"Аңшылық шаруашылығын жүргiзу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 18-2/501 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 140 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 мамырда № 22754 болып тіркелді

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 58) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 18-2/501 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11551 болып тіркелген, 2012 жылғы 20 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінің № 160 (28286) санында жарияланған);):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Қазақстан Республикасы аумағында шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 25-03-01/63 бұйрығына сәйкес жүргізілген аңшылық алқаптарын шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру нәтижелері бойынша жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес аңшылық шаруашылықтарының санаттарын айқындайды.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Жануарлар дүниесін пайдаланушы бекітіп берген аңшылық алқаптардағы жануарлар дүниесі объектілерін қорғау:

      1) жануарлар дүниесі объектілерін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі қағидаларды, нормалар мен нормативтерді сақтау қағидаттарына негізделеді;

      2) жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды сақтау қағидаттарына негізделеді;

      3) жануарлардың бағалы, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қорғау;

      4) жануарлар дүниесін пайдаланудың белгіленген қағидаларын бұзуды болғызбау;

      5) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың мекендеу ортасын, көбею жағдайларын, қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын қорғауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету:

      қорықшылық қызметті құру;

      қорықшылық қызметті нысанды киіммен, қызметтік куәлікпен, қызметтік қарумен қамтамасыз ету;

      биотехникалық іс-шаралар жүргізу;

      мемлекеттік органдарға аңшылық жануарлар түрлерін қорғауды жүзеге асыруға көмек көрсету (жануарлар дүниесін қорғау бойынша бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізу);

      6) жануарлардың аңшылық түрлерін жасанды өсіру (Ескертпе: аңшылық пайдаланушының қаржылық жағдайына байланысты оның қалауы бойынша);

      7) жануарлар ауырған жағдайда, дүлей зілзала кезінде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупі төнген жағдайларда оларға көмек көрсету;

      жануарлар дүниесі объектілерін қорғау және орнықты пайдалану идеяларын насихаттау;

      8) азаматтарды жануарлар дүниесіне ізгілікті және ұқыпты қарау рухында тәрбиелеу мақсаттарында жүзеге асырылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Қорықшылық қызметтерді өз қаражат есебінен аңшылық шаруашылығы ұйымдары құрады.

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Бекітіліп берілген аңшылық шаруашылықтарында жануарлар дүниесін молайту жөніндегі жұмыстардың тізбесі шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастыруда және аңшылық шаруашылығын жүргізу жоспарында көзделеді.

      Аңшылық шаруашылығын жүргізу жоспарына түзету экономикалық құрамдас бөлік пен өңірлік жағдайлар өзгерген жағдайда қажеттілігіне қарай енгізіледі.";

      11-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

  Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2021 жылғы 13 мамырдағы
№ 140 бұйрығына қосымша
  Аңшылық шаруашылығын
жүргiзу қағидаларын бекiту
туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің м.а.
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 18-2/501 бұйрығына
қосымша

Аңшылық шаруашылықтарының санаттары

Аңшылық шаруашылықтарының санаттары

Аңшылық шаруашылы ғының алатын алаңының нормасы (гектaр)

Аң аулау объектiлерiне жатқызылған мекендейтiн жануарлар түрлерiнiң шектi мөлшерi

Аңшылық алқаптарды бекiтiп берудiң ұсынылатын мерзiмi (жыл)

1

2

3

4

1 санат

кемiнде 5000

тұяқты жануарлар түрлерi-кемiнде 3, ұсақ және қанатты құстың түрлері - кемiнде 5

49

2 санат

кемiнде 15000

тұяқты жануарлар түрлерi-кемiнде 3, - ұсақ және қанатты құстың түрлерi-кемiнде 3

40

3 санат

кемiнде 20000

тұяқты жануар лар түрлерi-кемiнде 2, ұсақ және қанатты құстың түрлерi - кемiнде 3

30

4 санат

кемiнде 20000

тұяқты жануарлар түрлерi-кемiнде 1, ұсақ және қанатты құстың түрлерi-кемінде 3

20

5 санат

кемiнде 10000

ұсақ және қанатты құстардың түрлері кемінде - 3

10


О внесении изменений в Приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан "Об утверждении Правил ведения охотничьего хозяйства" от 29 мая 2015 года № 18-2/501

Приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 13 мая 2021 года № 140. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 мая 2021 года № 22754

      В соответствии с подпунктом 58) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира" от 9 июля 2004 года № 593, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. В приказе исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 18-2/501 "Об утверждении Правил ведения охотничьего хозяйства" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11551, опубликован 20 августа 2012 года в газете "Казахстанская Правда" № 160 (28286):

      в Правилах ведения охотничьего хозяйства, утвержденных указанным приказом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. По результатам межхозяйственного охотоустройства охотничьих угодий, проведенного в соответствии с приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан "Об утверждении Правил по межхозяйственному охотоустройству на территории Республики Казахстан" от 17 февраля 2012 года № 25-03-01/63, ведомство уполномоченного органа в области охраны, воспроизводства и использования животного мира определяет категории охотничьих хозяйств, согласно приложения 1 к настоящим Правилам.";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Охрана объектов животного мира в закрепленных охотничьих угодьях пользователем животным миром осуществляется путем:

      1) соблюдения правил, норм и нормативов по охране, воспроизводству и использованию объектов животного мира;

      2) соблюдения ограничений и запретов на пользование животным миром;

      3) охраны ценных, редких и находящихся под угрозой исчезновения видов животных;

      4) предотвращения нарушений установленных правил пользования животным миром;

      5) обеспечения организации охраны объектов животного мира их среды обитания, условий размножения, путей миграции и мест концентрации:

      создание егерской службы;

      обеспечение егерской службы форменной одеждой, служебным удостоверением, служебным оружием;

      проведение биотехнических мероприятий;

      оказание помощи государственным органам в осуществлении охраны охотничьих видов животных;

      6) искусственного разведения охотничьих видов животных (Примечание: на усмотрение охотпользователя, в зависимости от его финансового положения);

      7) оказания помощи животным в случае заболеваний, угрозы гибели при стихийных бедствиях и вследствие других причин;

      8) пропаганды идей охраны и устойчивого использования объектов животного мира;

      пункт 12 изложить в следующей редакции: Егерские службы создаются охотохозяйственными организациями за счет собственных средств

      пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15. Перечень работ по воспроизводству животного мира в закрепленных охотничьих хозяйствах предусматривается во внутрихозяйственном охотоустройстве и в плане ведения охотничьего хозяйства.

      Корректировка плана ведения охотничьего хозяйства вносится по мере необходимости, в случае изменения экономической составляющей и региональных условий.".

      приложение к Приказу исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан "Об утверждении Правил ведения охотничьего хозяйства" от 29 мая 2015 года № 18-2/501 изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему Приказу.

      2. Комитету лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр экологии, геологии природных ресурсов
Республики Казахстан
М. Мирзагалиев

  Приложение к приказу
Министра экологии, геологии
и природных ресурсов
от 13 мая 2021 года № 140
  Приложение к приказу
исполняющего обязанности
Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 29 мая 2015 года № 18-2/501
"Об утверждении Правил
ведения охотничьего хозяйства"

Категории охотничьих хозяйств

Категории охотничьих хозяйств

Норма занимаемой площади охотничьего хозяйства (гектаров)

Предельное количество обитаемых видов животных, отнесенных к объектам охоты

Рекомендуемый срок закрепления охотничьих угодий (лет)

1

2

3

5

1 категория

не менее 5000

Виды копытных - не менее 3, виды мелкой и пернатой дичи не менее 5

49

2 категория

не менее 15000

виды копытных - не менее 3, виды мелкой и пернатой дичи не менее 3

40

3 категория

не менее 20000

виды копытных - не менее 2, виды мелкой и пернатой дичи не менее 3

30

4 категория

не менее 20000

виды копытных - не менее 1, виды мелкой и пернатой дичи не менее 3

20

5 категория

не менее 10000

виды мелкой и пернатой дичи не менее 3

10