"Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 285 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 мамырда № 22743 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15725 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастапқы әскери дайындық қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бастапқы әскери және технологиялық дайындық бойынша сабақтар білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде өткізіледі.";

      11-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган:

      адамның тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі негіздерін оқыту бойынша басшылық жасауды жүзеге асырады;

      білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, "Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері" курсы бойынша бағдарлама бөлімін әзірлейді";".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 12 июля 2017 года № 347 "Об утверждении Правил начальной военной подготовки"

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 5 мая 2021 года № 285. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 мая 2021 года № 22743

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 12 июля 2017 года № 347 "Об утверждении Правил начальной военной подготовки" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15725, опубликован 29 сентября 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения:

      в Правилах начальной военной подготовки, утвержденных указанным приказом:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Занятия по начальной военной и технологической подготовке в организациях образования проводятся на основании Государственных общеобязательных стандартов образования всех уровней образования, утвержденных приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 октября 2018 года № 604 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17669).";

      подпункт 3) пункта 11 изложить в следующей редакции:

      "3) уполномоченный орган в сфере гражданской защиты:

      осуществляет руководство по обучению основам безопасности жизнедеятельности человека;

      совместно с уполномоченными органами в области образования и здравоохранения разрабатывает раздел программы по курсу "Основы безопасности жизнедеятельности";".

      2. Департаменту организационно-мобилизационной работы Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после его первого официального опубликования;

      3) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого заместителя Министра обороны – начальника Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ довести до должностных лиц в части, их касающейся.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны
Республики Казахстан
Н. Ермекбаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство образования и науки
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан