"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің жекелеген құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.
2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2021 жылғы 14 маусымдағы № 71 Қаулыға қосымша |
Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің жекелеген құрылымдық элементінің тізбесі
1. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын автоматтандыруға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 102 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4232 болып тіркелген).
2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және сақтандыру брокерлерін реттеу және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 125 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4724 болып тіркелген).
3. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын автоматтандыруға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 102 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 141 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6555 болып тіркелген).
4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 127 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14277 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 5-тармағы.