"Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім нысанын және оны қабылдау мен тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 74 және "Үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 75 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 30 маусымдағы № 340 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 шiлдеде № 23429 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім нысанын және оны қабылдау мен тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14800 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген арнайы Инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қабылдау және тіркеу қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14806 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартта:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нұр-Сұлтан қаласы_______________ (күні, айы, жылы)

      Осы арнайы инвестициялық келісімшарт,

      ______________________________________________________________

      (уәкілетті органның атауы)

      Атынан ________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      негізінде әрекет ететін басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның

      _______________________________________________________________

      (ережелер және (немесе) бұйрық)

      (бұдан әрі – Уәкілетті орган) және _____________________________________________

      _______________________________________________________________,

      (Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының атауы, бизнес сәйкестендіру

      нөмірі және мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу күні)

      көлік құралдарын және (немесе) олардың құрамдастарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның құрамдастарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан және арнайы инвестициялық жобаны іске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға не болмаса еркін қойма иесі немесе арнайы экономикалық аймақ қатысушысы болып табылатын _______________________________________________________________,

      бұдан әрі Тараптар деп аталатын, (жарғы немесе сенімхат) негізінде әрекет ететін (бірінші басшының немесе өзге де уәкілетті тұлғаның (бұдан әрі – Заңды тұлға) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) мыналарды:

      1) Уәкілетті органға арнайы инвестициялық келісімшартты жасасуға және бұзуға тікелей байланысты құқықтар берілгенін;

      2) тараптар арнайы инвестициялық келісімшарт іске асыру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы уағдаласты

      _______________________________________________________________,

      (арнайы инвестициялық жобаның атауы)

      іске асыру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы уағдаласқанын назарға ала отырып, және төмендегілер туралы осы арнайы инвестициялық келісімшартты жасасты.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы арнайы инвестициялық келісімшарттың мәні заңды тұлғаға инвестициялық преференциялар беру болып табылады:

      арнайы инвестициялық келісімшарт негізінде арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары әкелген пайдаланылған шикізат және (немесе) материалдар кеден баждарын салудан босату осындай шикізат пен материалдарды алынған өнімде сәйкестендіру және шартты түрде шығарылған тауарларды нысаналы пайдалану танылған жағдайда, еркін кеден аймағының немесе еркін қойманың кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде жүзеге асырылады;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақ немесе еркін қойма аумағында өндірілген дайын өнім құрамындағы тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасы құрамындағы шикізат және (немесе) материалдар импортын, сондай-ақ олардың құрауыштарын қосылған құн салығынан босату түрінде инвестициялық преференциялар беру болып табылады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Заңды күшіне енген сот шешімі бар ақпаратты немесе кәсіпкерлік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларды қоспағанда, Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың жазбаша келісімін алмастан, келісімнің мазмұнына қатысты ақпаратты немесе құпия деп есептелетін және осы Келісімнің ережелерін іске асыруға байланысты өзге де ақпаратты ашуға құқылы емес.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.";

      19, 20, 21-тармақтар алып тасталсын;

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Арнайы инвестициялық келісімшарт мынадай негіздер бойынша бұзылады:

      1) арнайы инвестициялық келісімшартта көрсетілген мерзімнің өтуі;

      2) еркін қоймалар иелерінің тізілімінен немесе арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының тізілімінен шығару;

      3) көлік құралдарын және (немесе) олардың құрамдастарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның құрамдастарын өнеркәсіптік құрастыру туралы заңды тұлғамен жасалған келісімді, мұндай заңды тұлға, оның ішінде еркін қойма иесі немесе көлік құралдарын және (немесе) олардың құрамдастарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның құрамдастарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы осындай келісімде көрсетілген міндеттемелерді орындамаған кезде бұзу;

      4) заңды тұлғаның арнайы инвестициялық келісімшартты бұзу туралы жазбаша өтініші негізінде;

      5) заңды тұлға Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 531, 534, 539, 544, 548, 549, 550, 551, 553-баптарында көзделген инвестициялық преференциялар алу үшін арнайы инвестициялық жоба шеңберінде орындауға қажетті Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда.";

      25 және 26-тармақтар алып тасталсын;

      28-тармақ алып тасталсын;

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Бұл арнайы инвестициялық келісімшарт _____ "___" ____________жылы ______ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде заңды күші бірдей екі данада, Тараптардың әрқайсысы үшін 1 (бір) данадан жасалған. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер болған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.".

      қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының
2021 жылғы 30 маусымдағы
№ 340 Бұйрыққа
1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 6 ақпандағы
№ 74 бұйрығына
1-қосымша
  нысан

"Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім

      арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе көлік құралдарын және (немесе)

      олардың құрамдастарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе)

      оның құрамдастарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан заңды тұлға

      болып табылатын

      _______________________________________________________________

      заңды тұлғаның атауы)

      ____________________________________________________________________

      Қосымша:

      1) _____________________________________________________________;

      2) _____________________________________________________________;

      3) _____________________________________________________________.

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы)

      ________________________________________________________________

      (қолы және мөрі (болған жағдайда))

  Бұйрыққа
2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 6 ақпандағы
№ 74 бұйрығына
2-қосымша
  нысан

Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қабылдау және тіркеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қабылдау және тіркеу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 292-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қабылдау және тіркеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) өтініш беруші-арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге өтінім берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;;

      2) арнайы инвестициялық жоба – арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойма иесі ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған (іске асыратын) және (немесе) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысынан сатып алынған не моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған инвестициялық жоба түсініледі.

2-тарау. Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберіндегі инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу тәртібі

      3. Өтініш беруші арнайы инвестициялық келісімшарттар жасасу жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді.

      4 Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      2) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы үшін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі не Еркін қоймалар иелерінің тізілімінен үзінді көшірме немесе еркін қойма иесі үшін еркін қоймалар тізіліміне енгізу туралы бұйрықтың көшірмесі;

      3) іске асырылған жобалар үшін – тіркелген активтердің енгізілгенін растайтын құжаттардың көшірмелері;;

      іске асырылатын жобалар үшін-заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған, инвестициялық жобаны іске асыру кезінде пайдаланылатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының сметалық құнын және тіркелген активтерді, шикізатты және (немесе) материалдарды сатып алуға арналған шығындарды негіздейтін құжаттардың көшірмелері.

      Көлік құралдарын және (немесе) олардың құрауыштарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның құрауыштарын өндірушілер үшін: нақты тармақтың 1 тармақшасында көрсетілген құжаттан басқа, қосымша, көлік құралдарын және (немесе) олардың компоненттерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның компоненттерін өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің көшірмесі;

      5. Өтінім уәкілетті органның кеңсесінде тіркеу нөмірі мен күні беріліп қабылданады және тіркеледі, содан кейін уәкілетті органның бірінші басшысына не оның орынбасарына беріледі.

      6. Өтінім тіркелген күні уәкілетті органның басшысы не оның орынбасары өтінімді қарауды тікелей жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне өтінімді береді.

  Бұйрыққа
3-қосымша
  Арнайы инвестициялық
үлгілік келісімшартқа
қосымша

Еркін қоймалардың немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында немесе көлік құралдарын немесе ауыл шаруашылығы техникасын немесе көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдауыштарды өнеркәсіптік құрастыру туралы Келісім шеңберінде өндірілетін өнімнің (дайын өнімнің) тізбесі

Тармақша №

Өнім (дайын өнім) атауы

СЭҚТН* коды ЕАЭО

1.



2.



      * ЕАЭО СЭҚ ТН - Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы.

Уәкілетті орган:

Заңды тұлға:

Қолы ____________ Мөр орны

Қолы ______________ Мөр орны (болған жағдайда)


О внесении изменений в приказы Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 6 февраля 2017 года № 74 "Об утверждении формы заявки на предоставление инвестиционных преференций в рамках реализации специального инвестиционного проекта и правил ее приема и регистрации" и от 7 февраля 2017 года № 75 "Об утверждении типового специального инвестиционного контракта"

Приказ и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 30 июня 2021 года № 340. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 июля 2021 года № 23429

О внесении изменений в приказы Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 6 февраля 2017 года № 74 "Об утверждении формы заявки на предоставление инвестиционных преференций в рамках реализации специального инвестиционного проекта и правил ее приема и регистрации" и от 7 февраля 2017 года № 75 "Об утверждении типового специального инвестиционного контракта"

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 6 февраля 2017 года № 74 "Об утверждении формы заявки на предоставление инвестиционных преференций в рамках реализации специального инвестиционного проекта и правил ее приема и регистрации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14800) следующие изменения:

      форму заявки на предоставление инвестиционных преференций в рамках реализации специального инвестиционного проекта, утвержденную указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      Правила приема и регистрации заявки на предоставление инвестиционных преференций в рамках реализации специального инвестиционного проекта, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 7 февраля 2017 года № 75 "Об утверждении типового специального инвестиционного контракта" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14806) следующие изменения:

      в Типовом специальном инвестиционном контракте, утверждҰнном указанным приказом:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "город Нур-Султан _________________
                        (число, месяц, год)
      Настоящий специальный инвестиционный контракт заключен между, ______________
                                    (наименование уполномоченного органа) в лице
_______________________________________________________________________________,
      (фамилия, имя, отчество (при наличии) руководителя или лица, его замещающего,
действующего на основании _______________________________________________________
                                    (положения и (или) приказа)

      (далее – Уполномоченный орган), и ___________________________________________
_______________________________________________________________________________,
            (наименование юридического лица Республики Казахстан, бизнес
      идентификационный номер и дата государственной регистрации/перерегистрации)
      являющееся участником специальной экономической зоны или владельцем свободного склада либо юридическим лицом, заключившим соглашение о промышленной сборке транспортных средств и (или) их компонентов, а также сельскохозяйственной техники и (или) ее компонентов и осуществляющего реализацию специального инвестиционного проекта в лице ___________________________________________________,
                  (фамилия, имя, отчество (при наличии) первого руководителя или иного уполномоченного лица) действующего на основании (устава или доверенности) (далее – Юридическое лицо), именуемые в дальнейшем Стороны, принимая во внимание, что:
      1) Уполномоченный орган наделен правами, непосредственно связанными с заключением и расторжением специального инвестиционного контракта;
      2) Стороны договорились о том, что специальный инвестиционный контракт будет регулировать их взаимные права и обязанности при реализации ________________________,
                              (наименование специального инвестиционного проекта)

      и заключили настоящий специальный инвестиционный контракт о нижеследующем.";
      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Предметом настоящего специального инвестиционного контракта является предоставление Юридическому лицу инвестиционных преференций в виде:

      освобождения от обложения таможенными пошлинами использованных сырья и (или) материалов, ввезенных юридическими лицами Республики Казахстан в рамках реализации специального инвестиционного проекта на основании специального инвестиционного контракта, осуществляется при завершении действия таможенной процедуры свободной таможенной зоны или свободного склада при условии идентификации таких сырья и материалов в полученном продукте и признания целевого использования условно выпущенных товаров;

      освобождения от налога на добавленную стоимость импорта товаров в составе готовой продукции, произведенной на территории специальной экономической зоны или свободного склада в соответствии с налоговым законодательством Республики Казахстан;

      освобождения от налога на добавленную стоимость импорта сырья и (или) материалов в составе транспортных средств и (или) сельскохозяйственной техники, а также их компонентов, помещенных под таможенную процедуру свободного склада в соответствии с налоговым законодательством Республики Казахстан.";

      пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15. Ни одна из сторон, без получения письменного согласия другой стороны, не вправе раскрывать информацию, касающуюся содержания соглашения, или иную информацию, считаемую конфиденциальной и связанную с реализацией положений настоящего соглашения, за исключением информации, по которой имеется вступившее в законную силу решение суда, или иных случаев, установленных законодательством Республики Казахстан в сфере предпринимательства.";

      пункт 17 изложить в следующей редакции:

      "17. Неурегулированные споры разрешаются в судебном порядке в соответствии с законодательством Республики Казахстан.";

      пункты 19, 20, 21 исключить;

      пункт 24 изложить в следующей редакции:

      "24. Специальный инвестиционный контракт расторгается по следующим основаниям:

      1) истечение срока, указанного в специальном инвестиционном контракте;

      2) отмена регистрации в качестве участника специальной экономической зоны или владельца свободного склада;

      3) расторжение заключенного с юридическим лицом соглашения о промышленной сборке транспортных средств и (или) их компонентов, а также сельскохозяйственной техники и (или) ее компонентов, при невыполнении таким юридическим лицом, в том числе владельцем свободного склада или участником специальной экономической зоны, обязательств, указанных в таком соглашении;

      4) на основании письменного обращения юридического лица о расторжении специального инвестиционного контракта;

      5) при нарушении юридическим лицом требований таможенного законодательства Республики Казахстан, выполнение которых необходимо для получения инвестиционных преференций в рамках специального инвестиционного проекта, предусмотренных статьями 531, 534, 539, 544, 548, 549, 550, 551, 553 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях.";

      пункты 25 и 26 исключить;

      пункт 28 исключить;

      пункт 30 изложить в следующей редакции:

      "30. Данный специальный инвестиционный контракт совершен в город _____ "___" ____________ ______ года в двух экземплярах, каждый на казахском и русском языках, имеющих одинаковую юридическую силу, по 1 (одному) экземпляру для каждой из сторон. В случае наличия разногласий в толковании положений настоящего соглашения, стороны обращаются к тексту на русском языке.";

      приложение изложить в новой редакции согласно приложению 3 к настоящему приказу.

      2. Комитету индустриального развития Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
К. Ускенбаев

      "СОГЛАСОВАН"
      Министерство национальной экономики
      Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
      Министерство финансов
      Республики Казахстан

  Приложение 1
к приказу исполняющего
обязанности Министра
индустрии и инфраструктурного
развития
Республики Казахстан
от 30 июня 2021 года № 340
  Приложение 1
к приказу Министра по
инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 6 февраля 2017 года № 74
  форма

"Заявка на предоставление инвестиционных преференций в рамках реализации специального инвестиционного проекта

      _________________________________________________________________
            наименование юридического лица), являющегося
_________________________________________________________________
      участником специальной экономической зоны или владельцем
      свободного склада, либо юридическим лицом, заключившим
      соглашение о промышленной сборке транспортных средств и (или) их
            компонентов, а также сельскохозяйственной
                  техники и (или) ее компонентов.

                                    Приложение: 1)
            _______________________________________________________________; 2)
            _______________________________________________________________; 3)
            _______________________________________________________________.
                        (фамилия, имя, отчество (при его наличии) и должность)
            _________________________________________________________________
                              (подпись и печать (при наличии))

  Приложение 2 к приказу
  Приложение 2
к приказу Министра по
инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 6 февраля 2017 года № 74
  форма

Правила приема и регистрации заявки на предоставление инвестиционных преференций в рамках реализации специального инвестиционного проекта

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила приема и регистрации заявки на предоставление инвестиционных преференций в рамках реализации специального инвестиционного проекта (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 1-1 статьи 292 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан и определяют порядок приема и регистрации заявки на предоставление инвестиционных преференций в рамках реализации специального инвестиционного проекта.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) заявитель– юридическое лицо Республики Казахстан, подавшее заявку на предоставление инвестиционных преференций в рамках реализации специального инвестиционного проекта;

      2) специальный инвестиционный проект – инвестиционный проект, реализованный (реализуемый) юридическим лицом Республики Казахстан, зарегистрированным в качестве участника специальной экономической зоны или владельца свободного склада в соответствии с таможенным законодательством Республики Казахстан, и (или) приобретенный у участника специальной экономической зоны либо реализованный юридическим лицом Республики Казахстан, заключившим соглашение о промышленной сборке моторных транспортных средств.

Глава 2. Порядок приема и регистрации заявки на предоставление инвестиционных преференций в рамках реализации специального инвестиционного проекта

      3. Заявителем в уполномоченный орган по заключению специальных инвестиционных контрактов (далее – Уполномоченный орган) в электронной форме или на бумажном носителе подается заявка на предоставление инвестиционных преференций в рамках реализации специального инвестиционного проекта (далее – заявка) по форме согласно приложению 1 к настоящему приказу.

      4. К заявке прилагаются следующие документы:

      1) справка о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица;

      2) копия свидетельства о регистрации в качестве участника специальной экономической зоны для участника специальной экономической зоны, либо выписка из реестра владельцев свободных складов или копия приказа о включении в реестр свободных складов для владельца свободного склада;

      3) для реализованных проектов – копии документов, подтверждающих ввод фиксированных активов;

      для реализуемых проектов – копии документов, обосновывающих сметную стоимость строительно-монтажных работ и затраты на приобретение фиксированных активов, сырья и (или) материалов, используемых при реализации инвестиционного проекта, заверенных подписью руководителя и печатью (при наличии) юридического лица.

      Для производителей транспортных средств и (или) их компонентов, а также сельскохозяйственной техники и (или) ее компонентов - помимо документов, указанных в части первой настоящего пункта, дополнительно представляется копия соглашения о промышленной сборке транспортных средств и (или) их компонентов, а также сельскохозяйственной техники и (или) ее компонентов.

      5. Заявка принимается и регистрируется в канцелярии уполномоченного органа в день подачи, с присвоением регистрационного номера и даты, после чего передается первому руководителю уполномоченного органа либо его заместителю.

      6. В день регистрации заявки руководитель уполномоченного органа либо его заместитель передают заявку в структурное подразделение уполномоченного органа, непосредственно осуществляющего рассмотрение заявки.

  Приложение 3 к приказу
  Приложение
к Типовому специальному
инвестиционному контракту

Перечень продукции (готовой продукции), производимой на территории свободных складов или специальных экономических зон, или в рамках соглашение о промышленной сборке транспортных средств или сельскохозяйственной техники, или компонентов к транспортным средствам и (или) сельскохозяйственной технике

№ подпункта

Наименование продукции (готовой продукции)

Код ТН ВЭД ЕАЭС*

1.



2.



      *ТН ВЭД ЕАЭС - единая Товарная номенклатура внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза.

Уполномоченный орган:

Юридическое лицо:

Подпись ____________ Место печати

Подпись ______________ Место печати (при наличии)