2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті бөлімшелері арнайы көлік құралдары тиесілілігінің заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 141 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің арнайы көлік құралдары тиесілігінің заттай нормалары
Ескерту. Заттай нормалары жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 25.06.2024 № 246 бұйрығымен.
Атауы | Арнайы көлік құралының функционалдық мақсаты | Арнайы көлік құралдарын пайдаланатын мемлекеттік мекемелер | Өлшем бірлігі (дана) | Максималдық жылдық пайдалану нормасы (бір автомобиль) | Қызмет мерзімі (жыл) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Арнайы көлік құралы | Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру үшін (қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың қызметкерлер мен халыққа зиянды әсерінің алдын алу) | Орталық аппарат | 1 | 40 000 км | 13 |
Абай облысы | 2 | 40 000 км | 13 | ||
Ақмола облысы | 3 | 40 000 км | 13 | ||
Ақтөбе облысы | 2 | 40 000 км | 13 | ||
Алматы облысы | 2 | 40 000 км | 13 | ||
Атырау облысы | 3 | 40 000 км | 13 | ||
Шығыс Қазақстан облысы | 3 | 40 000 км | 13 | ||
Жамбыл облысы | 2 | 40 000 км | 13 | ||
Жетісу облысы | 1 | 40 000 км | 13 | ||
Батыс Қазақстан облысы | 2 | 40 000 км | 13 | ||
Қарағанды облысы | 3 | 40 000 км | 13 | ||
Қызылорда облысы | 2 | 40 000 км | 13 | ||
Қостанай облысы | 3 | 40 000 км | 13 | ||
Маңғыстау облысы | 2 | 40 000 км | 13 | ||
Павлодар облысы | 3 | 40 000 км | 13 | ||
Солтүстік Қазақстан облысы | 2 | 40 000 км | 13 | ||
Түркістан облысы | 3 | 40 000 км | 13 | ||
Ұлытау облысы | 3 | 40 000 км | 13 | ||
Астана қаласы | 2 | 40 000 км | 13 | ||
Алматы қаласы | 2 | 40 000 км | 13 | ||
Шымкент қаласы | 1 | 40 000 км | 13 | ||
Норма көрсеткішінің саны бойынша жиыны | - | - | 47 | - | - |
Ескертпе: * арнайы көлік құралы - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға арналған жеңіл автомобиль базасындағы көлік құралы (қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың қызметкерлер мен халыққа зиянды әсерінің алдын алу). |