"2020-2021 оқу жылының аяқталу және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 203 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 6 мамырда № 22703 болып тіркелді

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2020-2021 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Оқу жылын аяқтаудың мынадай мерзімдері бекітілсін:

      1) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында оқу сабақтарының аяқталуы – 2021 жылғы 25 мамыр;

      2) 9 (10) сынып білім алушыларының қорытынды бітіру емтихандары – 2021 жылғы 28 мамыр – 5 маусым аралығында;

      3) 11 (12) сынып білім алушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары – 2021 жылғы 1 – 10 маусым аралығында.

      2. Қорытынды аттестаттау өткізудің мынадай мерзімдері бекітілсін:

      9 (10) сынып білім алушылары үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып:

      1) қазақ/орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2021 жылғы 28 мамыр;

      2) математика (алгебрадан) жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2021 жылғы 2 маусым;

      3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2021 жылғы 5 маусым;

      11 (12) сынып білім алушылары үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып:

      1) қазақ/орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан – 2021 жылғы 1 маусым;

      2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2021 жылғы 4 маусым;

      3) Қазақстан тарихынан тестілеу – 2021 жылғы 7 маусым;

      4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу – 2021 жылғы 10 маусым.

      3. 9 (10), 11 (12) сыныптардың білім алушыларын қайта қорытынды аттестаттау санитарлық талаптарды сақтай отырып, 2021 жылғы 11 – 19 маусым аралығында өткізіледі.

      4. "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген), осы бұйрықтың талаптарына сәйкес облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, сондай-ақ республикалық орта білім беру ұйымдары 2020-2021 оқу жылын аяқтауды қамтамасыз етсін.

      5. Білім сапасын арттыру және пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білім олқылықтарының орнын толтыру мақсатында ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші бойынша барлық ниет білдірген білім алушылар үшін оқытуды 2021 жылғы 19 маусымға дейін жалғастыру қажет.

      6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларына орта білім беру ұйымдарының 11 (12) сыныптарының білім алушылары үшін, республикалық орта білім беру ұйымдарының 9 (10), 11 (12) сыныптарының білім алушылары үшін емтихан тапсырмаларын 2021 жылғы 21 мамырға дейін жеткізуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      8. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

"Об утверждении сроков завершения 2020-2021 учебного года и проведения итоговой аттестации обучающихся в организациях среднего образования"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 5 мая 2021 года № 203. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 мая 2021 года № 22703

      В соответствии с подпунктом 14) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании", а также в целях организованного завершения 2020-2021 учебного года в организациях среднего образования независимо от формы собственности и ведомственной подчиненности ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить следующие сроки завершения учебного года:

      1) учебные занятия в организациях среднего образования независимо от формы собственности и ведомственной подчиненности – 25 мая 2021 года;

      2) итоговые выпускные экзамены обучающихся 9 (10) классов – с 28 мая по 5 июня 2021 года;

      3) государственные выпускные экзамены обучающихся 11 (12) классов – с 1 по 10 июня 2021 года.

      2. Утвердить следующие сроки проведения итоговой аттестации:

      для обучающихся 9 (10) классов с соблюдением санитарных требований:

      1) письменный экзамен по казахскому/русскому/уйгурскому/ таджикскому/ узбекскому языку (язык обучения) в форме эссе, для школ с углубленным изучением предметов гуманитарного цикла – письменная работа (статья, рассказ, эссе) – 28 мая 2021 года;

      2) письменный экзамен (контрольная работа) по математике (алгебре) – 2 июня 2021 года;

      3) письменный экзамен (работа с текстом, выполнение заданий по тексту) по казахскому языку и литературе в классах с русским/ узбекским/ уйгурским/ таджикским языком обучения и письменный экзамен (работа с текстом, выполнение заданий по тексту) по русскому языку и литературе в классах с казахским языком обучения – 5 июня 2021 года;

      для обучающихся 11 (12) классов с соблюдением санитарных требований:

      1) письменный экзамен по казахскому/ русскому/ уйгурскому/ таджикскому/ узбекскому языку (язык обучения) в форме эссе – 1 июня 2021 года;

      2) письменный экзамен (контрольная работа) по алгебре и началам анализа – 4 июня 2021 года;

      3) тестирование по истории Казахстана – 7 июня 2021 года;

      4) тестирование по казахскому языку в школах с русским/ узбекским/ уйгурским / таджикским языком обучения и тестирования по русскому языку в школах с казахским языком обучения – 10 июня 2021 года.

      3. Повторная итоговая аттестация обучающихся 9 (10), 11 (12) классов с соблюдением санитарных требований проводится с 11 по 19 июня 2021 года.

      4. Управлениям образования областей, городов Нур-Султан, Алматы и Шымкент, а также республиканским организациям среднего образования обеспечить завершение 2020-2021 учебного года в соответствии с требованиями настоящего приказа, приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 марта 2008 года № 125 "Об утверждении Типовых правил проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся для организаций среднего, технического и профессионального, послесреднего образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 5191).

      5. Для всех желающих обучающихся по заявлению родителей или законных представителей с целью повышения качества обучения и восполнения пробелов в знаниях, допущенных в период пандемии, ограничительных мер, продолжить обучение до 19 июня 2021 года.

      6. Комитету дошкольного и среднего образования Министерства образования и науки Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) передачу экзаменационных заданий для обучающихся 11 (12) классов организаций общего среднего образования управлениям образования областей, городов Нур-Султан, Алматы и Шымкент, для обучающихся 9 (10), 11 (12) классов республиканским организациям среднего образования до 21 мая 2021 года;

      2) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан после его официального опубликования;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представить в Юридический департамент Министерства образования и науки Республики Казахстан сведения об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2), 3) настоящего пункта.

      7. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра образования и науки Республики Казахстан.

      8. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и науки
Республики Казахстан
А. Аймагамбетов