"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 16) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21198 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшадағы ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе:
Тиісті қалалық мәслихат депутаттарының саны мынадай шектерде айқындалды: халық саны елу мың адамға дейін болған кезде он бір депутат.
Есептеулерде халық саны жиырма бес мың адамға ұлғайған кезде депутаттар саны бір бірлікке артады.
Әкімшілік-аумақтық бірлік халқының саны статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыратын және іске асыратын уәкілетті органның 2020 жылғы 1 маусымдағы деректеріне сәйкес есепке алынады.
Осы ескертпе әкімшілік-аумақтық бірлік қайта ұйымдастырылған (қосылған, біріктірілген, қайта құрылған, бөлініп шыққан немесе бөлінген) жағдайда қолданылмайды.";
көрсетілген қаулыға 3-қосымшадағы ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе:
Тиісті аудандық мәслихат депутаттарының саны мынадай шектерде айқындалды: халық саны он бес мың адамға дейін болған кезде он депутаттан.
Есептеулерде халық саны он бес мың адамға ұлғайған кезде депутаттар саны бір бірлікке артады.
Әкімшілік-аумақтық бірлік халқының саны статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыратын және іске асыратын уәкілетті органның 2020 жылғы 1 маусымдағы деректеріне сәйкес есепке алынады.
Осы ескертпе әкімшілік-аумақтық бірлік қайта ұйымдастырылған (қосылған, біріктірілген, қайта құрылған, бөлініп шыққан немесе бөлінген) жағдайда қолданылмайды".
2 Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының сайлау процесін ұйымдастыру бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау | |
комиссиясының Төрағасы | Б. Имашев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі