"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлері туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 459қбпү бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15709 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Аумақтық қорғаныс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қорғаныс министрі | Н. Ермекбаев |