ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13217 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесіне, мөлшерлемелер көлеміне және олардың қолданылу мерзіміне (бұдан әрі - Тізбе):
"Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлері, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі" деген 1-бөлімде:
"
4101 | Ірі қара малдың (қодастарды қоса алғанда) немесе жылқы тұқымдас (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе өзге әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделмеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жануарлардың түгі бар немесе түксіз, бөлінген немесе бөлінбеген, өңделмеген терілері | 1 тоннасына 500 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін |
1 тоннасына 450 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | ||
1 тоннасына 400 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2018 жылғы 30 қарашадан бастап 2019 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | ||
1 тоннасына 300 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2019 жылғы 30 қарашадан бастап 2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | ||
1 тоннасына 200 евро | 2020 жылғы 30 қарашадан бастап | |||
4102 | Осы топқа 1(в) ескертпемен алып тасталғандардан басқа, қойлардың немесе қозылардың (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе өзге әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жүні бар немесе жүнсіз, бөлінген немесе бөлінбеген, өңделмеген терілері | 1 тоннасына 500 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін |
1 тоннасына 450 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | ||
1 тоннасына 400 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2018 жылғы 30 қарашадан бастап 2019 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | ||
1 тоннасына 300 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2019 жылғы 30 қарашадан бастап 2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | ||
1 тоннасына 200 евро | 2020 жылғы 30 қарашадан бастап | |||
4103 | Осы топтағы 1(б) немесе 1(в) ескертпемен алып тасталғандардан басқа, түкті немесе түксіз, бөлінген немесе бөлінбеген өңделмеген (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе басқа әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделген немесе одан әрі өңдеуге ұшырамаған), өзге де терілер | 1 тоннасына 500 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін |
1 тоннасына 450 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | ||
1 тоннасына 400 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2018 жылғы 30 қарашадан бастап 2019 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | ||
1 тоннасына 300 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2019 жылғы 30 қарашадан бастап 2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | ||
1 тоннасына 200 евро | 2020 жылғы 30 қарашадан бастап | |||
7601 20 800 2 | Құйма немесе сұйық түріндегі қосымша алюминий қорытпалары | 3 %, бірақ 1 тоннасына 22 евродан кем емес | тұрақты |
" |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
4101 | Ірі қара малдың (қодастарды қоса алғанда) немесе жылқы тұқымдас (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе өзге әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделмеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жануарлардың түгі бар немесе түксіз, бөлінген немесе бөлінбеген, өңделмеген терілері | 0 | 2021 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін |
1 тоннасына 200 евро | 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап | ||
4102 | Осы топқа 1(в) ескертпемен алып тасталғандардан басқа, қойлардың немесе қозылардың (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе өзге әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жүні бар немесе жүнсіз, бөлінген немесе бөлінбеген, өңделмеген терілері | 0 | 2021 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін |
1 тоннасына 200 евро | 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап | ||
4103 | Осы топтағы 1(б) немесе 1(в) ескертпемен алып тасталғандардан басқа, түкті немесе түксіз, бөлінген немесе бөлінбеген өңделмеген (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе басқа әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделген немесе одан әрі өңдеуге ұшырамаған), өзге де терілер | 0 | 2021 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін |
1 тоннасына 200 евро | 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап | ||
7601 20 800 2 | Құйма немесе сұйық түріндегі қосымша алюминий қорытпалары | 0 | тұрақты |
". |
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және Тізбенің "Құйма немесе сұйық түріндегі қосымша алюминий қорытпалары" деген 13-жолын қоспағанда, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі |
Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі