БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11739 болып тіркелген, 2015 жылы 20 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 193-1-жолмен толықтырылсын:
"
193-1 | Пепиноның теңбіл вирусы | Pepino mosaic virus |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 202-1-жолмен толықтырылсын:
"
202-1 | Қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы | Tomato brown rugose fruit virus (ToBRFV) |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 203-1-жолмен толықтырылсын:
"
203-1 | Қызанақтың дақты солу вирусы | Tomato spotted wilt virus |
".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі