Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 111 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 сәуірде № 22628 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Білім және

      ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму,

      инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2021 жылғы 27 сәуірдегі
№ 111 бұйрығымен
бекітілген

Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 35-14) тармақшасына сәйкес әзірленді және балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:

      1) мемлекеттік шығармашылық тапсырыс – мемлекет қаржыландыратын, мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес айқындалатын және өнім берушілерде олардың меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан орналастырылатын, балалар мен жасөспірімдер үшін мәдениет саласында көрсетілетін қызметтер көлемі (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс);

      2) оператор – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру рәсімін басқаруды орындауға уәкілеттік берілген оның құрылымдық бөлімшесі;

      3) өнім беруші – білім беру ұйымдарынан басқа, меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, заңды тұлға немесе дара кәсіпкер.

      3. Рейтинг өнім берушілердің бір-біріне қатысты көрсететін қызметтердің сапасы мен танымалдылығын анықтау үшін балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерге қолданылады.

2 тарау. Балалар мен жас өспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау тәртібі

      4. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін қалыптастыру Заңның 7-бабының 35-11) тармақшасына сәйкес мәдениет саласындағы уәкілетті орган бекітетін балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларында көзделген цифрландыру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде мемлекеттік тапсырыс шеңберінде шығармашылық үйірмеге қатысатын баланың заңды өкілінің баға қою жолымен жүзеге асырылады.

      5. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмені бағалау келесі өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады:

      1) шығармашылық процесті ұйымдастыру, балаға міндеттерді түсіндірудің қолжетімділігі;

      2) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірменің материалдық-техникалық жарақтандырылуы.

      6. Бағалау 1-ден 5-ке дейінгі баллдарда көрсетіледі, мұндағы 1 – ең төменгі балл, 5 – ең жоғары балл.

      7. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингі келесі жолмен есептеледі:

      Р=Б/А, мұндағы:

      Р – шығармашылық үйірмелердің рейтингі;

      Б – бағалауға қатысқан заңды өкілдердің қойған баллдарының жалпы сомасы;

      А – баға қойған заңды өкілдердің жалпы саны.

Об утверждении Правил определения рейтинга творческих кружков для детей и юношества

Приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 апреля 2021 года № 111. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 апреля 2021 года № 22628.

      В соответствии с подпунктом 35-14) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года "О культуре" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила определения рейтинга творческих кружков для детей и юношества.

      2. Департаменту по делам культуры и искусства Министерства культуры и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) после введения в действие настоящего приказа размещение его на интернет-ресурсе Министерства культуры и спорта Республики Казахстан;

      3) в течение двух рабочих дней после исполнения мероприятий, предусмотренных настоящим пунктом, представление в Департамент юридической службы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и спорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 мая 2021 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
А. Раимкулова

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство образования и науки
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
от 27 апреля 2021 года № 111

Правила определения рейтинга творческих кружков для детей и юношества

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определения рейтинга творческих кружков для детей и юношества (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 35-14) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года "О культуре" (далее – Закон) и определяют порядок определения рейтинга творческих кружков для детей и юношества.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) государственный творческий заказ – финансируемый государством объем услуг в области культуры для детей и юношества, определяемый согласно методике подушевого нормативного финансирования государственного творческого заказа и размещаемый у поставщиков независимо от форм их собственности, ведомственной подчиненности, типов и видов (далее – государственный заказ);

      2) оператор – местный исполнительный орган области, города республиканского значения и столицы, или его структурное подразделение, уполномоченное выполнять администрирование процедуры размещения государственного творческого заказа в соответствии с настоящими Правилами;

      3) поставщик – юридическое лицо или индивидуальный предприниматель независимо от формы собственности, ведомственной подчиненности, типов и видов, кроме организаций образования.

      3. Рейтинг применяется к творческим кружкам для детей и юношества для определения качества и популярности оказываемых услуг поставщиками относительно друг друга.

Глава 2. Порядок определения рейтинга творческих кружков для детей и юношества

      4. Формирование рейтинга творческих кружков для детей и юношества осуществляется путем выставления законным представителем ребенка, посещающего творческий кружок в рамках государственного заказа, оценки в информационной системе уполномоченного органа в сфере цифровизации, предусмотренной Правилами размещения государственного творческого заказа в творческих кружках для детей и юношества и их функционирования, утверждаемыми уполномоченным органом в сфере культуры, в соответствии с подпунктом 35-11) статьи 7 Закона.

      5. Оценка творческого творческого кружка для детей и юношества осуществляется по следующим критериям:

      1) организация творческого процесса, доступность объяснения задач ребенку;

      2) материально-техническая оснащенность творческого кружка для детей и юношества.

      6. Оценка выражается в баллах от 1 до 5, где 1 – самый низкий балл, 5 – самый высокий балл.

      7. Рейтинг творческих кружков для детей и юношества рассчитывается следующим образом:

      Р=Б/А, где:

      Р – рейтинг творческих кружков;

      Б – общая сумма баллов, выставленных законными представителями участвовавшими в оценке;

      А – общее количество законных представителей выставивших оценку.