"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 161 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 сәуірде № 22556 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10297 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 47 (28525) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде олардың алдыңғы академиялық кезеңдерде оқыған оқу жұмыс жоспарларының пәндері/модульдері бойынша оқыту нәтижесіндегі академиялық айырмашылық айқындалады.";

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Оқу жұмыс оқу жоспарының пәндері/модульдері бойынша оқыту нәтижелеріндегі академиялық айырмашылықты қабылдаушы білім беру ұйымы "Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) (бұдан әрі – анықтама) сәйкес нысан бойынша берілген транскриптте немесе анықтамада көрсетілген зерделенген пәндердің/модульдердің тізбесі мен көлемі негізінде айқындайды.";

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Оқу жұмыс жоспарларының пәндері/модульдері бойынша оқыту нәтижелеріндегі академиялық айырмашылықты жою үшін білім алушы осы пәндер/модульдер бойынша оқудан өтуге жазылады және академиялық кезең ішінде оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, ағымдағы бақылаудың барлық түрлерін тапсырады, қорытынды бақылауға рұқсат алады.

      Егер академиялық айырмашылық пәндері/модульдері ағымдағы академиялық кезеңнің оқу сабақтарының кестесіне енгізілмеген жағдайда, білім алушы осы пәндер/модульдер бойынша қабылдаушы білім беру ұйымының әкімшілігімен келісу бойынша жеке тәртіппен оқудан өтеді.";

      8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Ағымдағы академиялық кезең ішінде жойылмаған оқу жұмыс жоспарларының пәндері/модульдері бойынша оқыту нәтижелеріндегі академиялық айырмашылық одан әрі академиялық берешек ретінде есептеледі.";

      9-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Білім алушыларды бір оқу орнынан басқасына, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысынан мемлекеттік білім беру тапсырысына, бір мамандықтан басқасына, ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға немесе оқытудың бір нысанынан басқасына ауыстыру оқу жұмыс жоспарларының пәндері/модульдері бойынша оқыту нәтижелерінің академиялық айырмашылықтарын тапсырған кезде жүзеге асырылады.";

      12-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. Бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына ауысқан кезде оқу сабақтарына рұқсат беру және оқу жоспарындағы айырмашылықтарды тапсыру туралы шешімді білім алушыны қабылдайтын білім беру ұйымының басшысы 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды. Оң шешім қабылданған жағдайда білім алушыны қабылдайтын білім беру ұйымының басшысы оқу сабақтарына жіберу туралы бұйрық шығарады. Рұқсат беру туралы бұйрық шығарылғаннан кейін білім алушыны қабылдайтын білім беру ұйымы көрсетілетін қызметті алушының жеке іс құжаттарын алу үшін оның бұрын оқыған білім беру ұйымына сұрау жолдайды.";

      17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "17. Білім беру ұйымдарында бұрын білім алған тұлғалар бұрынғы немесе басқа білім беру ұйымына қайта қабылданады.

      Қайта қабылдаудың міндетті шарты білім алушының бір семестрді аяқтауы болып табылады, қайта қабылдау туралы мәселе қайта қабылданатын адамның немесе оның заңды өкілінің өтініші негізінде қаралады.

      Білім алушыларды бірінші курсқа қайта қабылдау бірінші семестр аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.";

      18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "18. Бұрын басқа білім беру ұйымдарында оқыған білім алушыларды оқуға қайта қабылдауға:

      курстар мен мамандықтар бойынша тиісті оқу топтары болған жағдайда оқу жұмыс жоспарларының пәндері/модульдері бойынша оқу нәтижелерінің академиялық айырмашылықтарын тапсырған кезде;

      курстар мен мамандықтар бойынша тиісті топ болмаған жағдайда оқу жұмыс жоспарларының пәндері/модульдері бойынша оқу нәтижелерінің академиялық академиялық айырмашылықтарын тапсырған кезде басқа мамандықтарға қайта қабылдануға жол беріледі.";

      19-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "19. Оқу жұмыс жоспарларының пәндері/модульдері бойынша оқыту нәтижелеріндегі айырмашылықты білім беру ұйымы басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары белгілейді. Оқу жұмыс жоспарларының пәндері/модульдері бойынша оқыту нәтижесіндегі айырмашылықты жою тәртібі мен мерзімдері білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.";

      22-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "22. Білім беру ұйымында оқу ақысын төлемегені үшін семестр ішінде оқудан шығарылған ақылы негізде оқитын білім алушыларды қайта қабылдау кезінде оқудан шығарылған күннен бастап бір ай ішінде төлемақы бойынша қарызын өтеген жағдайда басшы өтінішті қарайды және 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қанағаттандыру туралы шешім қабылдайды.";

      "Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Н. Ж. Оспанова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің м.а.
Ш. Каринова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, қорғаныс және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

  Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің м.а.
2021 жылғы 13 сәуірдегі
№ 161 бұйрығына
қосымша
  "Білім алушыларды білім беру
ұйымдарының түрлері бойынша
ауыстыру және қайта қабылдау"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша

"Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;
2) "электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Ауыстыру үшін:
бір білім беру ұйымында бір мамандықтан екіншісіне немесе бір оқу нысанынан екіншісіне – 3 (үш) жұмыс күні;
бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына – 10 (он) жұмыс күні;техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымнан орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымға – 3 (үш) жұмыс күні;ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға – 8 (сегіз) жұмыс күні;
бір оқу нысанынан басқа білім беру ұйымына – 10 (он) жұмыс күні ішінде;шетелдік білім беру ұйымынан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымына ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.Қайта қабылдау үшін:
бұрын білім алған білім алушы басқа білім беру ұйымына – 10 (он) жұмыс күні;
білім беру ұйымында оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған ақылы негізде білім алушылар оқудан шығарылған күннен бастап бір ай ішінде төлемақы бойынша қарызын өтеген жағдайда – 3 (үш) жұмыс күні.

4

Көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 3, 4-қосымшаларға сәйкес ауыстыру немесе қайта қабылдау туралы хабарлама не себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.Көрсетілетін қызметті берушінің сақтау шарты. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға өтініш білдірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оларды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орны бойынша сақтауды қамтамасыз етеді.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері жәнеҚазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін.
2) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www. edu. gov. kz интернет-ресурсында;
2) www. egov. kz порталында орналасқан.

8

Құжаттардың тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге:
ауыстыру үшін:
Бір білім беру ұйымында бір мамандықтан екіншісіне немесе бір оқу нысанынан екіншісіне:
1) білім алушының (заңды өкілінің) ауыстыру туралы еркін нысандағы өтініші.
Бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына:
1) білім алушының (заңды өкілінің) ауыстыру туралы еркін нысандағы өтініші;
2) білім алушының ауысып кететін білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) көшірмесі.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымнан орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымға:
1) білім алушының (заңды өкілінің) ауыстыру туралы еркін нысандағы өтініші;
2) басқа білім беру ұйымына келгені туралы талон.
Ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға:
1) білім алушының (заңды өкілінің) ауыстыру туралы еркін нысандағы өтініші;
Бір оқу нысанынан басқа білім беру ұйымына басқа нысанға:
1) білім алушының (заңды өкілінің) ауыстыру туралы еркін нысандағы өтініші;
2) білім алушының ауысып кететін білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) көшірмесі.
Шетелдік білім беру ұйымынан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымына ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде:
1) меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжат (академиялық анықтама немесе транскрипт);
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтетін алдыңғы білім деңгейін аяқтағаны туралы құжат;
3) шетелдік білім беру ұйымдарына түсу кезіндегі түсу сынақтарының нәтижелері.
Қайта қабылдау үшін:
Бұрын білім алған білім алушы басқа білім беру ұйымына:
1) қайта қабылданушының (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;
2) "Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың көшірмесі.
Білім беру ұйымында оқу ақысын төлемегені үшін семестр ішінде оқудан шығарылған ақылы негізде оқитын білім алушылар оқудан шығарылған күннен бастап бір ай ішінде төлемақы бойынша қарызын өтеген жағдайда:
1) қайта қабылданушының (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;
2) төлем бойынша қарызын өтегені туралы құжат.
Порталға:
Ауыстыру үшін:
Бір білім беру ұйымында бір мамандықтан екіншісіне немесе бір оқу нысанынан екіншісіне:
1) білім алушының (заңды өкілінің), көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы ауыстыру туралы өтініші.
Бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына:
1) білім алушының (заңды өкілінің), көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы ауыстыру туралы өтініші;
2) білім алушының ауысып кететін білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) электрондық көшірмесі.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымнан орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымға:
1) білім алушының (заңды өкілінің), көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы ауыстыру туралы өтініші;
2) басқа білім беру ұйымына келгені туралы талонның электрондық көшірмесі.
Ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға:
1) білім алушының (заңды өкілінің), көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы ауыстыру туралы өтініші;
Бір оқу нысанынан басқа білім беру ұйымына басқа нысанға:
1) білім алушының (заңды өкілінің), көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы ауыстыру туралы өтініші;
2) білім алушының ауысып кететін білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) электрондық көшірмесі.
Шетелдік білім беру ұйымынан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымына ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде:
1) меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжаттың (академиялық анықтама немесе транскрипт) электрондық көшірмесі;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтетін алдыңғы білім деңгейін аяқтағаны туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
3) шетелдік білім беру ұйымдарына түсу кезіндегі түсу сынақтары нәтижелерінің электрондық көшірмесі.
Қайта қабылдау үшін:
Бұрын білім алған білім алушы басқа білім беру ұйымына:
1) қайта қабылданушының (заңды өкілінің), көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) "Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың электрондық көшірмесі.
Білім беру ұйымында оқу ақысын төлемегені үшін семестр ішінде оқудан шығарылған ақылы негізде оқитын білім алушылар оқудан шығарылған күннен бастап бір ай ішінде төлемақы бойынша қарызын өтеген жағдайда:
1) қайта қабылданушының (заңды өкілінің), көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) төлем бойынша қарызын өтегені туралы құжаттың электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен портал арқылы алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдар, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда электрондық нысанда портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін порталдың есептік жазбасына тіркеген және қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады.Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығының "1414", 8 800 080 7777 телефондары арқылы алады.


О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 20 января 2015 года № 19 "Об утверждении правил оказания государственных услуг в сфере технического и профессионального, послесреднего образования"

Приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 13 апреля 2021 года № 161. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 апреля 2021 года № 22556

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 20 января 2015 года № 19 "Об утверждении правил оказания государственных услуг в сфере технического и профессионального, послесреднего образования" (зарегистрирован в Государственном реестре нормативных правовых актов под № 10297, опубликован в газете "Казахстанская правда" 12 марта 2015 года (№ 47 (27923) следующие изменения:

      в Правилах оказания государственной услуги "Перевод и восстановление обучающихся по типам организаций образования", утвержденных указанным приказом:

      пункт 5 изложить в новой редакции:

      "5. При переводе или восстановлении обучающихся определяется академическая разница в результатах обучения по дисциплинам/модулям рабочих учебных планов, изученных ими за предыдущие академические периоды.";

      пункт 6 изложить в новой редакции:

      "6. Академическая разница в результатах обучения по дисциплинам/модулям рабочих учебных планов, определяется принимающей организацией образования на основе перечня и объемов изученных дисциплин/модулей, отраженных в транскрипте или справке, выданной по форме согласно приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 июня 2009 года № 289 "Об утверждении формы справки, выдаваемой лицам, не завершившим образование" (зарегистрирован в Государственном реестре нормативных правовых актов под № 5717), (далее – справка).";

      пункт 7 изложить в новой редакции:

      "7. Для ликвидации академической разницы результатов обучения по дисциплинам/модулям рабочего учебного плана, обучающийся записывается на прохождение обучения по данным дисциплинам/модулям и посещает в течение академического периода все виды учебных занятий, сдает все виды текущего контроля, получает допуск к итоговому контролю.

      В случае, если дисциплины/модули академической разницы не включены в расписание учебных занятий текущего академического периода, обучающийся проходит обучение по этим дисциплинам/модулям в индивидуальном порядке по согласованию с администрацией принимающей организации образования.";

      пункт 8 изложить в новой редакции:

      "8. Академическая разница в результатах обучения по дисциплинам/модулям рабочих учебных планов, не ликвидированная в течение текущего академического периода, в дальнейшем считается как академическая задолженность.";

      абзац первый пункта 9 изложить в новой редакции:

      "9. Перевод обучающихся осуществляется из одного учебного заведения в другое, в том числе с государственного образовательного заказа на государственный образовательный заказ, с одной специальности на другую, с платной основы на обучение по государственному образовательному заказу или с одной формы обучения на другую при сдаче имеющихся академических разниц результатов обучения по дисциплинам/модулям рабочих учебных планов.";

      абзац первый пункта 12 изложить в новой редакции:

      "12. При переводе из одной организации образования в другую решение о допуске к учебным занятиям, и сдачи разницы в учебном плане, принимается руководителем организации образования, принимающего обучающегося в течение 5 (пять) рабочих дней. При положительном решении руководитель организации образования, принимающий обучающегося издает приказ о допуске к учебным занятиям. После издания приказа о допуске организация образования принимающий обучающегося направляет запрос в организацию образования, где он ранее обучался, для получения личного дела услугополучателя.";

      пункт 17 изложить в новой редакции:

      "17. Лица, обучавшиеся ранее в организациях образования, восстанавливаются в прежнюю или другую организацию образования.

      Обязательным условием восстановления является завершение обучающимся одного семестра, вопрос о восстановлении рассматривается на основании заявления восстанавливаемого лица или его законного представителя.

      Восстановление на первый курс обучающихся осуществляется по завершении первого семестра.";

      пункт 18 изложить в новой редакции:

      "18. Восстановление ранее обучавшихся в других организациях образования допускается:

      при наличии соответствующих учебных групп обучения по курсам и специальностям при сдаче имеющейся академической разницы результатов обучения по дисциплинам/модулям рабочих учебных планов;

      при отсутствии соответствующей группы по курсам и специальностям допускается восстановление на другие специальности при сдаче имеющейся академической разницы результатов обучения по дисциплинам/модулям рабочих учебных планов.";

      пункт 19 изложить в новой редакции:

      "19. Разница в результатах обучения по дисциплинам/модулям рабочих учебных планов устанавливается заместителем руководителя организации образования по учебной работе. Порядок и сроки ликвидации разницы в результатах обучения по дисциплинам/модулям рабочих учебных планов утверждается приказом руководителя организации образования.";

      абзац первый пункта 22 изложить в новой редакции:

      "22. При восстановлении обучающихся на платной основе, отчисленных в течение семестра за неоплату обучения в организации образования, в случае погашения задолженности по оплате в течение месяца со дня отчисления руководитель рассматривает заявление и в течение 3 (трех) рабочих дней принимает решение об удовлетворении заявления услугополучателя.";

      Приложение 1 к Правилам оказания государственной услуги "Перевод и восстановление обучающихся по типам организаций образования" изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту технического и профессионального образования Министерства образования и науки Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра образования и науки Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о Министра образования и науки
Республики Казахстан
Ш. Каринова

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство культуры и
спорта Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения 
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
И.о Министра образования
и науки
Республики Казахстан
от 13 апреля 2021 года № 161
  Приложение 1
к Правилам оказания
государственной услуги
"Перевод и восстановление
обучающихся по типам
организаций образования"

Стандарт государственной услуги "Перевод и восстановление обучающихся по типам организаций образования"

1

Наименование услугодателя

Организации технического и профессионального, послесреднего образования

2

Способы предоставления государственной услуги

1) организации технического и профессионального, послесреднего образования;
2) веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее – портал).

3

Срок оказания государственной услуги

При переводе:
с одной специальности на другую или с одной формы обучения на другую в одной организации образования - 3 (три) рабочих дня;из одной организации образования в другую - 10 (десять) рабочих дней;
из организации, реализующей образовательные программы технического и профессионального, послесреднего образования, в организации, реализующие образовательные программы среднего образования - 3 (три) рабочих дня;
с платной основы на обучение по государственному образовательному заказу - 8 (восемь) рабочих дня;
с одной формы обучения на другую в другую организацию образования - 10 (десять) рабочих дней;
при переводе или восстановлении из зарубежной организации образования в организации образования Республики Казахстан - 2 (два) рабочих дня;
Для восстановления:ранее обучавшегося в другую организацию образования – 10 (десять) рабочих дней;
обучающихся на платной основе, отчисленные в течение семестра за неоплату обучения в организации образования в случае погашения задолженности по оплате в течение месяца - 3 (три) рабочих дня.

4

Форма оказания

Электронная (частично автоматизированная) /бумажная

5

Результат оказания государственной услуги

Уведомление о переводе или восстановлении согласно приложению 3, 4 к настоящим Правилам, либо мотивированный отказ в оказании государственной услуги с указанием причин.
При обращении через Портал результат оказания государственной услуги направляется в "личный кабинет" услугополучателя в форме электронного документа, удостоверенного ЭЦП уполномоченного лица услугодателя.
Условие хранения услугодателем. При не обращении услугополучателя за результатом государственной услуги в указанный срок, услугодатель обеспечивает их хранение по месту приема до получения услугополучателем.

6

Размер оплаты, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Бесплатно

7

График работы

1) График работы услугодателя – с понедельника по пятницу включительно, с 9:00 до 18:00 часов, с перерывом на обед с 13:00 часов до 14:00 часов, кроме выходных и праздничных дней, согласно трудовому законодательству Республики Казахстан.
2) График работы портала: круглосуточно, за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем).
Адреса мест оказания государственной услуги размещены на:
1) интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан: www.edu.gov.kz;
2) интернет-ресурсе портала: www.egov.kz.

8

Перечень документов

К услугодателю:
для перевода:
С одной специальности на другую или с одной формы обучения на другую в одной организации образования:
1) заявление о переводе обучающегося (законного представителя) в произвольной форме.
Из одной организации образования в другую:
1) заявление о переводе обучающегося (законного представителя) в произвольной форме;
2) копия из зачетной книжки (или книжка успеваемости) обучающегося, заверенная подписью руководителя и печатью организации образования, откуда он переводится.
Из организации, реализующей образовательные программы технического и профессионального, послесреднего образования, в организации, реализующие образовательные программы среднего образования:
1) заявление о переводе обучающегося (законного представителя) в произвольной форме;
2) талон о прибытии в другую организацию образования.
С платной основы на обучение по государственному образовательному заказу:
1) заявление о переводе обучающегося (законного представителя) в произвольной форме.
С одной формы обучения на другую в другую организацию образования:
1) заявление о переводе обучающегося (законного представителя) в произвольной форме;
2) копия из зачетной книжки (или книжка успеваемости) обучающегося, заверенная подписью руководителя и печатью организации образования, откуда он переводится.
При переводе или восстановлении из зарубежной организации образования в организации образования Республики Казахстан:
1) документ об освоенных учебных программах (академическая справка или транскрипт);
2) документ о завершении предыдущего уровня образования, который проходит процедуру признания документов об образовании в Республике Казахстан в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
3) результаты вступительных испытаний при поступлении в зарубежные организации образования.
Для восстановления:
Ранее обучавшегося в другую организацию образования:
1) заявление восстанавливаемого лица (законного представителя) в произвольной форме.
2) копия справки, выдаваемая лицам, не завершившим образование по форме, утвержденной приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 июня 2009 года № 289 "Об утверждении форм справки, выдаваемой лицам, не завершившим образование" (зарегистрирован в Государственном реестре нормативных правовых актов под № 5717).
Обучающихся на платной основе, отчисленных в течение семестра за неоплату обучения в организации образования, в случае погашения задолженности по оплате в течение месяца со дня отчисления:
1) заявление восстанавливаемого лица (законного представителя) в произвольной форме;
2) документ о погашении задолженности по оплате.
На портал:
Для перевода:
С одной специальности на другую или с одной формы обучения на другую в одной организации образования:
1) заявление о переводе обучающегося (законного представителя), услугополучателя в форме электронного документа, подписанного ЭЦП;
Из одной организации образования в другую:
1) заявление о переводе обучающегося (законного представителя), услугополучателя в форме электронного документа, подписанного ЭЦП;
2) электронная копия из зачетной книжки (или книжка успеваемости) обучающегося, заверенная подписью руководителя и печатью организации образования, откуда он переводится.
Из организации, реализующей образовательные программы технического и профессионального, послесреднего образования, в организации, реализующие образовательные программы среднего образования:
1) заявление о переводе обучающегося (законного представителя), услугополучателя в форме электронного документа, подписанного ЭЦП;
2) электронная копия талона о прибытии в другую организацию образования.
С платной основы на обучение по государственному образовательному заказу:
1) заявление о переводе обучающегося (законного представителя), услугополучателя в форме электронного документа, подписанного ЭЦП.
С одной формы обучения на другую в другую организацию образования:
1) заявление о переводе обучающегося (законного представителя), услугополучателя в форме электронного документа, подписанного ЭЦП;
2) электронная копия из зачетной книжки (или книжка успеваемости) обучающегося, заверенная подписью руководителя и печатью организации образования, откуда он переводится.
При переводе или восстановлении из зарубежной организации образования в организации образования Республики Казахстан:
1) электронная копия документа об освоенных учебных программах (академическая справка или транскрипт);
2) электронная копия документа о завершении предыдущего уровня образования, который проходит процедуру признания документов об образовании в Республике Казахстан в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
3) электронная копия результата вступительных испытаний при поступлении в зарубежные организации образования.
Для восстановления:
Ранее обучавшегося в другую организацию образования:
1) заявление восстанавливаемого лица (законного представителя), услугополучателя в форме электронного документа, подписанного ЭЦП.
2) электронная копия справки, выдаваемая лицам, не завершившим образование по форме, утвержденной приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 июня 2009 года № 289 "Об утверждении форм справки, выдаваемой лицам, не завершившим образование" (зарегистрирован в Государственном реестре нормативных правовых актов под № 5717).
Обучающихся на платной основе, отчисленных в течение семестра за неоплату обучения в организации образования, в случае погашения задолженности по оплате в течение месяца со дня отчисления:
1) заявление восстанавливаемого лица (законного представителя), услугополучателя в форме электронного документа, подписанного ЭЦП;
2) электронная копия документа о погашении задолженности по оплате.
Сведения о документах, удостоверяющих личность, услугодатель получает из соответствующих государственных информационных систем государственных органов через портал.
Услугополучатель дает согласие услугодателю на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в информационных системах, при оказании государственных услуг, если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан.

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законодательством Республики Казахстан

1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;
2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным настоящими Правилами;
3) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение суда, на основании которого услугополучатель лишен специального права, связанного с получением государственной услуги.

10

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме

Услугополучатель получает государственную услугу в электронной форме через портал при условии наличия электронной цифровой подписи или посредством удостоверенного одноразовым паролем, в случае регистрации и подключения абонентского номера услугополучателя, предоставленного оператором сотовой связи к учетной записи портала.Услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством "личного кабинета" портала, справочных служб услугодателя, а также Единого контакт-центра "1414", 8-800-080-7777.