"Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 231 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 шілдеде № 23420 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12696 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары бекiтiлсiн.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 16-бабының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібін айқындайды.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Ұйымда азаматтық қызметшінің бос лауазымы бар болған жағдайда, тиісті ұйым құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін кемінде күнтізбелік 15 күн бұрын ұйымның және тиісті саланың (жергілікті атқарушы органның) интернет - ресурсында хабарландыру орналастырады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Ұйым:

      1) конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды;

      2) конкурс өткізілетін күн мен орынды белгілейді;

      3) конкурс өткізу туралы хабарландыруды интернет-ресурста және ұйымның қаражаты есебінен мерзімді баспа басылымдарында жариялауды қамтамасыз етеді;

      4) конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізеді;

      5) комиссияны қалыптастырады және өз ұйымының өкілдері қатарынан комиссия төрағасын тағайындайды;

      6) комиссия отырысын ұйымдастырады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) орналасқан жерін, поштаның мекенжайын, телефон және факс нөмірлерін, электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып, конкурс өткізетін ұйымның атауы;

      2) негізгі функционалдық міндеттерін, еңбек ақы көлемі мен шарттарын белгілей отырып, бос лауазымдардың атауы;

      3) біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар;

      4) конкурсты өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланымынан кейінгі келесі жұмыс күнінен есептелетін құжаттарды қабылдау мерзімі;

      5) қажетті құжаттардың тізімі;

      6) әңгімелесуді өткізу орны.

      Егер конкурс уақытша бос лауазымға өткізіліп жатса, бұл шарт конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Ұйым әңгімелесуден өткен кандидаттарды конкурс аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оның нәтижелері туралы жазбаша хабардар етеді. Хабарламамен бірге кандидаттарға ұйымның мөрімен (бар болса) куәландырылған комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі жіберіледі.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Комиссияның оң қорытындысына ие болған кандидатпен ұйымның басшысы еңбек шартын жасасады және азаматтық қызметке қабылдау туралы акт шығарады, онымен азаматтық қызметші таныстырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
С. Шапкенов

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 1017 "Об утверждении Правил поступления на гражданскую службу и проведения конкурса на занятие вакантной должности гражданского служащего"

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2021 года № 231. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 июля 2021 года № 23420

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 1017 "Об утверждении Правил поступления на гражданскую службу и проведения конкурса на занятие вакантной должности гражданского служащего" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12696) следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил поступления на гражданскую службу и проведения конкурса на занятие вакантной должности гражданского служащего, за исключением первого руководителя и педагога государственной организации образования";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Правила поступления на гражданскую службу и проведения конкурса на занятие вакантной должности гражданского служащего, за исключением первого руководителя и педагога государственной организации образования.";

      в Правилах поступления на гражданскую службу и проведения конкурса на занятие вакантной должности гражданского служащего, утвержденных указанным приказом:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Правила поступления на гражданскую службу и проведения конкурса на занятие вакантной должности гражданского служащего, за исключением первого руководителя и педагога государственной организации образования";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила поступления на гражданскую службу и проведения конкурса на занятие вакантной должности гражданского служащего, за исключением первого руководителя и педагога государственной организации образования (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 23) статьи 16 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года (далее – Кодекс) и определяют порядок поступления на гражданскую службу и проведения конкурса на занятие вакантной должности гражданского служащего, за исключением первого руководителя и педагога государственной организации образования.";

      в пункты 12, 18, 19, 31 и 34 внесены изменения на казахском языке, текст на русском языке не меняется.

      2. Департаменту труда и социального партнерства Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представить в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведения об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Сарбасова А.А.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр труда и социальной
защиты населения Республики Казахстан
С. Шапкенов