Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған "Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді өндіруге, өткізуге және сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. "Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді өндіруге, өткізуге және сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № ҚР ДСМ-11 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18401 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 21 маусымдағы № ҚР ДСМ - 53 бұйрығымен бекітілген |
"Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді өндіруге, өткізуге және сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді өндіруге, өткізуге және сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленді және парфюмерлік-косметикалық өнімдерді өндіру объектілерінің жер учаскесін таңдауға, жобалауға, жаңасын салуға, қолданыстағы объектілерді реконструкциялауға, қайта жабдықтауға, қайта жобалауға және кеңейтуге, жөндеуге және пайдалануға енгізуге, сумен жабдықтау, суды бұру, жылумен жабдықтау, жарықтандыру, желдету және ауа баптау жүйелеріне, парфюмерлік-косметикалық өнімді өндіруге, сақтауға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) жарамдылық мерзімі – парфюмерлік-косметикалық өнім мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз болып саналатын кезең. Жарамдылық мерзімін өнімді дайындаушы техникалық құжаттарда белгілейді;
2) парфюмерлік-косметикалық өнім (бұдан әрі – ПКӨ) – жалғыз немесе басты мақсаты оларды тазарту, олардың сыртқы түрін өзгерту, жағымды иіс беру және (немесе) дененің иісін өзгерту және (немесе) оны қорғау және (немесе) жақсы жағдайда сақтау және (немесе) оларды күту болатын, адамның сыртқы жамылғысына (терісіне, түкті жамылғысына, тырнағына, ерніне және сыртқы жыныс ағзаларына) немесе тіске және ауыз қуысының шырышты қабығына тікелей жағуға арналған зат немесе заттардың қоспалары;
3) технологиялық процесс – өнімді дайындау кезінде шикізаттың, компоненттердің, материалдардың физикалық және (немесе) химиялық, және (немесе) құрылымдық-механикалық, және (немесе) микробиологиялық және (немесе) органолептикалық қасиеттері мен сипаттамаларын өзгерту;
4) технологиялық процестің ағымдылығы – шикізат пен дайын өнімнің, ластанған және таза мүкәммалдың қарама-қарсы немесе айқас ағынын болдырмайтын жүйелілік тәртібімен жабдықты орналастыру.
Осы Санитариялық қағидаларда осы тарауда айқындалмаған терминдер "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексімен (бұдан әрі – Кодекс), "Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентімен (бұдан әрі – КО ТР 009/2011) белгіленген мәндерде пайдаланылады.
2-тарау. Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді өндіру бойынша объектілердің жер учаскесін таңдауға, оларды жобалауға, жаңасын салуға және қолданыстағысын реконструкциялауға, қайта жабдықтауға, қайта жобалауға және кеңейтуге, парфюмерлік-косметикалық өнімдерді өндіру бойынша объектілерді жөндеуге және пайдалануға енгізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
3. ПКӨ өндіру бойынша объектілердің жер учаскесін таңдау, оларды жобалау, жаңасын салу және қолданыстағысын реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта жобалау және кеңейту, ПКӨ өндіру бойынша объектілерді жөндеу және пайдалануға енгізу Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43, 44, 44-1, 48-баптарына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптары), КО ТР 009/2011 сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің талаптары ескеріле отырып айқындалады.
ПКӨ өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабының 2-тармағына және 3-қосымшаның 30-тармағына сәйкес эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объектінің қызметінің (пайдаланылуының) басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарламамен қызметтің басталғаны және тоқтатылғаны туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне хабардар етеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. ПКӨ өндіру бойынша объектілерді салуға жер учаскесін таңдау, оларды жобалау, жаңа ПКӨ өндіру бойынша объектілер салу және қолданыстағы ПКӨ өндіру бойынша объектілерді реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта жобалау және кеңейту, жөндеу және пайдалануға енгізу кезінде мынадай жер учаскелерінде:
1) мал қорымдарына, уытты қалдықтарды көму орындарына, қоқыс төгетін орындарға, көң қоймаларына, ассенизация алаңдарына, зираттарға пайдаланылған, сондай-ақ топырағы органикалық және химиялық сипаттағы ластанған;
2) радиациялық қауіпсіздік нормативтерінен артатын;
3) күйдіргі бойынша стационарлық-қолайсыз пункттердің топырақ ошақтары болып табылатын;
4) сумен жабдықтау көздерін санитариялық қорғаудың бірінші аймағындағы;
5) көмір және басқа да шахталар мен ажырау жыныстары үйінділерінің қауіпті аймақтарындағы жер учаскелерінде ПКӨ өндіру бойынша объектілерді орналастыруға жол берілмейді.
5. ПКӨ өндіру бойынша объектілердің үй-жайларының көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдерін жобалау және реконструкциялау кезінде шикізаттың, қаптамалау материалдарының, өлшеп оралмаған және дайын өнімнің ластануын болдырмайтын технологиялық процестердің ағымдылығын сақтай отырып көзделеді.
6. ПКӨ өндіру бойынша объектілер жеке аумақта немесе дәрілік заттар өндірісінің құрамында орналастырылады. Өндірістің аумағында жарықтандыру, қоршау және көгалдандыру көзделеді.
Аумақ өндірістік және шаруашылық аймақтарға бөлінеді:
1) өндірістік аймақта: өндірістік үй-жайлар, шикі және дайын өнімдерге арналған қойма үй-жайлары, тұрмыстық үй-жайлар, медицина пункттері қамтылған өндірістік корпус орналастырылады;
2) шаруашылық аймақта: жөндеу шеберханалары, ыдыстарды және отынды сақтауға арналған қоймалар, қоқыс жинауға арналған контейнерлері бар алаң, орналастырылады.
7. Шаруашылық аймақ өндірістік аймаққа қатысты желдің ық жағында орналасады және жасыл көшеттермен бөлінеді. Көлік кіретін жерлер мен жаяу жүргіншілер жүретін жолдардың қатты жабыны болады.
8. Қалдықтар мен қоқыстарды жинау үшін су өтпейтін жабыны бар алаңда орнатылатын металл контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтар мен қоқыстарды шығару олардың толуына байланысты жүргізіледі.
9. Үй-жайды ішкі әрлеу үшін Еуразиялық экономикалық одақ өнімін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде тіркелген ылғалды жинауға және дезинфекциялау құралдарымен өңдеуге жеңіл материалдар пайдаланылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Өндірістік үй-жайлар санитариялық-тұрмыстық, қызметтік, әкімшілік үй-жайлардан оқшауланады.
11. Жұмыскерлер үшін киім ілетін орын және дәретхана жабдықталады.
12. Жұмыскерлерге арналған асхана немесе буфет тұрмыстық үй-жайлардың құрамында немесе бөлек тұратын ғимараттарда орналастырылады.
3-тарау. Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді өндіру бойынша объектілердің сумен жабдықтау, суды бұру, жылумен жабдықтау, желдеткіш және ауа баптау жүйелеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
13. ПКӨ өндіру бойынша объектілердің ғимараттары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес орталықтандырылған сумен жабдықтау, суды бұру, жылу, желдету және ауа баптау жүйелерімен қамтамасыз етіледі және жабдықталады.
14. Техникалық және ауыз сулардың бөлек су құбырлары көзделеді, ажырату түстерімен боялады және өзара қосылыстары болмайды.
15. Өндірістік үй-жайларда суды бұру жүйесі жоспарланады және өнімнің ластану тәуекелін болдырмау есебімен орындалады.
16. Өндіріс үшін, шикізатты және дайын өнімді сақтау үшін үй-жайларда тұрмыстық сарқынды сулар құбырларының төсеміне жол берілмейді.
17. Орталықтандырылған суды бұру желісі жоқ елді мекендерде объектілерді орналастыру кезінде жергілікті суды бұру жүйесінің құрылғысы көзделеді. Сарқынды суларды қабылдау жерасты су өткізбейтін сыйымдылықта жүзеге асырылады. Сарқынды суларды қабылдауға арналған ыдыс қақпақпен жабдықталады және шаруашылық аймағына орналастырылады және толуына қарай тазартылады.
18. Ашық су қоймалары мен іргелес аумаққа сарқынды суларды жіберуге, сондай-ақ сіңіріп алатын құдық құрылғысына жол берілмейді.
19. ПКӨ өндіру бойынша объектілердің ғимараттары орталық жылыту жүйелерімен жабдықталады. Орталықтанған жылумен жабдықтау көзі болмаған кезде дербес қазандық немесе басқа да жылумен жабдықтау көздері көзделеді.
20. ПКӨ өндіру бойынша объектіде "Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Норматвитік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-15 бұйрығының сәйкес бекітілген адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерінің талаптарына және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес табиғи және жасанды жарық көзделеді.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Өндірістік үй-жайларда жарықтандыру жүйелері барлық сынықтарды оқшаулауға және олардың өнімдерге түсуіне жол бермеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
22. ПКӨ өндіру бойынша объектінің ғимараттарында желдету және ауаны баптау жүйелері көзделеді. Ғимараттарды желдету және ауа баптау жүйелерін жобалау Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілген санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Өндірістік үй-жайлардың ішінде орналастырылған үй-жайдың ауасына зиянды немесе қатты иіс бөлетін бастапқы өнімдерді, жартылай өнімдерді жинау орындары сору желдеткіші бар арнайы жабынмен жабдықталады.
24. Өндірістік үй-жайларға орнатылған желдеткіш және ауа баптау жүйелері өндірістік үй-жайға өнімнің ластануын болдырмайтын ауаның келуін қамтамасыз етеді.
4-тарау. Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді өндіру бойынша объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
25. ПКӨ өндіру бойынша объектілердің қызметі осы Санитариялық қағидалар сақталған кезде Кодекстің 20, 36, 46-баптарына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
26. ПКӨ өндіру бойынша объектілерде жабдықты орналастыру және жұмыс істеуі шикі және дайын өнімнің араласуы мүмкіндігін болдырмай, қызмет көрсету, жуу, дезинфекциялау және жөндеу үшін жабдыққа еркін қолжетімділік мүмкіндігімен шикізаттың, қаптамалау материалының, өлшеп оралмаған және дайын өнімнің ластануын болдырмай, технологиялық процестің ағымын сақтай отырып қамтамасыз етіледі.
27. Өндіріс процесіндегі ПКӨ-ның қауіпсіздігі 009/2011 КО ТР 7.2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
28. Химиялық заттардың, температураның әсеріне төзімсіз және олармен жанасатын ортаға зиянды химиялық заттарды бөлуге қабілетті материалдардан жасалған жабдыққа жол берілмейді.
29. Сұйық зиянды және (немесе) қатты иісі шығатын заттарға арналған дозалау аппаратурасы олардың толуынан сақтайтын құрылғылармен жабдықталады.
30. Сусымалы заттарды тиеу және түсіру шаң бөлінуді болдырмайтын тәсілмен жүзеге асырылады.
31. Сұйық шикізатты тиеу жабық коммуникациялар арқылы жүзеге асырылады. Зиянды және (немесе) қатты иісі бар заттардың ерітінділерін ашық ағыспен беруге жол берілмейді.
32. Үй-жайларды жинауды сығылған ауамен жүргізуге, үй-жайларды және жұмыс беттерін жуу үшін органикалық ерітінділерді пайдалануға жол берілмейді. Жинау жұмыстары жуу құралдарының су ерітінділерін пайдалана отырып жүргізіледі.
33. Өндірістік үй-жайларға жануарлардың, оның ішінде кеміргіштер мен жәндіктердің енуіне жол берілмейді.
34. Өндірістік үй-жайлар ультракүлгін сәулелегіштермен жабдықталады.
35. Өндірістік үй-жайларда арнайы киім (халат, медициналық немесе мата маскасы, қолғап) кию қажет.
Арнайы киімді сақтау ашық тәсілмен жүзеге асырылады, ол үшін тұрмыстық үй-жайлардың киім ілетін орындары ілгіштермен немесе ашық шкафтармен, аяқ киімге арналған тұғырлармен жабдықталады. Киім ілетін орын арнайы және жеке киімді сақтауға арналған бөлек шкафтармен жабдықталады.
Арнайы және үй киімдерін бірге сақтауға жол берілмейді.
36. Қызметтік міндетті орындау кезінде пайдаланылмайтын және өнімді ластау көзі болып табылатын заттарды өндірістік үй-жайларға алып келуге, осы үй-жайларда темекі шегуге және тамақ ішуге жол берілмейді.
37. Асханаға кіреберісте киімдерге арналған киім ілгіш, сабынмен және электрлі сүлгімен жабдықталған ыстық және салқын су жүргізілген қол жуғыштар орнатылады.
38. Ыдыстар, құрылыс және шаруашылық материалдары қоймаларда сақталады. Ыдысты жинауға және оны асфальтталған алаңдарда шатырдың астында сақтауға жол беріледі.
39. Өндіруші (дайындаушы) шығарылатын ПКӨ-ның КО ТР 009/2011 талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
5-тарау. Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді сақтауға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
40. Өнімдер, шикізаттар, материалдар, реактивтер регламенттелген сақтау мерзімі ішінде олардың сақталуын қамтамасыз ететін және араласуы мен ластануын болдырмайтын жағдайларды сақтай отырып, негізгі өндірістен оқшауланған арнайы үй-жайларда сақталады.
41. Шикізаттың, материалдар мен реактивтердің жарамсыз партиялары таңбаланады және олардың өндірістік процеске кездейсоқ түсуін болдырмау үшін бөлек сақталады.
42. Қойма үй-жайларының шығарылатын өнім, қосалқы материалдар және шикізат номенклатурасына сәйкес келетін қуаты болады. Көлемдері, конструкциясы және орналасуы өнімді тиімді орналастыруға, жинау жұмысын және басқа да қажетті техникалық операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді. Дайын өнім стеллаждарда және (немесе) тұғырықтарда сақталады.
43. Қоймада уытты және тез тұтанатын заттарды сақтауға арналған бөлек үй-жай (аймақтар) көзделеді.
44. ПКӨ-ны өткізу КО ТР 009/2011 талаптарына сәйкес өткізілетін өнімнің сәйкестігін бағалау құжаттары мен өндірушінің мәлімдеген шарттары (сәйкестік туралы декларация немесе мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) болған кезде жүзеге асырылады.
45. ПКӨ-ны қоймаларда және өткізу орындарында сақтау және тасымалдау кезінде өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шарттар сақталады.
46. ПКӨ-ны сақтау және өткізу тамақ өнімдерінен, құрылыс және әрлеу материалдарынан, автобөлшектерден, жанар-жағармай материалдарынан бөлек жүзеге асырылады.
47. ПКӨ-ы белгіленген жарамдылық мерзімі ішінде дайын өнім қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін тұтынушылық ыдысы болған кезде өткізіледі.
48. Жарамдылық мерзімі аяқталған, тұтынушылық ыдысында ақауы бар және сақтау шарттары бұзылған ПКӨ өткізуге жол берілмейді.
49. 009/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келмейтін, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен ПКӨ-ы "Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қоюды және кері қайтарып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1155 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12668 болып тіркелген) Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қою мен кері қайтарып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес алып қоюға жатады.