"Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 695 бұйрығына және "Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін ақы төлеуді есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 762 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 110 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 сәуірде № 22594 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 2 қарашадағы № 448 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 02.02.2021 № 448 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1. "Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 695 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12565 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесінде:

      мынадай мазмұндағы реттік сандары 18, және 19, жолдарымен толықтырылсын:

      "

18.

Кәбілді-өткізгіш өнімі

19.

8544

Оқшауланған сымдар (эмальданған немесе анодталған сымдарды қоса алғанда), кәбілдер (коаксиальды кәбілдерді қоса алғанда) және жалғау тетіктері бар немесе жоқ оқшауланған электр өткізгіштер, олардың электр өткізгіштермен немесе жалғағыш тетіктермелері бірге жиынтықта болғанына немесе болмағанына қарамастан, жеке қабыршағы бар талшықтардан құралған талшықты-оптикалық кәбілдер.

  ";

      2) "Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін ақы төлеуді есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 762 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12753 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 қаңтарда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін ақы төлеуді есептеу әдістемесінде:

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Кәбелді-өткізгіш өнімнің қалдықтарын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыруға үшін ақы төлеуді (СКӨӨ) есептеу мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      СКӨӨ- кәбелді-өткізгіш өнімнің қалдықтарын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін ақы төлеу;

      N – шот-фактурада (инвойста) көрсетілетін өнімнің (тауарлардың) құны."

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын;

      3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрдің м.а.
А. Примкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

О внесении дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года № 695 "Об утверждении перечня продукции (товаров), на которую (которые) распространяются расширенные обязательства производителей (импортеров)" и в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 762 "Об утверждении Методики расчета платы за организацию сбора, транспортировки, переработки, обезвреживания, использования и (или) утилизации отходов"

Приказ и.о. Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 20 апреля 2021 года № 110. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 апреля 2021 года № 22594. Утратил силу приказом и.о. Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 2 ноября 2021 года № 448.

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК от 02.11.2021 № 448 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в некоторые приказы Министерства энергетики Республики Казахстан следующие дополнения:

      1) в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года № 695 "Об утверждении перечня продукции (товаров), на которую (которые) распространяются расширенные обязательства производителей (импортеров)" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12565, опубликован 19 января 2016 года в Информационно-правовой системе "Әділет") следующие дополнения:

      в Перечне продукции (товаров), на которую (которые) распространяются расширенные обязательства производителей (импортеров), утвержденном указанным приказом:

      дополнить строками, порядковые номера 18 и 19, следующего содержания:

      "


18.

Кабельно-проводниковая продукция


19.

8544

Провода изолированные (включая эмалированные или анодированные), кабели (включая коаксиальные кабели) и другие изолированные электрические проводники с соединительными приспособлениями или без них; кабели волоконно-оптические, составленные из волокон с индивидуальными оболочками, независимо от того, находятся они или нет в сборе с электропроводниками или соединительными приспособлениями.

  ";

      2) в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 762 "Об утверждении Методики расчета платы за организацию сбора, транспортировки, переработки, обезвреживания, использования и (или) утилизации отходов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12753, опубликован 19 января 2016 года в Информационно-правовой системе "Әділет") следующее дополнение:

      в Методике расчета платы за организацию сбора, транспортировки, переработки, обезвреживания, использования и (или) утилизации отходов, утвержденной указанным приказом:

      дополнить пунктом 5-1 следующего содержания:

      "5-1. Расчет платы (Скпп) за организацию сбора, транспортировки, переработки, обезвреживания, использования и (или) утилизации отходов кабельно-проводниковой продукции, рассчитывается по следующей формуле:

     


      где:

      Скпп – плата за организацию сбора, транспортировки, переработки, обезвреживания, использования и (или) утилизации отходов кабельно-проводниковой продукции;

      N – стоимость продукции (товаров), указываемая в счет-фактуре (инвойсе)."

      2. Департаменту государственной политики управления отходами Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.О. Министра экологии,
геологии и природных ресурсов
Республики Казахстан
А. Примкулов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан