық-құқықтық мәміле тіркемей 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады";

      159 "Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу" деген ерекшелігі бойынша:

      6 "Азаматтық-құқықтық мәмілені міндетті тіркеуді талап ететін шығыстардың түрлері" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы ерекшелік бойынша 151-158 ерекшеліктерде көрсетілмейтін, заңды және жеке тұлғалар көрсететін қызметтерге, жұмыстарға ақы төлеу жөніндегі шығындар көрсетіледі, оның ішінде: ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды, көлік және басқа да негізгі құралдарды ұстау, қызмет көрсету жөніндегі қызметтер; республикалық немесе коммуналдық меншікте тұрған ғимараттар мен үй-жайларды, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәріз жүйесін ағымдағы жөндеу, сондай-ақ жабдықтарды, көлік және басқа негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу. Заңды және жеке тұлғалар көрсететін қызметтердің, жұмыстардың құнына тауарларды, материалдарды сатып алу кіретін жағдайларды қоспағанда, ғимараттарды, үй-жайларды, көлік және басқа да негізгі құралдарға қызмет көрсету және ұстау және оларды ағымдағы жөндеу үшін қажетті тауарларды, материалдарды сатып алу 149 "Басқа қорларды сатып алу" ерекшелігі бойынша көрсетіледі. Бұл жағдайларда тауарларды, материалдарды сатып алу 159 "Басқа қызметтерді сатып алу" ерекшелігі бойынша жүзеге асырылады. Бұл ерекшелік бойынша үй-жайларды, ғимараттарды жалға алғаны үшін төлемақы көрсетіледі. Жалға алынған үй-жайды, ғимаратты ұстауға, коммуналдық қызметтерге арналған шығындар, электр энергиясына, жылуға арналған шығындар тиісті ерекшеліктер бойынша жіктеледі. Бұл ерекшелік бойынша бағалаушылардың қызметтеріне ақы төлеу көрсетіледі. Бұдан басқа, осы ерекшелік бойынша жоғары білімді төлеу жөніндегі білім беру гранты, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру гранты беріледі. Осы ерекшелік бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген төлеуге жататын заңды және жеке тұлғалар көрсететін қызметтерге, жұмыстарға сомалардан ұсталымдарды аудару қызметіне ақы төлеу шығыстары асырылады";

      160 "Басқа да ағымдағы шығындар" деген кіші сыныбында:

      163 "Жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының шығындары" деген ерекшелігі бойынша:

      6 "Азаматтық-құқықтық мәмілені міндетті тіркеуді талап ететін шығыстардың түрлері" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Киімдерді, аяқ киімдерді, оқулықтарды, оқу құралдарын, мектеп жазба керек жарақтарын сатып алу; ақшалай көмек көрсету; санаторий-курорттық мекемелерге және демалыс лагерлеріне жолдамалар сатып алу; оқушылардың мәдени бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысуын қаржылық қамтамасыз ету"; 

      2 "Күрделі шығындар" деген санатында:

      4 "Негізгі капиталды сатып алу" деген сыныбында:

      420 "Негізгі құралдарды күрделі жөндеу" деген кіші сыныбында:

      421 "Жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, беру қондырғыларын күрделі жөндеу" деген ерекшелігі бойынша:

      6 "Азаматтық-құқықтық мәмілені міндетті тіркеуді талап ететін шығыстардың түрлері" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жайларды, үйлерді, құрылыстарды, беру қондырғыларын, сумен қамту жүйелері мен желілерін, кәрізді, электрмен қамтамасыз етуді, жылумен қамтамасыз етуді күрделі жөндеуге және қайта жаңғыртуға байланысты шығындар"; 

      6 "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау" деген санатында:

      8 "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау" деген сыныбында:

      810 "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау" деген кіші сыныбында:

      811 "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау" ерекшелігі алынып тасталсын; 

      4 "Ерекшелігі" деген баған "812" деген цирфлармен толықтырсын;

      5 "Атауы" деген баған мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша инвестициялық шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау";

      6 "Азаматтық-құқықтық мәмілені міндетті тіркеуді талап ететін шығыстардың түрлері" деген баған мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша инвестициялық шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындау";

      4 "Ерекшелігі" деген баған "813" деген цирфлармен толықтырсын;

      5 "Атауы" деген баған мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша операциялық (пайдалану) шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау";

      "Азаматтық-құқықтық мәмілені міндетті тіркеуді талап ететін шығыстардың түрлері" деген 6-баған мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша операциялық (пайдалану) шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындау";

      4 "Ерекшелігі" деген баған "814" деген цирфлармен толықтырсын;

      5 "Атауы" деген баған мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлемі бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау";

      "Азаматтық-құқықтық мәмілені міндетті тіркеуді талап ететін шығыстардың түрлері" деген 6-баған мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлемі бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындау";

      4 "Ерекшелігі" деген баған "815" деген цирфлармен толықтырсын;

      5 "Атауы" деген баған мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша өзге де төлемдер бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау";

      6 "Азаматтық-құқықтық мәмілені міндетті тіркеуді талап ететін шығыстардың түрлері" деген баған мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша өзге де төлемдер бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындау".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 января 2016 года № 30 "Об утверждении перечня специфик экономической классификации расходов, в том числе видов расходов, по которым регистрация заключенных гражданско-правовых сделок является обязательной"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 15 марта 2021 года № 217. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 марта 2021 года № 22356

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 января 2016 года № 30 "Об утверждении перечня специфик экономической классификации расходов, в том числе видов расходов, по которым регистрация заключенных гражданско-правовых сделок является обязательной" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13301, опубликован 16 марта 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения и дополнения:

      в Перечне специфик экономической классификации расходов, в том числе видов расходов, по которым регистрация заключенных гражданско-правовых сделок является обязательной, утвержденном указанным приказом:

      в категории 1 "Текущие затраты":

      в классе 01 "Затраты на товары и услуги":

      в подклассе 120 "Взносы работодателей":

      по специфике 123 "Взносы на обязательное страхование":

      графу 6 "Виды расходов, требующие обязательной регистрации гражданско-правовой сделки" изложить в следующей редакции:

      "На обязательное страхование гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств, на обязательное страхование гражданско-правовой ответственности перевозчика перед пассажирами, на государственное обязательное личное страхование работников государственных учреждений, установленных действующими законодательными актами Республики Казахстан";

      в подклассе 150 "Приобретение услуг и работ":

      по специфике 154 "Оплата аренды за помещение":

      графу 5 "Название" изложить в следующей редакции:

      "Оплата услуг по исследованиям";

      графу 6 "Виды расходов, требующие обязательной регистрации гражданско-правовой сделки" изложить в следующей редакции:

      "Затраты на оплату исследований (в том числе социологические, аналитические и научные исследования)";

      графу 7 "Примечание" изложить в следующей редакции:

      "Проведение платежей по расходам на сумму, не превышающую 100-кратного месячного расчетного показателя без регистрации гражданско-правовой сделки, осуществляется на основании счета к оплате без приложения подтверждающих документов";

      по специфике 156 "Оплата консалтинговых услуг и исследований":

      графу 5 "Название" изложить в следующей редакции:

      "Оплата консалтинговых услуг";

      графу 6 "Виды расходов, требующие обязательной регистрации гражданско-правовой сделки" изложить в следующей редакции:

      "Затраты на оплату консалтинговых услуг по определению и оценке проблем, возможностей, возникающих в процессе деятельности государственного органа либо по детальному анализу ситуации; по разработке эффективных рекомендаций по коррекции дальнейших действий для повышения финансовой и управленческой эффективности работы (в рамках следующих основных видов услуг: управленческий консалтинг, административно - кадровый консалтинг, финансовый консалтинг, IT-консалтинг, юридический консалтинг, специализированный консалтинг, консалтинг в области обороны, технические консалтинговые услуги)";

      после строки "156":

      графу 4 "Специфика" дополнить цифрами "157";

      графу 5 "Название" дополнить предложением следующего содержания:

      "Оплата услуг на проведение форумов, семинаров и конференций";

      графу 6 "Виды расходов, требующие обязательной регистрации гражданско-правовой сделки" дополнить предложением следующего содержания:

      "Оплата услуг на проведение форумов, семинаров и конференций";

      графу 7 "Примечание" дополнить предложением следующего содержания:

      "Кроме гражданско-правовых сделок на поставку товаров (работ, услуг): при перечислении сумма на счета в Национальном Банке Республики Казахстан для конвертации и последующего перечисления на счета загранучреждений Республики Казахстан по бюджетным программам "Услуги по координации внешнеполитической деятельности", "Представительские затраты", "Обеспечение реализации информационно-имиджевой политики", администратором которых является Министерство иностранных дел Республики Казахстан. Проведение платежей по расходам на сумму, не превышающую 100-кратного месячного расчетного показателя без регистрации гражданско-правовой сделки, осуществляется на основании счета к оплате без приложения подтверждающих документов";

      графу 4 "Специфика" дополнить цифрами "158";

      графу 5 "Название" дополнить предложением следующего содержания:

      "Оплата услуг на имиджевые мероприятия";

      графу 6 "Виды расходов, требующие обязательной регистрации гражданско-правовой сделки" дополнить предложением следующего содержания:

      "Оплата услуг на имиджевые мероприятия, связанные с повышением имиджа государственного органа, например: подготовка брошюр и (или) роликов";

      графу 7 "Примечание" дополнить предложением следующего содержания:

      "Кроме гражданско-правовых сделок на поставку товаров (работ, услуг): при перечислении сумма на счета в Национальном Банке Республики Казахстан для конвертации и последующего перечисления на счета загранучреждений Республики Казахстан по бюджетным программам "Услуги по координации внешнеполитической деятельности", "Обеспечение реализации информационно-имиджевой политики" администратором, которых является Министерство иностранных дел Республики Казахстан. Проведение платежей по расходам на сумму, не превышающую 100-кратного месячного расчетного показателя без регистрации гражданско-правовой сделки, осуществляется на основании счета к оплате без приложения подтверждающих документов";

      по специфике 159 "Оплата прочих услуг и работ":

      графу 6 "Виды расходов, требующие обязательной регистрации гражданско-правовой сделки" изложить в следующей редакции:

      "Оплата услуг, работ, оказываемых юридическими и физическими лицами, не отражаемых в спецификах 151-158, в том числе: услуги по содержанию, обслуживанию зданий, помещений, оборудования, транспортных и других основных средств; текущий ремонт зданий, помещений, системы теплоснабжения, водоснабжения и канализации, находящихся в республиканской или коммунальной собственности, а также текущий ремонт оборудования, транспортных и других основных средств. Приобретение товаров, материалов необходимых для обслуживания и содержания зданий, помещений, транспортных и других основных средств и их текущим ремонтом отражаются по специфике 149 "Приобретение прочих запасов", за исключением случаев, когда в стоимость услуг, работ, оказываемых юридическими и физическими лицами, входит приобретение товаров, материалов. В данных случаях приобретение товаров, материалов осуществляется по специфике 159 "Оплата прочих услуг и работ". По данной специфике отражается плата за аренду помещений, зданий. Затраты на содержание арендуемого помещения, здания коммунальные услуги, затраты на электроэнергию, отопление классифицируются по соответствующим спецификам. По данной специфике отражается оплата услуг оценщиков. Кроме того, по данной специфике предоставляется образовательный грант по оплате высшего образования, образовательный грант Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы "Өркен" для оплаты обучения одаренных детей в специализированных организациях образования "Назарбаев Интеллектуальные школы". По данной специфике также осуществляется перечисление удержаний, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, с сумм, подлежащих оплате физическим лицам, за оказанные ими услуги и работы";

      в подклассе 160 "Другие текущие затраты":

      по специфике 163 "Затраты Фонда всеобщего обязательного среднего образования":

      графу 6 "Виды расходов, требующие обязательной регистрации гражданско-правовой сделки" изложить в следующей редакции:

      "Приобретение одежды, обуви, учебников, учебных пособий, школьно-письменных принадлежностей; обеспечение питания в школах; оказание денежной помощи; приобретение путевок в санаторно-курортные учреждения и лагеря отдыха; финансовое обеспечение участия в культурно-массовых и спортивных мероприятиях школьников";

      в категории 2 "Капитальные затраты":

      в классе 4 "Приобретение основного капитала":

      в подклассе 420 "Капитальный ремонт основных средств":

      по специфике 421 "Капитальный ремонт помещений, зданий, сооружений, передаточных устройств":

      графу 6 "Виды расходов, требующие обязательной регистрации гражданско-правовой сделки" изложить в следующей редакции:

      "Затраты, связанные с капитальным ремонтом и реставрацией помещений, зданий, сооружений, передаточных устройств, систем и сетей водообеспечения, канализации, электрообеспечения, теплоснабжения";

      в категории 6 "Выполнение государственных обязательств по проектам государственно-частного партнерства":

      в классе 8 "Выполнение государственных обязательств по проектам государственно-частного партнерства":

      в подклассе 810 "Выполнение государственных обязательств по проектам государственно-частного партнерства":

      специфику 811 "Выполнение государственных обязательств по проектам государственно-частного партнерства" исключить;

      графу 4 "Специфика" дополнить цифрами "812";

      графу 5 "Название" дополнить предложением следующего содержания:

      "Выполнение государственных обязательств по компенсации инвестиционных затрат по проектам государственно-частного партнерства";

      графу 6 "Виды расходов, требующие обязательной регистрации гражданско-правовой сделки" дополнить предложением следующего содержания:

      "Выполнение государственных обязательств по компенсации инвестиционных затрат по проектам государственно-частного партнерства, в том числе государственных концессионных обязательств Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов";

      графу 4 "Специфика" дополнить цифрами "813";

      графу 5 "Название" дополнить предложением следующего содержания:

      "Выполнение государственных обязательств по компенсации операционных (эксплуатационных) затрат по проектам государственно-частного партнерства";

      графу 6 "Виды расходов, требующие обязательной регистрации гражданско-правовой сделки" дополнить предложением следующего содержания:

      "Выполнение государственных обязательств по компенсации операционных (эксплуатационных) затрат по проектам государственно-частного партнерства, в том числе государственных концессионных обязательств Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов";

      графу 4 "Специфика" дополнить цифрами "814";

      графу 5 "Название" дополнить предложением следующего содержания:

      "Выполнение государственных обязательств по выплате вознаграждений за осуществление управления объектом государственно-частного партнерства";

      графу 6 "Виды расходов, требующие обязательной регистрации гражданско-правовой сделки" дополнить предложением следующего содержания:

      "Выполнение государственных обязательств по выплате вознаграждений за осуществление управления объектом государственно-частного партнерства, в том числе государственных концессионных обязательств Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов";

      графу 4 "Специфика" дополнить цифрами "815";

      графу 5 "Название" дополнить предложением следующего содержания:

      "Выполнение государственных обязательств по прочим выплатам по проектам государственно-частного партнерства";

      графу 6 "Виды расходов, требующие обязательной регистрации гражданско-правовой сделки" дополнить предложением следующего содержания:

      "Выполнение государственных обязательств по прочим выплатам по проектам государственно-частного партнерства, в том числе государственных концессионных обязательств Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов".

      2. Департаменту бюджетного законодательства Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра финансов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр финансов
Республики Казахстан
Е. Жамаубаев