БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 152-бабының 3-тармағына, "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес, "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 776-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына толықтыру енгізу туралы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 16 тармағының 1) жүз тоқсан бірінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бұйрықпен бекітілген 1-қосымшаға сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;
2) осы бұйрықпен бекітілген 2-қосымшаға сәйкес әлеуметтік қамтамасыз ету және зейнетақы саласындағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;
3) осы бұйрықпен бекітілген 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу бойынша қызмет саласындағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;
4) осы бұйрықпен бекітілген 4-қосымшаға сәйкес міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымайтын мүлік кепілін тіркеу саласындағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;
5) осы бұйрықпен бекітілген 5-қосымшаға сәйкес ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;
6) осы бұйрықпен бекітілген 6-қосымшаға сәйкес бірыңғай жиынтық төлем шеңберінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;
7) осы бұйрықпен бекітілген 7-қосымшаға сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасында:
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5 | Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясына оның өтініші бойынша қайтару | 1 төлем тапсырмасы | 977,85 |
";
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7 | Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері туралы ақпарат беру | 1 ақпарат | 103,11 |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-жолмен толықтырылсын:
"
17 | Жеке сәйкестендіру нөмiрi және (немесе) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары жоқ және (немесе) деректемелерiнде қателер жiберiлген адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарын агентке қайтару | 1 төлем тапсырмасы | 141,86 |
";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 5-қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;";
"Салық салу объектілерінің құнын айқындау" деген 2-бөлім алып тасталсын;
осы бұйрықтың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес 6 және 7-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жүргізетін және (немесе) іске асыратын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары
Р/с № | (Жұмыстардың, көрсетілетін қызметтің) тауарлардың атауы | Өлшем бірлігі | ҚҚС қоспағанда, бағасы, теңгемен |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан әлеуметтік төлем алушылардың макеттерді қалыптастыру | 1 макет | 2117,91 |
2. | Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан әлеуметтік төлем сомаларын алушылардың шоттарына аудару | 1 төлем | 246,60 |
3 | Әлеуметтік аударымдарды және (немесе) олар бойынша өсімпұлды төлеушілерден Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару | 1 төлем тапсырмасы | 6,84 |
4 | Әлеуметтік аударымдардың артық (қате) төленген сомаларын және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды төлеушілерге қордың қаражаты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы шотына келіп түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей қайтаруды қамтамасыз ету | 1 төлем тапсырмасы | 1242,10 |
5 | Жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық қызмет көрсету | 1 ақпарат | 459,56 |
6 | Әлеуметтік төлемдер мөлшері туралы ақпаратты ұсыну | 1 ақпарат | 181,92 |
7 | Әлеуметтік төлемдер саны мен орташа сомасы туралы ақпаратты ұсыну | 1 ақпарат | 197,13 |
8 | Аударылған міндетті әлеуметтік төлемдер сомасы туралы төлеушілерді растау | 1 ақпарат | 219,89 |
9 | Жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін төленген әлеуметтік аударымдардың сомаларын төлеушіге қайтару | 1 төлем тапсырмасы | 180,44 |
Ескертпе: ҚҚС – қосылған құн салығы
Бірыңғай жиынтық төлем шеңберінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары
№ | Тауардың атауы (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) | Өлшем бірлігі | ҚҚС*есебінсіз баға, теңге |
1 | Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және төлеушінің тұрғылықты жері бойынша бюджетке бірыңғай жиынтық төлемнің сомасын бөлу және аудару | 1 төлем тапсырмасы | 53,7 |
2 | Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бірыңғай жиынтық төлемнің қате (артық) төленген сомаларын қайтаруды жүзеге асыру | 1 төлем тапсырмасы | 797,8 |
*Ескертпе: ҚҚС – қосылған құн салығы.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жүргізетін және (немесе) іске асыратын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары
Р/с № | (Жұмыстардың, көрсетілетін қызметтің) тауарлардың атауы | Өлшем бірлігі | ҚҚС қоспағанда, бағасы, теңгемен |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Төлеушілерден Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түсетін аударымдарды, жарналарды және (немесе) аударымдардың және (немесе) жарналардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды банктік үш күн ішінде өңдеу және аудару | 1 төлем тапсырмасы | 22,30 |
2. | Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен төлеушілерге қайтару | 1 төлем тапсырмасы | 175,47 |
3 | Аударымдардың және (немесе) жарналардың артық (қате) төленген сомаларын осы қаражаттар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан "Азаматтарған арналған үкімет" Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған күннен бастап банктік үш күн ішінде төлеушілерге аудару | 1 төлем тапсырмасы | 1220,41 |