БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жергілікті атқарушы органдар борышының 2021 жылға арналған лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21388 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жергілікті атқарушы органдар борышының 2021 жылға арналған лимиттері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Иргалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 46 Бұйрыққа қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 73 бұйрығына қосымша |
Жергілікті атқарушы органдар борышының 2021 жылға арналған лимиттері
№ | Жергілікті атқарушы орган | Жергілікті атқарушы органдар борышының лимиті, мың теңге |
1 | 2 | 3 |
1 | Ақмола облысы | 93 856 088,3 |
2 | Ақтөбе облысы | 94 612 932,2 |
3 | Алматы облысы | 146 985 163,8 |
4 | Атырау облысы | 69 272 269,4 |
5 | Шығыс Қазақстан облысы | 138 891 637,5 |
6 | Жамбыл облысы | 129 777 782,3 |
7 | Батыс Қазақстан облысы | 93 991 866,0 |
8 | Қарағанды облысы | 136 761 106,5 |
9 | Қостанай облысы | 93 745 811,5 |
10 | Қызылорда облысы | 102 243 810,6 |
11 | Маңғыстау облысы | 65 244 823,4 |
12 | Павлодар облысы | 81 441 457,6 |
13 | Солтүстік Қазақстан облысы | 77 994 944,8 |
14 | Түркістан облысы | 174 396 875,1 |
15 | Алматы қаласы | 271 432 661,6 |
16 | Нұр-Сұлтан қаласы | 194 828 489,4 |
17 | Шымкент қаласы | 116 930 647,7 |