"Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің кезеңділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 438-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 шілдеде № 23363 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің кезеңділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18094 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің кезеңділігін белгілеу қағидаларында және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификат нысанында:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшем құралы иесінің (пайдаланушының), өлшем құралдарын дайындаушының, мемлекеттік органдардың (бұдан әрі – өтініш берушілер) өтінімі негізінде жүргізіледі.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Өлшем құралдарын бастапқы, мерзімді және кезектен тыс салыстырып тексеру нәтижелерін ресімдеу өлшем құралдарының типін бекітуге арналған сынау және метрологиялық аттестаттау рәсімі кезінде ҚР МӨЖ тізілімінде тіркелген өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      Салыстырып тексерудің оң нәтижелері өлшем құралына және (немесе) пайдалану құжаттамасының тиісті бөліміне басылатын салыстырып тексеру таңбасының бедерімен, сондай-ақ осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатты берумен куәландырылады.

      Өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың қолданылу мерзімі өлшем құралдарын салыстырып тексеру кезеңділігін есепке алып көрсетіледі.

      Егер өлшем құралы салыстырып тексеру нәтижелері бойынша қолдануға жарамсыз деп танылса, онда қолданыстағы салыстырып тексеру таңбасының бедері өшіріледі және пайдалану құжаттамасында тиісті жазба жасалады, қолданыстығы өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың күші жойылады және осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолданысқа жарамсыздығы туралы хабарлама жазылады.";

      өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргізу, салыстырып тексерудің кезеңділігін белгілеу қағидаларына және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификат нысанына қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарының салыстырып тексерудің кезеңділігін белгілеу қағидаларына және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификат
  нысанына 2-қосымша";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген өлшем құралдарын тексеру туралы сертификаттың нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 30 маусымдағы
№ 438-НҚ
бұйрығына 1-қосымша
  Өлшем құралдарын салыстырып
тексеруді жүргізу, салыстырып
тексерудің кезеңділігін белгілеу
қағидаларына және өлшем
құралдарын салыстырып тексеру
туралы
сертификат нысанына
1-қосымша
  Нысан

Өлшем құралдарын салыстырып тексеруге өтінім

      Өтініш берушінің заңды мәртебесі*:

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Толық атауы

Есеп айырысу шоты

Банктік сәйкестендіру коды

Телефон нөмірі

Веб-сайт

Электрондық пошта мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

      Басшы туралы мәліметтер*:

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі

Аты

Әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Лауазымы

Ұялы телефон

Электрондық пошта мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

      Өтініш беруші туралы мәліметтер**:

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі

Аты

Әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Ұялы телефон

Электрондық пошта мекенжайы

1

2

3

4

5

6

      Өлшеу құралы туралы мәліметтер:

Өлшеу құралының атауы

Өлшеу құралының түрі

Өлшем құралдарын пайдаланушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі

Өлшем құралын пайдаланушының атауы/тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Өлшеу құралы пайдаланушысының мекен-жайы

Дайындалған ел

Дайындалған жылы

Саны

1

2

3

4

5

6

7

8

      Қосымша: пайдалану құжаттамасы

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректер мен өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш берушінің қолтаңбасы:_______

      Өтініш берушінің қолтаңбасы қол қойылған күні мен уақыты: ___.

      Ескертпе:

      * деректерді заңды тұлғалар ұсынады;

      ** деректерді жеке тұлғалар ұсынады.

  Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 30 маусымдағы
№ 438-НҚ
бұйрығына 2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 934
бұйрығына қосымша
  Нысан

      Аккредиттеу белгісі*

      ____________________________________________________________

      (заңды тұлғаның салыстырып тексеру зертханасы бөлімшесінің атауы)

      _______________________________________________________________________

      (аккредиттеу аттестататының нөмірі)

      №**______ сертификат

      Салыстырып тексеру туралы ______________________________________

      (өлшем құралының атауы)

      Типі ___________________________________________________________

      зауыттық нөмірі _________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (өлшем құралының өлшеу диапазоны)

      Дайындаушы _________________________

      Дайындау күні ________________________

      Пайдаланушы ____________________________________________________

      (жеке тұлғалар үшін тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      заңды тұлғалар үшін атауы және мекенжайы)

      Салыстырып тексеру _____________________________________________

      _________________________________________________________ сәйкес

      (салыстырып тексеру әдістемесінің белгіленуі мен атауы)

      ________________________________________________________________

      (шама бірлігі эталонының белгіленуі, зауыттық нөмірі, метрологиялық сипаттамалары)

      шама бірліктерінің эталондарын пайдалана отырып жүргізілді.

      Салыстырып тексеру нәтижелерінің негізінде өлшем құралы жарамды деп

      танылды және _____________________________________ сыныбы бойынша

      _____________________________________ ретінде қолданысқа жіберілді.

      Динамикалық бақылап тексеру коды (ДБК): __________________________

      Салыстырып тексеру күні 20__жылғы "___"_______

      20 __ жылғы "___"___________ дейін қолданылады.

      Бөлім (зертхана) басшысы _________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Салыстырып тексеруші _____________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Салыстырып тексеру таңбасының бедері ***

      Ескертпе:

      * Аккредиттеу белгісін аккредиттеу жөніндегі орган ұсынады;

      **Өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың нөмірі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 215 бұйрығымен бекітілген, Салыстырып тексеруші таңбаларды дайындау, сақтау және қолдану Ережелеріне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9582 нөмірмен тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) берілген салыстырып тексеру зартханаларының шифрін, 2.42-2002 "ҚР МӨЖ. Өлшем түрлері. Жіктеу" ұлттық стандартына және сәйкес өлшем түрлерінің нөмірін және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың реттік нөмірін қамтиды;

      *** Қағидаларға сәйкес екі еселік QR-коды.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 декабря 2018 года № 934 "Об утверждении Правил проведения поверки средств измерений, установления периодичности поверки средств измерений и формы сертификата о поверке средств измерений"

Приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 30 июня 2021 года № 438-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 июля 2021 года № 23363.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 декабря 2018 года № 934 "Об утверждении Правил проведения поверки средств измерений, установления периодичности поверки средств измерений и формы сертификата о поверке средств измерений" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18094) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах проведения поверки средств измерений, установления периодичности поверки средств измерений и формы сертификата о поверке средств измерений, утвержденных указанным приказом:

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. Поверка средств измерений проводится на основании заявки владельца (пользователя) средства измерений, изготовителя средств измерений, государственных органов (далее – заявители) оформленной по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.";

      пункт 20 изложить в следующей редакции:

      "20. Оформление результатов первичной, периодической и внеочередной поверок средств измерений осуществляется в соответствии с методиками поверки средств измерений, зарегистрированными в реестре ГСИ РК при процедуре испытаний на утверждение типа и метрологической аттестации средств измерений.

      Положительные результаты поверки средств измерений удостоверяются оттиском поверительного клейма, которое наносится на средство измерений и (или) в соответствующий раздел эксплуатационной документации или сертификат о поверке средств измерений, а также выдачей сертификата о поверке средств измерений по форме согласно приложению к настоящему приказу.

      Срок действия сертификата о поверке средств измерений указывается с учетом периодичности поверки средства измерений.

      Если средство измерений по результатам поверки признается непригодным к применению, то оттиск действующего поверительного клейма гасится и делается соответствующая запись в эксплуатационной документации, действующий сертификат о поверке средств измерений аннулируется и выписывается извещение о непригодности к применению по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      правый верхний угол приложения к Правилам проведения поверки средств измерений, установления периодичности поверки средств измерений и формы сертификата о поверке средств измерений изложить в следующей редакции:

  "Приложение 2
к Правилам проведения поверки
средств измерений,
установления периодичности
поверки средств измерений и
формы сертификата о поверке
средств измерений";

      дополнить приложением 1 согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      Форму сертификата о поверке средств измерений, утвержденную указанным приказом изложить в новой редакции согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Комитету технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра торговли и интеграции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр торговли и интеграции
Республики Казахстан
Б. Сұлтанов

  Приложение 1 к приказу
Министра торговли и
интеграции
Республики Казахстан
от 30 июня 2021 года № 438-НҚ
  Приложение 1 к Правилам
проведения поверки,
установления периодичности
поверки средств измерений и
формы сертификата о поверке
средств измерений
  Форма

Заявка на поверку средств измерений

      Юридический статус заявителя*:

Бизнес-идентификационный номер

Полное наименование

Расчетный счет

Банковский и дентификационный код

Номер телефона

Веб-сайт

Адрес электронной почты

1

2

3

4

5

6

7

      Сведения о руководителе*:

Индивидуальныйидентификационный номер

Фамилия

Имя

Отчество (при наличии)

Должность

Мобильныйтелефон

Адрес электронной почты

1

2

3

4

5

6

7

      Сведения о заявителе**:

Индивидуальный идентификационный номер

Фамилия

Имя

Отчество (при наличии)

Мобильный телефон

Адрес электронной почты

1

2

3

4

5

6

      Сведения о средстве измерения:

Наименование средства измерения

Тип средства измерения

Бизнес-идентифкационный номер/индивидуальный идентификационный номер пользователя средства измерения

Наименование/ Фамилия, имя, отчество (при наличии) пользователя средства измерения

Адрес пользователя средства измерения

Страна изготовления

Год изготовления

Количество

1

2

3

4

5

6

7

8

      Приложение: эксплуатационная документация
      Подтверждаю достоверность представленной информации и даю согласие на
использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, а также на сбор,
обработку, хранение, выгрузку и использование персональных данных и иной информации.
      Подпись заявителя: _______
      Дата и время подписания заявителя: _____.
      Примечание:
      * данные предоставляются юридическими лицами;
      ** данные предоставляются физическими лицами.

  Приложение 2 к приказу
Министра торговли и
интеграции
Республики Казахстан
от 30 июня 2021 года № 438-НҚ
  Приложение к приказу
Министра по инвестициям и
развитию Республики Казахстан
от 27 декабря 2018 года № 934
  Форма

                                    Знак аккредитации*
            _______________________________________________________________
                  (наименование подразделения поверочной лаборатории)
            ______________________________________________________________
                              (номер аттестата аккредитации)
                              Сертификат №**_________ о поверке
            _________________________________________________________
                              (наименование средства измерений)

      Тип ______________________________________________________________
      заводской номер __________________________________________________
      __________________________________________________________________
                        (диапазон измерений средства измерений)
      Изготовитель _________________________
      Дата изготовления __________________
      Пользователь_______________________________________________________
                        (фамилия, имя, отечество (при наличии)
            для физических лиц, наименование и адрес для юридических лиц)
      Поверка проведена в соответствии ____________________________________
      __________________________________________________________________
                  (обозначение и наименование методики поверки)
      с использованием эталонов единиц величин ____________________________
      __________________________________________________________________
      (обозначение эталона единицы величины, заводской номер, метрологические
      характеристики)
      На основании результатов поверки средство измерений признано годным и допущено
      к применению в качестве ____________________________________
      по классу __________________________________________________________
      Динамический код прослеживаемости (ДКП): ____________________________
      Дата поверки "___" ______________ 20 __год.
      Действителен до "___" ______________ 20 __ год.
      Руководитель отдела (лаборатории) ____________________________________
                              (подпись, фамилия, имя, отчество (при наличии))
      Поверитель______________________________________________________
                  (подпись, фамилия, имя, отчество (при наличии))
      Оттиск поверительного клейма***
      Примечание:
      *Знак аккредитации предоставляется органом по аккредитации;
      ** Номер сертификата о поверке средств измерений содержит шифр поверочной
лаборатории, присвоенный в соответствии с Правилами изготовления, хранения и
применения поверительных клейм, утвержденными приказом Заместителя Премьер-
Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики
Казахстан от 13 июня 2014 года № 215 (зарегистрирован в Реестре государственной
регистрации нормативных правовых актов под № 9582) (далее - Правила), номер вида
измерений в соответствии с национальным стандартом 2.42-2002 "ГСИ РК. Виды измерений.
Классификация" и порядковый номер сертификата о поверке средств измерений;
      *** Двумерный QR-код в соответствии с Правилами.