"Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларды және олар бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 337 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 маусымдағы № 197 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 маусымда № 23032 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 21 мамырдағы № 107 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 21.05.2024 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларды және олар бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 337 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15722 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру өтінімін ведомствоның аумақтық бөлімшелері құратын комиссия қарайды, оның құрамына:

      1) ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің (басшының орынбасарынан төмен емес), комиссия төрағасы;

      2) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерінің (басшыдан төмен емес);

      3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдардың;

      4) балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастығының өкілдері кіреді;

      5) cу ресурстарының аумақтық бөлімшелерінің (басшыдан төмен емес).";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғалардың өтінімі бойынша біліктілік талаптарына сай келген және шарттық міндеттемелерін орындаған жағдайда конкурс өткізілместен уәкілетті орган ведомствосының ұсынымы бойынша қайта бекітіп беріледі.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру өтінімін ведомство құратын комиссия қарайды, оның құрамына:

      1) ведомствоның (басшы орынбасарынан төмен емес), комиссия төрағасы;

      2) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының (табиғат пайдалану мәселелеріне жетекшілік ететін облыстың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесінің басшысынан төмен емес);

      3) ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің (басшы орынбасарынан төмен емес);

      4) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдардың;

      5) балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестігінің аккредиттелген республикалық қауымдастығының өкілдері кіреді.";

      29, 30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Комиссия хатшысы қайта бекiтуді ұйымдастыруға және өткізуге жауапты ведомствоның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдарының арасынан анықталады.

      30. Балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін өздеріне қайта бекітіп беруге ниет білдірген жеке немесе заңды тұлғалар бекіту мерзімінің аяқталу күніне дейін 60 күнтізбелік күннен кешіктірмей балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі аумағында орналасқан аумақтық бөлімшеге өтінім береді.

      31. Халықаралық және республикалық маңызы бар және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітуге өтінім аумағында бақыланатын қайта бекітіп берілетін балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі орналасқан ведомствоның аумақтық бөлімшесіне беріледі.";

      32-тармақ алынып тасталсын.

      37 және 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекіту туралы өтінімдерді комиссия олар ведомствоның аумақтық бөлімшесіне келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

      38. Сұрау салу бойынша ведомствоға аумақтық бөлімше қайта бекітілетін халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша екі жұмыс күні ішінде балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін пайдаланудың бүкіл кезеңі үшін шарттық міндеттемелердің орындалуы (орындалмауы) туралы ақпарат береді.";

      41 және 42-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Өтінім беруші біліктілік талаптарына сәйкес келген және шарттық міндеттемелерді орындаған жағдайда облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін өтінім берушіге қайта бекітіп беру туралы шешім (қаулы) шығарады.

      42. Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру бойынша шешім қабылдау үшін уәкілетті органның ведомствосы өтінім беруші біліктілік талаптарына сәйкес келген және шарттық міндеттемелерін орындаған жағдайда хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хаттамаға сәйкес жергілікті атқарушы органға ұсыным жолдайды.";

      44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Ведомство немесе аумақтық бөлімшелер хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінімді қарау нәтижелері туралы өтінім берушіні хабардар етеді.

      45. Облыстың не немесе ауданның жергілікті атқарушы органының балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекіту туралы шешімінің негізінде он жұмыс күні ведомствоның аумақтық бөлімшесі мен өтінім берушінің арасында балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт жасалады.".

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 15 августа 2017 года № 337 "Об утверждении Правил по перезакреплению охотничьих угодий и рыбохозяйственных водоемов и (или) участков и квалификационных требований, предъявляемых к лицам, за которыми они ранее были закреплены"

Приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 14 июня 2021 года № 197. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 июня 2021 года № 23032. Утратил силу приказом Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 21 мая 2024 года № 107.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра экологии и природных ресурсов РК от 21.05.2024 № 107 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 15 августа 2017 года № 337 "Об утверждении Правил по перезакреплению охотничьих угодий и рыбохозяйственных водоемов и (или) участков и квалификационных требований, предъявляемых к лицам, за которыми они ранее были закреплены" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15722), следующие изменения:

      пункт 24 изложить в следующей редакции:

      "24. Заявка на перезакрепление рыбохозяйственных водоемов и (или) участков местного значения рассматривается комиссией, создаваемой территориальными подразделениями ведомства, в состав которой входят представители:

      1) территориальных подразделений ведомства, председатель комиссии (не ниже руководителя);

      2) структурных подразделений местных исполнительных органов областей (не ниже руководителя);

      3) научных организаций в области охраны, воспроизводства и использования рыбных ресурсов и других водных животных;

      4) аккредитованных республиканских ассоциаций общественных объединений рыболовов и субъектов рыбного хозяйства;

      5) территориальных подразделений по водным ресурсам (не ниже руководителя).";

      пункт 25 изложить в следующей редакции:

      "25. Рыбохозяйственные водоемы и (или) участки международного и республиканского значения перезакрепляются по представлению ведомства уполномоченного органа без проведения конкурса по заявке лиц, за которыми они ранее были закреплены, при условии соответствия квалификационным требованиям и выполнения договорных обязательств.";

      пункт 26 изложить в следующей редакции:

      "26. Заявка на перезакрепление рыбохозяйственных водоемов и (или) участков международного и республиканского значения рассматривается комиссией, создаваемой ведомством, в состав которой входят представители:

      1) ведомства (не ниже заместителя руководителя), председатель комиссии;

      2) местных исполнительных органов областей (не ниже руководителя структурного подразделения местного исполнительного органа области курирующего вопросы природопользования);

      3) территориальных подразделений ведомства (не ниже заместителя руководителя);

      4) научных организаций в области охраны, воспроизводства и использования рыбных ресурсов и других водных животных;

      5) аккредитованной республиканской ассоциации общественных объединений рыболовов и субъектов рыбного хозяйства.";

      пункты 29, 30 и 31 изложить в следующей редакции:

      "29. Секретарь комиссии определяется из числа должностных лиц территориального подразделения ведомства, ответственного за организацию и проведение перезакрепления.

      30. Физические или юридические лица, изъявившие желание перезакрепить за собой рыбохозяйственный водоем и (или) участок, обращаются с заявкой в территориальное подразделение, на территории которого находится рыбохозяйственный водоем и (или) участок в срок не позднее 60 календарных дней до даты истечения срока закрепления.

      31. Заявка на перезакрепление рыбохозяйственных водоемов и (или) участков международного, республиканского значения и местного значения предоставляется в территориальное подразделение ведомства, на подконтрольной территории которого расположен перезакрепляемый рыбохозяйственный водоем и (или) участок.";

      пункт 32 исключить.

      пункты 37 и 38 изложить в следующей редакции:

      "37. Заявки на перезакрепление рыбохозяйственных водоемов и (или) участков рассматривает комиссия в течение десяти рабочих дней со дня их поступления в территориальное подразделение ведомства.

      38. По запросу ведомство территориальное подразделение в течение двух рабочих дней предоставляет информацию о выполнении (невыполнении) договорных обязательств за весь период пользования рыбохозяйственным водоемом и (или) участкам по перезакрепляемым рыбохозяйственным водоемам и (или) участкам международного и республиканского значения.";

      пункты 41 и 42 изложить в следующей редакции:

      "41. В случае соответствия заявителя квалификационным требованиям и выполнения договорных обязательств местным исполнительным органом области или района в течение пяти рабочих дней со дня подписания Протокола выносится решение (постановление) о перезакреплении за заявителем рыбохозяйственных водоемов и (или) участков местного значения.

      42. Для принятия решения по перезакреплению рыбохозяйственных водоемов и (или) участков международного и республиканского значения, ведомство уполномоченного органа в течение пяти рабочих дней со дня подписания Протокола направляет представление в местный исполнительный орган области, при условии соответствия заявителя квалификационным требованиям и выполнения договорных обязательств в соответствии с Протоколом.";

      пункты 44 и 45 изложить в следующей редакции:

      "44. Ведомство или территориальные подразделения в течение трех рабочих дней со дня подписания Протокола извещает заявителя о результатах рассмотрения заявки.

      45. На основании решения местного исполнительного органа области или района о перезакреплении рыбохозяйственных водоемов и (или) участков в течение десяти рабочих дней заключается договор на ведение рыбного хозяйства между территориальным подразделением ведомства и заявителем.".

      2. Комитету рыбного хозяйства Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр экологии, геологии
и природных ресурсов Республики Казахстан
М. Мирзагалиев