Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күнін өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 53 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 мамырда № 22839 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 131-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күнін өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Иргалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 25 мамырдағы
№ 53 Бұйрықпен бекітілген

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күнін өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі менқаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күнін өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 131-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күнін (бұдан әрі – Бірыңғай есеп беру күні) өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау және қадағалау органдары – Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан байқауды және тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар;

      2) Бірыңғай есеп беру күні – астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылушылықтары профилактикасын жүзеге асыру нәтижелерін талқылау бойынша кездесу.

2-тарау. Бірыңғай есеп беру күнін өткізу тәртібі

      3. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы іс-қимылды жақсарту мақсатында бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелерін талқылау және олар бойынша сындарлы шешімдер әзірлеу, қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптары бұзушылықтарының жүйелі профилактикасын дамыту бойынша Бірыңғай есеп беру күні өткізіледі.

      4. Мыналар:

      1) кәсіпкерлік субъектілерінен – кәсіпкерлер, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері;

      2) мемлекеттік органдардан – бақылау және қадағалау органдарының өкілдері, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ тиісті аумақтық бірліктің прокуратура органдарының өкілдері Бірыңғай есеп беру күнінің қатысушылары болып табылады.

      5. Бірыңғай есеп беру күні астана, республикалық маңызы бар қала немесе облыс әкімінің кәсіпкерлік мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарының төрағалық етуімен өтеді.

      6. Өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті орган тиісті жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 тамызына дейінгі кезеңде кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізілген тексерулер бойынша статистикалық деректерді Бірыңғай есеп беру күні өткенге дейін күнтізбелік 10 (он) жұмыс күні бұрын астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.

      7. Бақылау және қадағалау органдары Бірыңғай есеп беру күнін өткізгенге дейін бір ай бұрын тиісті аумақтың жергілікті атқарушы органдарына қатысу үшін кандидатураларды жібереді.

      Бақылау және қадағалау органдарының аумақтық бөлімшелері болмаған кезде мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын ведомстволар өкілдерінің кандидатуралары ұсынылады.

      8. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың жергілікті атқарушы органдары тиісті жылдың 5 қыркүйегіне дейінгі мерзімде Бірыңғай есеп беру күнін өткізу күнін, уақытын және орнын көрсете отырып, бақылау және қадағалау органдары мен кәсіпкерлік субъектілеріне ақпарат жібереді.

      Бірыңғай есеп беру күнін өткізуді ұйымдастыру мәселелерін астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың жергілікті атқарушы органдары дербес түрде айқындайды.

      9. Бірыңғай есеп беру күнін жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлік субъектілерінің аудиториясы үшін жыл сайын қыркүйектің соңғы бейсенбісінде өткізіледі, олар ол туралы Бірыңғай есеп беру күнін өткізгенге дейін күнтізбелік 10 (он) күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өткізілетін уақыты мен орнын, қатысатын бақылау және қадағалау органдарының, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін міндетті түрде көрсете отырып, Бірыңғай есеп беру күнін өткізу туралы кәсіпкерлік субъектілерін және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына хабарлайды.

      10. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бірыңғай есеп беру күнін өткізгенге дейін күнтізбелік 7 (жеті) жұмыс күні ішінде өзінің ресми сайтында Бірыңғай есеп беру күнін өткізу туралы ақпаратты орналастырады.

      11. Бірыңғай есеп беру күнін өткізудің қорытындысы бойынша астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың жергілікті атқарушы органдары бақылау және қадағалау органдарының, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның, прокуратура органдары мен кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен келісілген хаттамалық шешім қабылдайды.

      Бірыңғай есеп беру күнін өткізудің қорытындысы бойынша астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың жергілікті атқарушы органдары кейін тиісті жылдың 10 (оныншы) қазанына дейін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға жібере отырып, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бірыңғай есеп беру күнін өткізудің қорытындысы туралы есепті толтырады.

      12. Бірыңғай есеп беру күнін өткізудің қорытындысы туралы есеп астана, республикалық маңызы бар қалалар және облыстар әкімдігінің интернет-ресурсында тұрақты жұмыс істейтін "Бизнес-қоғамдастық алдында бірыңғай есеп беру күні" қосымша парағында орналастырылады, онда Бірыңғай есеп беру күнін өткізудің қорытындысы туралы бүкіл ақпарат (ақпараттық-талдамалық материал, заңнаманы түсіндіру, кәсіпкерлерге жадынамалар, Бірыңғай есеп беру күнін өткізу барысында айтылған сұрақ-жауаптар) тиісті жылдың 10 (он) қазанына дейін орналастырылады.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі мен қаржы
нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу, бақылау мен
қадағалау жөніндегі уәкілетті
органды қоспағанда, бақылау
және қадағалау органдарының
Бірыңғай есеп беру күнін өткізу
қағидаларына
  қосымша
  Нысан

Бірыңғай есеп беру күнін өткізудің қорытындысы туралы есеп ____________________________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы)

Өткізгенге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын өңірде Бірыңғай есеп беру күнін өткізу туралы хабарландыру орналастырылған бұқаралық ақпарат құралдары (әкімдіктің ресми сайтына сілтеме)

Қатысқан бақылау және қадағалау органдары, қатысушылардың тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы

Кәсіпкерлік субъектілері туралы мәліметтер (қызмет түрлері бөлінісіндегі жалпы саны)

Кәсіпкерлік субъектілерінен келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстар (оның ішінде әкімдіктің интернет-ресурсында орналастырылғандар)

Кәсіпкерлік субъектілерінен келіп түскен мәселелерді шешу және ұсыныстарды қарау барысы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6


Об утверждении Правил проведения Единого дня отчета органов контроля и надзора, за исключением Национального Банка Республики Казахстан и уполномоченного органа по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 25 мая 2021 года № 53. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 мая 2021 года № 22839.

      Настоящий приказ вводится в действие с 1 июля 2021 года.

      В соответствии с пунктом 1 статьи 131-1 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения Единого дня отчета органов контроля и надзора, за исключением Национального Банка Республики Казахстан и уполномоченного органа по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций.

      2. Департаменту политики развития предпринимательства в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 июля 2021 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр национальной экономики
Республики Казахстан
А. Иргалиев

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет по правовой статистике и
специальным учетам
Генеральной прокуратуры
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Министра национальной экономики
Республики Казахстан
от 25 мая 2021 года № 53

Правила проведения Единого дня отчета органов контроля и надзора, за исключением Национального Банка Республики Казахстан и уполномоченного органа по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения Единого дня отчета органов контроля и надзора, за исключением Национального Банка Республики Казахстан и уполномоченного органа по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 1 статьи 131-1 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) и определяют порядок проведения Единого дня отчета органов контроля и надзора, за исключением Национального Банка Республики Казахстан и уполномоченного органа по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее – Единый день отчета).

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) органы контроля и надзора – государственные органы, их ведомства и территориальные подразделения, а также местные исполнительные органы, осуществляющие наблюдение и проверку на предмет соответствия деятельности проверяемых субъектов требованиям, установленным законодательством Республики Казахстан в соответствии с пунктом 2 статьи 132 Кодекса;

      2) Единый день отчета – встреча в столице, городах республиканского значения и областных центрах по обсуждению с субъектами предпринимательства результатов осуществления государственного контроля и надзора и профилактике нарушений законодательства Республики Казахстан.

Глава 2. Порядок проведения Единого дня отчета

      3. В целях улучшения взаимодействия субъектов предпринимательства и государства проводится Единый день отчета по обсуждению вопросов регулирования отношений бизнеса и государства и выработка конструктивных решений по ним, повышение правовой грамотности субъектов предпринимательства и организаций для осуществления безопасной деятельности, развитие системной профилактики нарушений обязательных требований законодательства по вопросам государственного контроля и надзора в рамках реализации реформы контрольно-надзорной деятельности государства.

      4. Участниками Единого дня отчета являются:

      1) от субъектов предпринимательства – предприниматели, представители региональных палат предпринимателей столицы, городов республиканского значения и областей;

      2) от государственных органов – представители органов контроля и надзора, уполномоченного органа в сфере государственной службы, уполномоченного органа по противодействию коррупции, а также представители органов прокуратуры соответствующей территориальной единицы.

      5. Единый день отчета проводится под председательством заместителя акима столицы, города республиканского значения или области, курирующего вопросы предпринимательства.

      6. Уполномоченный орган, осуществляющий в пределах своей компетенции статистическую деятельность в области правовой статистики и специальных учетов, направляет статистические данные по проверкам субъектов предпринимательства за период с 1 января по 1 августа соответствующего года в местные исполнительные органы столицы, городов республиканского значения и областей за 10 (десять) рабочих дней до проведения Единого дня отчета.

      7. Органы контроля и надзора за месяц до проведения Единого дня отчета направляют в местные исполнительные органы соответствующей территории кандидатуры для принятия участия.

      При отсутствии территориальных подразделений органов контроля и надзора, предоставляются кандидатуры представителей ведомств, осуществляющих государственный контроль и надзор.

      8. Местные исполнительные органы столицы, городов республиканского значения и областей в срок до 5 сентября соответствующего года направляют информацию с указанием даты, времени и места проведения Единого дня отчета в органы контроля и надзора и субъектам предпринимательства.

      Вопросы организации проведения Единого дня отчета определяются местными исполнительными органами столицы, городов республиканского значения и областей самостоятельно.

      9. Единый день отчета проводится местными исполнительными органами для аудитории субъектов предпринимательства ежегодно в последний четверг сентября, которые за 10 (десять) календарных дней до проведения Единого дня отчета через средства массовой информации информируют субъектов предпринимательства и Национальную палату предпринимателей Республики Казахстан о проведении Единого дня отчета с обязательным указанием времени и места проведения, перечня участвующих органов контроля и надзора, а также субъектов предпринимательства.

      10. Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан также за 7 (семь) рабочих дней до проведения Единого дня отчета на своем официальном сайте размещает информацию о проведении Единого дня отчета.

      11. По итогам проведения Единого дня отчета местными исполнительными органами столицы, городов республиканского значения и областей принимается протокольное решение, согласованное с представителями органов контроля и надзора, уполномоченного органа в сфере государственной службы, уполномоченного органа по противодействию коррупции, органов прокуратуры и палаты предпринимателей соответствующей территориальной единицы.

      По итогам проведения Единого дня отчета местными исполнительными органами столицы, городов республиканского значения и областей заполняется отчет об итогах проведения Единого дня отчета по форме согласно приложению к настоящим Правилам с последующим направлением его в уполномоченный орган по предпринимательству до 10 (десятого) октября соответствующего года.

      12. Отчет об итогах проведения Единого дня отчета размещается на интернет–ресурсе акимата столицы, городов республиканского значения и областей в постоянно действующей вкладке "Единый день отчета перед бизнес-сообществом", в котором размещается вся информация об итогах проведения Единого дня отчета (информационно-аналитический материал, разъяснения законодательства, памятки предпринимателям, вопросы-ответы, озвученные в ходе проведения Единого дня отчета) до 10 (десятого) октября соответствующего года.

  Приложение к Правилам
проведения Единого дня отчета
органов контроля и надзора, за
исключением Национального
Банка Республики Казахстан и
уполномоченного органа по
регулированию, контролю и
надзору финансового рынка и
финансовых организаций
  Форма

Отчет об итогах проведения единого дня отчета ____________________________________________________
(наименование местного исполнительного органа)

Средства массовой информации, в которых за 10 (десять) рабочих дней до проведения размещено объявление о проведении Единого дня отчета в регионе (ссылка на официальный сайт акимата)

Органы контроля и надзора, принявшие участие, фамилия, имя и отчество (при наличии), должность участников

Сведения о субъектах предпринимательства (общее количество, в разрезе видов деятельности)

Вопросы и предложения, поступившие от субъектов предпринимательства (в том числе размещенные на интернет-ресурсе акимата)

Информация о ходе решения вопросов и рассмотрения предложений, поступивших от субъектов предпринимательства

1

2

3

4

5

6