"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20775 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
"Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жеке практикамен айналысатын нотариустан немесе мемлекеттік нотариустан тағылымдамадан сәтті өткен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен әділет департаменттері жанында құрылатын Нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларға аттестаттау жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) www.egov.kz, www.elіcense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тұрғылықты жері бойынша жолдайды.";
14-тармақтың орыс тіліндегі редакциясы өзгертіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |