БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, олардың орналасқан жері, арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттар, су пайдаланудың белгіленген лимиттері, су пайдаланудың рұқсаттары мен лимиттеріне енгізілген өзгерістер туралы, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелері, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелеріне шағым жасау бойынша сот шешімдері туралы, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, орманды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылданған кезде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16707 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтер нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы | |
Қаржы министрінің | |
2021 жылғы 31 мамырдағы | |
№ 508 Бұйрығына | |
қосымша | |
Қазақстан Республикасы | |
Қаржы министрінің | |
2018 жылғы 26 наурыздағы | |
№ 404 бұйрығына | |
2-қосымша | |
нысан |
Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер Есепті кезең 20___ жылғы___тоқсан
Индексі: ___________
Кезеңділігі: токсандық
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар
Қайда ұсынылады: аумақтық мемлекеттік кipicтep органдарына
Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей
№ | Төлемақы төлеушінің атауы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) заңды мекен-жайы (орналасқан жері) | Резидент (бейрезидент) | Бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі | Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша коды | Жануарлар дүниесін пайдалану жері | Рұқсат құжаттың нөмірі, күні немесе бұзушылық хаттамасының нөмірі, күні | Рұқсат құжатының қолданылу мерзімі | Бағалы жануарлардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемесі, теңгемен |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
ЖИЫНЫ: |
Кестенің жалғасы
Табиғи ортадан алынған жануарлар туралы мәліметтер | Зиян келтірген әрбір бастың, бір килограммы үшін өтеудің мөлшері (АЕК*) | Бюджетке төленуі тиіс төлемақы сомасы (10-баған х 12-баған) немесе бюджетке төленуі тиіс залал сомасы (12-баған х 13-баған) | |
Өлшем бірлігі. (дана, килограмм, тонна). | Жануарлар саны (салмағы) (дана, килограмм, тонна). | ||
11 | 12 | 13 | 14 |
кестенің жалғасы
Оның ішінде: | "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 583-бабы 2-тармағында көзделген тәртіппен ағымдағы жылғы кәсіпшілік балық аулау объектілерін алып қоюға арналған квоталар бойынша 350 еселік АЕК мөлшерінен асып кеткен жағдайда кәсіпшілік балық аулау объектілері бойынша бюджетке төленетін төлем сомасы (10-баған х 12-баған ) | |||||
қолма-қол ақшамен енгізілген | екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын мекемелер арқылы енгізілген | Төлемнің төлеу мерзімі ағымдағы жылғы 25 желтоқсанға дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 20% | Төлемнің төлеу мерзімі – квота берілген жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 40% | Төлемнің төлеу мерзімі квота берілген жылдан кейінгі жылдың 25 маусымына дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 40% | ||
сома | төлем құжатының № және күні | сома | төлем құжатының № және күні | |||
15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
______________________________________________________
(Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану (қолы, мөр орны)
саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның немесе
жергілікті атқарушы органдары басшысының немесе оны
алмастыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
____________________________________________________________ __________ (Мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды тұлғаның тегі, аты, (қолы)
әкесінің аты (ол болған кезде)
Жасалған күні 20__ жылғы "___"______________________
Ескертпе: *АЕК- айлық есептік көрсеткіш