"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.09.2024 № 726 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі |
Е. Тургумбаев |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 245 Бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында (бұдан әрі – ІІМ білім беру ұйымдары) қашықтан оқыту бойынша (бұдан әрі – ҚО) оқу процесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) қашықтан оқыту-педагог пен білім алушылардың қашықтан, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып өзара іс-қимыл жасауы кезінде жүзеге асырылатын оқыту;
2) білім беру порталы – ҚО бойынша білім беру процесін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін әкімшілік-академиялық және оқу-әдістемелік ақпараты бар ақпараттық ресурстар мен Интернет сервистерінің желілік-ұйымдастыру өзара байланысқан жиынтығы;
3) жаппай ашық онлайн-курс (бұдан әрі – ЖАОК) – электронды оқыту технологиялары қолданылатын, жаппай интерактивті қатысуға және Интернет арқылы ашық қол жеткізуге болатын оқыту курсы;
4) мультимедиа – пайдаланушыға әртекті деректермен (графика, мәтін, дауыс, бейне) жұмыс істеуге мүмкіндік беретін аппараттық және бағдарламалық құралдар кешені;
5) оқу нәтижелері – білім алушының білім беру бағдарламаларын және қалыптасқан құндылықтар мен қатынастарды меңгергендігін көрсететін алған білімі, білігі, дағдылары көлемін дәлелді бағалау;
6) цифрлық білім беру ресурстары (бұдан әрі - ЦБР) - бұл интерактивті түрде оқытуды қамтамасыз ететін, зерделенетін пәндер және (немесе) модульдер бойынша дидактикалық материалдар: фотосуреттер, бейнефрагменттер, статистикалық және динамикалық үлгілер, виртуалды шынайылық пен интерактивті модельдеу нысандары, дыбыстық жазбалар мен өзге де цифрлық оқу материалдары;
7) цифрлық контент – цифрлық оқу материалдарын ақпараттық (мәтіндер, графикалар, мультимедиалар және өзге де маңызды толықтырулар) толықтыру;
4. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған жағдайларда ІІМ білім беру ұйымдары ҚО-ны енгізеді.
5. ҚО мыналарға қатысты болады:
1) денсаулық жағдайы бойынша уақытша шектеулері бар (2 айға дейін) және ІІМ білім беру ұйымдарына тұрақты түрде баруға мүмкіндігі жоқ адамдарға;
2) қысқартылған оқу мерзімімен білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға;
3) тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, ІІМ өкімі негізінде әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайларында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға;
4) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға;
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 26.09.2024 № 726 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. ҚО бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібі
6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген қашықтан оқуға ниет білдірген адамдар (5-тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда) ҚО рұқсат беру туралы ІІМ білім беру ұйымы бастығының атына еркін нысанда баянат ұсынады, соның негізінде ІІМ білім беру ұйымы бастығының бұйрығы шығарылады.
7. ІІМ білім беру ұйымы білім алушыны (Қағиданың 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда) жеке оқу жоспарымен, білім беру бағдарламасын игеру кестесімен қамтамасыз етеді.
Білім беру бағдарламасын меңгерудің жеке кестесі ІІМ білім беру ұйымының оқу жоспары негізінде әзірленеді.
ҚО пайдалана отырып, білім беру бағдарламаларын немесе олардың бөліктерін іске асыру кезінде ІІМ білім беру ұйымы өз бетінше:
1) білім алушылардың тұрған жеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын немесе олардың бөліктерін толық көлемде меңгеруін қамтамасыз ететін ақпараттық-білім беру ортасының білім беру интернет-порталының жұмыс істеуі үшін жағдай жасайды;
2) ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, қашықтан көрсетілетін жеке консультациялар нысанында оқу процесін оқу-әдістемелік сүйемелдеуді көрсету тәртібін айқындайды;
3) педагогтің білім алушымен тікелей өзара іс-қимылы арқылы өткізілетін сабақтар мен ҚО бойынша сабақтар көлемінің арақатынасын айқындайды;
4) білім алушылардың барлық оқу, анықтамалық және әдістемелік материалдар, тестілеу жүйесі орналасқан ақпараттық жүйеге, электрондық ресурстар мен көздерге қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
5) білім беру процесіне қатысушылардың іс-әрекеттеріне байланысты емес жағдайлар туындаған кезде басқарушылық шешімдер қабылдайды.
Консультациялар жеке және топтық сабақтар түрінде жүзеге асырылады.
8. ҚО бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін ІІМ білім беру ұйымдарындағы жауапты құрылымдық бөлініс:
1) білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және ұйымдастыру-әкімшілік ақпаратты қамтитын беттері бар білім беру порталы және/немесе ақпараттық жүйе;
2) Интернет желісіне қосылуды қамтамасыз ететін коммуникациялық байланыс арналары;
3) цифрлық білім беру ресурстары;
4) бұлтты есептеулер арқылы оқытуды немесе сервисті басқарудың желілік жүйелері;
5) білім алушылар мен тыңдаушылардың жеке басын сәйкестендіруге арналған аутентификация жүйелерінің болуын қамтамасыз етіледі.
9. ҚО бойынша оқу процесін жүзеге асыру үшін ІІМ білім беру ұйымдарындағы жауапты құрылымдық бөлініс:
1) бекітілген кестеге сәйкес оқытушылар мен қызметкерлерді оқытады. Оқытудың күні мен уақыты, өткізу орны көрсетілген кесте ІІМ білім беру ұйымы бастығының оқу жұмысына жетекшілік ететін орынбасарымен бекітіледі және 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей ІІМ білім беру ұйымының ақпараттық стендтарында және интернет-ресурстарында жарияланады.
2) білім беру ресурстарын әзірлеу және жаңарту үшін қызметкерлер мен профессорлық-оқытушылық құрамға жағдай (интернет байланыспен, компьютерлік және мультимедиялық жабдықпен қамтиды) жасайды;
3) білім алушыларға ақпараттық технологиялар немесе қағаз тасымалдағыштар арқылы оқу материалын жеткізеді;
4) "on-line" (онлайн) режимінде консультациялар ұйымдастырады және өткізеді;
5) "off-line" (офлайн) режимінде білім алушылармен кері байланысты ұйымдастырады;
6) "on-line" (онлайн), "off-line" (офлайн) режимінде білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылайды;
7) аутентификация жүйесі арқылы білім алушылардың жеке басын сәйкестендіреді;
8) білім алушылар мен тыңдаушылардың білім беру ұйымдарының және серіктестердің электрондық ресурстарына, кітапханаларына қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
10. ЦБР дайындау білім беру бағдарламаларына сәйкес оларды әзірлеушілер арқылы жүзеге асырылады. ЦБР-дің құрылымы мен мазмұнын білім беру ұйымдары дербес айқындайды.
11. ҚО сабақтарды онлайн режимінде, офлайн және білім алушылардың өзіндік жұмыстарын өткізумен іске асырылады.
12. Онлайн режиміндегі оқу сабақтары цифрлық технологияларды (вебинарлар, бейнеконференция, интернет желісі бойынша хабарламалар алмасу арқылы) қолдана отырып, нақты уақыт режиміндегі оқудың өзара іс-әрекеті процесін қарастырады.
Бұл ретте бұрын жазылған бейне лекцияларды пайдалану қарастырылады.
13. Офлайн режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушының қарым-қатынасы асинхронды өтетін (білім алушыға оқу материалын өзіне ыңғайлы кез келген уақытта игеру мүмкіндігін және педагогтармен байланыс құралдарын пайдалана отырып қарым-қатынас жасауды қамтамасыз етеді) оқудың өзара іс-әрекеті процесін көздейді.
14. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша, оның ішінде оқыту мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар үшін үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 22 ақпанда № 13148 болып тіркелген).
15. Білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттауды ҚО қолдана отырып өткізу үшін білім беру ұйымы білім алушыны анықтауға, білім алушының экраны мен мінез-құлқын қадағалауға, сондай-ақ емтихан тапсырудың барлық процесін бейнеге жазуға мүмкіндік беретін технологияларды қолданады.